Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обороны и воинской службы

Заң · № 69-VI · қабылданған 13.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112779/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обороны и воинской службы Қолданыста Заң ·№ 69-VI ·13.06.2017
13.06.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обороны и воинской службы

Қолданыста Заң ·№ 69-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обороны и воинской службы
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
69-VI
Қабылданған күні
13.06.2017
Көрсетілген редакция
13.06.2017 112779_262841.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1700000069
ЭКБ идентификаторы
112779
Редакция идентификаторы
112779_262841
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:48

0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж.,

№ 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
57-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жұмыскер келісімшарт бойынша әскери қызметке, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген кезде жұмыскер
тиісті құжатты үш күн мерзімнен кешіктірмей көрсеткен күннен бастап тоқтатылуға жатады.».

2 2. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы

21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат;
2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж.,
№ 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат;
№ 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I,
60-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1 1) 1-бапта:

1-6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-7), 1-8), 1-9), 1-10) және 1-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-7) әскери жолаушылар – әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының тізбесімен айқындалған адамдар;
1-8) әскери жүктер – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тасымалданатын қару-жарақтың, әскери техниканың,
оқ-дәрінің және басқа да материалдық-техникалық мүліктің барлық түрі;
1-9) әскери тариф – әскери жүктерді республикаішілік тасымалдауға қолданылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілетін тариф;
1-10) әскери тасымалдар – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылар орындайтын, әскерлерді, әскери жүктерді және әскери жолаушыларды тасымалдау;
1-11) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) – жүкті межелі пунктке дейін жеткізу үшін аралас тасымалдар операторының жүкті өз иелігіне қабылдағанын куәландыратын құжат;»;

2 2) 5-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Уәкілетті мемлекеттік орган меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылардың әскери тасымалдарды орындау және ресімдеу қағидаларын, оның ішінде көлік түрлеріне әскери тарифтерді қолдану тәртібін әзірлейді және бекітеді.»;

3 3) 10-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Әскери жүктерді республикаішілік тасымалдауға әскери тарифтер қолданылады, ал әскери жүктерді Қазақстан Республикасының шегінен
тыс жерлерде тасымалдауға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тарифтер қолданылады.
Әскери жолаушыларды және багажбен және жүк-багажбен тасымалданатын әскери жүктерді көлік түрлерінде тасымалдау жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдауға қолданылатын тарифтер бойынша орындалады.».

3 3. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24,

157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат;
2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж.,
№ 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4,
32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14,
2-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14,
84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-ІІІ, 135-құжат;
№ 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126,
131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; 2017 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1 1) 8-баптың 1-тармағында:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi бағыттарын тiкелей iске асырады;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін ұйымдастыру және оларға жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;»;

2 2) 12-бапта:

16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті ұйымдастыруға және атқаруға;»;
мынадай мазмұндағы 20-2) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел-қызметтік жұмысын
психологиялық-әлеуметтік қамтамасыз етуді жүзеге асыруға;»;
«22-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және ілгерілету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;»;

3 3) 13-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен көрсетілген мемлекеттік органдармен – бірлескен нормативтік құқықтық актілерде, ал ұйымдармен келісімдерде белгіленген тәртіппен берілетін электрондық ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардан, әскери құралымдардан, бөлiмдер мен ұйымдардан өтеусiз және коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтай отырып алу;»;

4 4) 17-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері әскери қызметін «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30 (8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының
2) тармақшасын қоспағанда) және 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өткереді.».

