Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции
- Атауы (қаз.)
- Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне субсидия нормативін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/03
- Қабылданған күні
- 30.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2019 112770_407546.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17K0004277
- ЭКБ идентификаторы
- 112770
- Редакция идентификаторы
- 112770_407546
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:58
0 Сатып алынатын ауыл
шаруашылығы өнімдерінің
бірлігіне субсидия
нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағының 12-6) тармақшасына және «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 446 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 2 қарашада № 14384 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне субсидия нормативі бекітілсін.
2
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 20/01 «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 мамырда № 3189 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 мамырда, «Индустриальная Караганда» 2015 жылғы 14 мамырдағы № 68-69 (21819-21820) және «Орталық Қазақстан» 2015 жылғы 14 мамырдағы № 78-79 (21964) газеттерінде жарияланған) күші жойылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің «Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне субсидия нормативін бекіту туралы» қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы «30» мамырдағы
№ 32/03 қаулысына қосымша
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне
субсидия нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Соңғы өнімді бастапқыға айналдыру субсидия нормативі
теңге/литр, теңге/килограмм
1
2
3
Сүт
Сары май
12,0