Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 234 · қабылданған 18.05.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112757/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 234 ·18.05.2017
01.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 234 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
234
Қабылданған күні
18.05.2017
Қолданысқа енгізілген күні
30.06.2017
Көрсетілген редакция
01.11.2023 112757_664831.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17GC003438
ЭКБ идентификаторы
112757
Редакция идентификаторы
112757_664831
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:04

0 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жамбыл ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

3. «Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлына жүктелсiн.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 18 мамырдағы
№ 234 қаулысына қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота
белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (%)
Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде белгіленген квота саны (адам)
1
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
114
3%
3
2
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Абдірахман Әйтиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
135
3%
4
3
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «№1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
150
3%
4
4
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Валерий Чкалов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
194
3%
5
5
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
119
3%
3
6
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Гродеково орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
168
3%
5
7
«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
154
3%
4

Қолданыстағы