4 4. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23,

921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж.,
№ 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15,
106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18,
84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат;
№ 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23,
143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат;
№ 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат;
№ 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1 1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және әскери қызметшілер қатысатын тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.»;

2 2) 13-баптың 8-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің отбасы мүшелері, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшелері;»;

3 3) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, осы Заңның 98-1 және 99-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тәртібімен берiледi.»;

4 4) 77-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

«3-2. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжай тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай
беру туралы шешімі негізінде беріледі.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібін уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды.»;

5 5) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«99-бап. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар,
сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік
мекемелерінің тұрғын үй қорынан әскери қызметшілерге
берілетін қызметтік тұрғынжайлардың құқықтық режимі
1. Тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызмешілерді, курсанттар мен кадеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін қоспағанда) мен олардың отбасы мүшелері – зайыбы (жұбайы);
ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында білім алатын жиырма үш жасқа толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедек болған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедек балалары және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-анасы – әскери қызмет өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.
Әскери қызметші (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа) мен оның отбасы мүшелеріне қызметтік тұрғынжай осы Заңда белгіленген мөлшерде беріледі.
Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшіге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді қоспағанда), ал осы Заңда көзделген жағдайларда оның отбасы мүшелеріне олардың баянаты (өтініші) бойынша Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) тұрғынжайға құқығын іске асыру осы Заңның 13-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 2015 жылғы
1 қаңтарға дейін тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) оны осы Заңда көзделген тәртіппен жекешелендіреді.
3. Әскери қызметшінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өзге де тұрғынжайы болмаған жағдайда, әскери қызметші тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбелер бойынша әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және өзге де жабық объектілердегі тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.
5. Әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің (қаза табуы (қайтыс болуы) әскери қызметші құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерден) масаңдануы не өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденген жағдайлардан басқа кезде) отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғын үй берілмейінше, тұрып жатқан тұрғынжайларынан шығарылмайды. Тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін оларға Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
6. Шетелге әскери қызмет өткеру үшін жіберілген әскери қызметшінің тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайы шетелде болатын барлық уақытына сақталады.»;

6 6) 101-баптың 4-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

7 7) 101-1-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған кезде қызметтен шығарылған күнге төленген айырма шегеріле отырып, өздерін тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күннен бастап қызметтің бүкіл кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.»;

8 8) 101-8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызмет өткеру кезінде қаза тапқан қызметкерінің отбасына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адамның қызмет өткеру кезеңінде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдері шегеріле отырып, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес, қызметкер қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде жаңа тұрғын үйді сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейтілген, ол қаза тапқан кездегі отбасы құрамына пайдалы алаң нормасы сәйкес келетін сатып алу құнына тең мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.».

5 5. «Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы

19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат;
№ 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):

1 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери мақсаттағы жұмыстар – заттай нәтижесі бар, қорғаныс объектілерін және әскери мүлікті салуға, күрделі жөндеуге және жаңғыртуға, жаңа қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық және геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін жасауға байланысты қызмет, сондай-ақ әскери мүлікке немесе мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және басқа да жұмыстар;
2) әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық беруші (бұдан әрі – жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету мүмкіндіктері бар заңды тұлға;
3) әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – заттай нәтижесі жоқ, пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін сынауға, пайдалануға, қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге, кәдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жоюға байланысты қызмет, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми және өзге де қызмет;
4) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім) – қару-жарақ, әскери және арнайы техника, оқ-дәрі, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) өндіруге және сынауға арналған жабдық, сондай-ақ оларға жинақтауыштар;
5) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) отандық өндіруші (бұдан әрі – отандық тауар өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) дайындау үшін қажетті өндірістік қуаттары бар заңды тұлға;
6) қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс беруші (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс беруші) – әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді әзірлеуге, зерттеуге, өндіруге, беруге арналған тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
7) қорғаныстық тапсырысты басты орындаушылар (бұдан әрі – басты орындаушылар) – қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар және уәкілетті ұйым;
8) қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар (бұдан
әрі – операторлар) – қорғаныстық тапсырысты орындау немесе қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар;
9) қорғаныстық тапсырысты орындаушы (бұдан әрі – орындаушы) – оператормен, уәкілетті ұйыммен және (немесе) мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ мемлекеттiк тапсырыс берушiлер әскери мақсаттағы тауарлар (өнім) ретiнде пайдалануы не кейiннен бейiнін өзгертіп пайдалануы мүмкін өнiм мен технологиялар;
11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) – қорғаныс мұқтажы, мемлекеттегі әскери қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесі (номенклатурасы) мен көлемін бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;
12) уәкілетті орган – қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) уәкілетті ұйым – әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде отандық тауар өндірушілер және жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын көрсетілген тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.»;

2 2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«3-бап. Қорғаныстық тапсырыстың құрамы
1. Қорғаныстық тапсырыстың құрамына:
1) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дәрі мен әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге және сынауға арналған жабдықты өндіру және беру;
2) мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, мемлекеттік тапсырыс берушілердің жарақтандыруындағы қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық құралдардың, оқ-дәрі мен әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге және сынауға арналған жабдықтың тәжірибелік үлгілерін әзірлеу, оларды жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
3) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дәрі мен әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіруге және сынауға арналған жабдықты жөндеу, жаңғырту және оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету;
4) пайдаланылмайтын әскери мүлікті қатерсіздендіру;
5) пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, сондай-ақ оларға жинақтауыштарды кәдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жою, қайта өңдеу, өткізу;
6) әскери, арнайы объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу, оларды салу және жөндеу, сондай-ақ оларды күтіп-ұстау және пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін әскери және арнаулы киім нысанын, айырым белгілері мен жеке қорғану құралдарын өндіру кіреді.
2. Қорғаныстық тапсырыс:
1) берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) және көлемін, сондай-ақ оларды беру, орындау, көрсету мерзімдерін;
2) қорғаныстық тапсырыстың, сондай-ақ өткізу бөлімдері, кезеңдері бойынша болжамды жалпы құнын (бағасын);
3) мемлекеттік тапсырыс берушілердің тізбесін;
4) басты орындаушылардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін орындаушылардың тізбесін қамтуға тиіс;»;

3 3) 4-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Басты орындаушыларды уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Операторлардың орындаушыларды таңдауы мемлекеттік тапсырыс берушілермен (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) келісу бойынша қорғаныстық тапсырысты орналастыру кезінде тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктері, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіру және әскери мақсаттағы жұмыстарды, әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеті негізге алына отырып жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының орындаушыларды таңдауы уәкілетті органмен келісу бойынша қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру кезінде отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және (немесе) уәкілетті ұйым арасынан өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктері, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) өндіру және әскери мақсаттағы жұмыстарды, әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру қабілеті негізге алына отырып жүргізіледі.
3. Операторлардың отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер арасынан орындаушыны айқындауы мүмкін болмаған жағдайда, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) беру (импорттау) және әскери мақсаттағы жұмыстарды, әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру мүмкіндіктері негізге алына отырып, уәкілетті ұйым басты орындаушы деп танылады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және (немесе) уәкілетті ұйым арасынан орындаушыны айқындауы мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы шетелдік заңды тұлғалар арасынан айқындалады.»;

4 4) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша берілетiн әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасы нормативтiк және техникалық құжаттаманың талаптарына және шарт талаптарына сәйкес келуге тиiс.»;

5 5) 6-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шекте мемлекеттік тапсырыс беруші берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау үшiн қорғаныстық тапсырысты орындайтын ұйымдарға өз өкiлдерiн жiберуге құқылы.
3. Қорғаныстық тапсырыста көзделген әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

6 6) 7-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) операторларды айқындайды;»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын басты орындаушыларға жеткізеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3-2) басқа да мемлекеттік тапсырыс берушілермен келісу бойынша отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін әзірлейді және бекітеді;»;
«4-1) қорғаныстық тапсырыс шеңберінде басты орындаушылардың қызметін үйлестіреді және бақылайды;»;

7 7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде
операторлардың, уәкілетті ұйымның және
орындаушылардың функциялары
1. Операторлар қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізілген ұйымдар арасынан орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады;
2) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
3) мемлекеттік тапсырыс берушімен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасасады;
4) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
5) отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер тізіліміне енгізілген орындаушылармен жасалған шарттар негізінде қорғаныстық тапсырысты уақтылы және тиісінше орындау жөнінде шаралар қолданады;
6) уәкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
7) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға және оған аванс беруге ғана пайдаланады;
8) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған әрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нәтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
2. Уәкілетті ұйым:
1) әскери қауіпсіздікті, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер жүзеге асыратын, қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде көрсетілген тауарларды өндіру үшін сатып алынатын көрсетілген тауарларды (өнімді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді импорттауды қоспағанда, жүзеге асырады;
2) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
3) пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды жүзеге асырады;
4) пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін, оның ішінде оларды кәдеге жарату және қайта өңдеу өнімдерін өткізуді (экспорттауды) жүзеге асырады;
5) пайдаланылмайтын әскери мүлікке және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкіне бағалаудың жүргізілуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік тапсырыс берушімен қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт жасасады;
7) уәкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
8) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға және оған аванс беруге ғана пайдаланады;
9) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған әрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нәтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
3. Орындаушылар:
1) мемлекеттік тапсырыс берушілердің және уәкілетті органның сұрау салулары бойынша өз қызметі туралы ақпарат береді;
2) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді) берудің, сондай-ақ орындалған әскери мақсаттағы жұмыстар мен көрсетілген әскери мақсаттағы қызметтердің оператормен жасалған шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
3) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны негіздейді;
4) қорғаныстық тапсырыс бойынша берілетін тауарларды (өнімді) өндіру үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік тапсырыс берушілер төлейтін бюджет қаражатын қорғаныстық тапсырысты орындауға және оған аванс беруге ғана пайдаланады;
6) қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған әрбір шарт бойынша қаржы қызметінің нәтижелерін бөлек есепке алуды жүргізеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.».

6

6. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3,
18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат;
2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат;
№ 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1 1) 1-бапта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы тасымалдар – уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекет мұқтажына арналған арнаулы жүктердi және жолаушылардың жекелеген санаттарын тасымалдау;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) ерекше маңызды тасымалдар – Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын теміржолмен тасымалдау кезінде теміржол жылжымалы құрамымен тасымалдауға, сондай-ақ олардың жүру маршруттарына (қатынастарына) уәкілетті орган беретін мәртебе;»;
64-2) және 65) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
65) Ұлттық теміржол компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын және Ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық тасымалдаушылар және теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де үлестес
заңды тұлғалар қызметінің бағыттарын, оның ішінде әскери тасымалдарды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам;»;

2 2) 8-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдер, шарттар (келісімшарттар) шеңберінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әскери тасымалдарды акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі заңды тұлға (экспедитор) орындайды.»;

3 3) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;

4 4) 15-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Ұлттық тасымалдаушылар Ұлттық инфрақұрылым операторымен және тасымалдау процесіне басқа да қатысушылармен өзара іс-қимыл жасай отырып, әскери тасымалдарды бірінші кезектегі тәртіппен қамтамасыз етуге және орындауға міндетті.»;

5 5) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше және соғыс жағдайы енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды (анықтауды, жолын кесуді) және оларды жоюды өз құзыретіне қарай жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті жер комендантының ұсынуы бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде тоқтатыла тұруы мүмкiн.»;

6 6) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әскери тасымалдарды ұйымдастыру туралы шарттарды қоспағанда, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемдері, мерзімдері, сапасы, көлік құралдарын беру және жүктерді тасымалдауға ұсыну талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың осы Заңда және тасымалдау қағидаларында көзделмеген өзге де талаптары айқындалады.»;

7 7) 56-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бекітіліп берілген кірме жолдарды, олардың құрылыстары мен құрылғыларын техникалық күтіп-ұстауды және жөндеуді Ұлттық инфрақұрылым операторы шарттық негізде жүзеге асырады.»;

8 8) 88-бапта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы, оның ішінде әскери тасымалдарды орындау кезінде, осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көрсетiлген негiздерден басқа, мынадай:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тасымалдаушыны вагондарды, контейнерлердi пайдаланбайтыны туралы – тиейтiн күнге дейін кемінде жеті тәулiк бұрын, ал әскери тасымалдар бойынша тиейтін күні хабардар еткен жағдайларда жауапкершіліктен босатылады.».

7 7. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24,

148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24,
134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2,
3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8,
64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат;
№ 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2,
3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы
5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1 1) 4-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 31-3) тармақшамен толықтырылсын:
«31-3) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құзыретіне:
1) теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
2) жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі туралы ережені әзірлеу және
бекіту;
4) Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу жатады.»;

2 2) мынадай мазмұндағы 8-5-баппен толықтырылсын:

«8-5-бап. Жүзуге тыйым салынған аудандар және жүзуге
уақытша қауіпті аудандар
1. Оқу-жаттығулар өткізуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны және күзету
іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі теңіз суларында және аумақтық теңізде жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зәкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да қызмет үшін шектелген жүзуге тыйым салынған аудандар және жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгіленуі мүмкін.
2. Жүзуге тыйым салынған аудандарда бүкіл кеме мен жүзу құралының жүзуіне тыйым салынады. Жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу және оларды жүзу үшін ашу туралы шешімді мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды.
Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жүзуге тыйым салынған аудандарды белгілеу және оларды жүзу үшін ашу туралы
шешімді – республикалық жедел штабтың басшысы, ал күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қабылдайды.
3. Жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгілі бір мерзімге белгіленеді. Жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қабылдайды. Көрсетілген шешім мүдделі мемлекеттік органдарды бұл туралы хабардар еткен кезден бастап күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.»;

3 3) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«44-бап. Навигациялық жағдай құралдары
қолданылатын аймақтағы құрылыс
Каспий теңізінің жағалауында және қазақстандық секторында теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақта гидрографиялық құрылыстар салу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.».

8 8. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9,

67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7,
32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7,
37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) аумақтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу;».

9

9. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат;
№ 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15,
97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат;
№ 7-ІІ, 53-құжат):

1 1) 1-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарт – белгілі бір және арнайы пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұратын нормативтік-техникалық құжат;»;

2 2) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.».

10 10. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат;

№ 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат):

1 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық персонал – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) арнаулы әскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық қауіпсіздік әскери бөлімдері мен бөлімшелері;
3) арнаулы құралымдар – жұмылдыру жарияланған кезде өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету және оларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайларды оқшаулау және жою үшін мемлекеттік органдар және меншік нысанына қарамастан ұйымдар қорғаныс жүйесінде құратын құралымдар;
4) аумақты жедел жабдықтау – қорғаныс мақсатында міндеттерді
жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін,
қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен және энергиямен жабдықтауды дайындауға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға бағытталған
іс-шаралар кешені;
5) аумақтық әскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасы
әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасы шегінде тиісті міндеттерді орындауға арналған, аумақтық қорғаныстың әскери бөлімдері мен бөлімшелері (құралымдары);
6) аумақтық әскерлерді арнайы өрістету – төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою кезінде және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда
іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы әскери жиындарға әскери міндеттілерді шақыру жолымен аумақтық қорғаныстың әскери бөлімдері мен бөлімшелерін (құралымдарын) жасақтау;
7) аумақтық қорғаныс – Қазақстан Республикасының халқын, объектілерін және коммуникацияларын қарсыластың әрекеттерінен, диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен қорғау, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдайы режимдерін енгізу және қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын
іс-шаралар жиынтығы;
8) әскери атташе аппараты – шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіретін әскери қызметшілер болып табылатын қорғаныс мәселелері жөніндегі атташе (әскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері;
9) әскери басқару органдары – стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары;
10) әскери бөлім – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ұйымдық-дербес бірлігі болып табылатын, шартты және (немесе) нақты атау берілетін республикалық мемлекеттік мекеме;
11) әскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі – бейбіт кезде және соғыс уақытында әскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, міндеттерді жоспарлау, белгілеп алу және оларды әскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
12) әскери мүлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, әскери техниканың барлық түрі, оқ-дәрі, арнайы құралдар және басқа да мүлік;
13) әскери техника – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жарақтандырылатын қару, жауынгерлік машиналар, аспаптар және басқа да техникалық құралдар;
14) әскерлер түрі – өзіне ғана тән негізгі қаруы мен әскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тәсілдері бар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;
15) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері, әскери прокуратура органдары;
16) жабдықтау нормалары – бейбіт кезде немесе соғыс уақытында әскери қызметшілерге, бөлімшелерге, әскери бөлімдерге (корабльдерге) және құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;
17) жауынгерлік әзірлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімдерде орындауға дайындығының дәрежесін айқындайтын жағдай;
18) жауынгерлік қабілеттілік – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскерлерінің (күштерінің) мақсатқа сай жауынгерлік (әскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне және өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін жай-күйі;
19) жауынгерлік міндет – ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
20) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;
21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлау және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері;
22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі – Қарулы Күштер) – қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болғызбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құратын және ұстайтын, мемлекеттің әскери ұйымының негізі;
23) қару-жарақ – әртүрлі қару, оқ-дәрі түрлерінің кешені, оларды қолдануды қамтамасыз ететін тасығыштары мен құралдары;
24) қару-жараққа және әскери техникаға жинақтауыштар – жиынтықтағанда қару-жарақ пен әскери техниканың конструктивтік тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер және қару-жарақ пен әскери техникаға қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар;
25) Қарулы Күштердің арнаулы операциялары – Қарулы Күштердің әскерлерін бейбіт кезде және соғыс уақытында қолданудың ерекше нысаны;
26) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан әрі – тыйым салынған аймақ) – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей шектесіп жатқан аумақ;
27) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан әрі – тыйым салынған аудан) – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген аумақ;
28) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастры – жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техника, олардың сапалық сипаттамасы, мақсаты, дайындаушы кәсіпорын, дайындалған, қарулануға қабылданған және қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мәліметтердің жүйеленген жинағы;
29) Қарулы Күштердің түрі – мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;
30) қорғаныс – әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, егемендікті, аумақтық тұтастықты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына қолсұғылмаушылықты қарулы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
31) қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;
32) қорғаныстық зерттеулер – мемлекеттің әскери ұйымын, әскери өнерді дамыту, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту, олардың жаңа түрлерін әзірлеу және енгізу, Қарулы Күштердің, аумақтық қорғаныстың құрылысы мен оларды қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған, стратегиялық, қолданбалы, талдамалық және әлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс және әскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер;
33) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары үшін әскери және арнайы техниканы, амуницияны, оқ-дәрі мен өзге де әскери мүлікті әзірлеуді, өндіруді, сақтауды, қарулануға беруді, жөндеуді және қалпына келтіруді, сондай-ақ әскери және арнайы техниканы, амуницияны, оқ-дәрі мен өзге де әскери мүлікті экспорттауды орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар кешені;
34) материалдық запастар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарында, базалары мен қоймаларында сақталатын әскери мүліктің белгілі бір саны;
35) материалдық-техникалық қамтамасыз ету – Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен, оқ-дәрімен және басқа да мүлікпен қамтамасыз ету, оларды жөндеу және қалпына келтіру, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жауынгерлік әзірлікте ұстап тұру және ұрысқа қолдану үшін олардың материалдық, медициналық, көліктік, тұрмыстық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
36) мемлекеттің әскери ұйымы – бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің жиынтығы;
37) мүлікті кәдеге жарату – пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін олардың ұрысқа тән қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ олардың компоненттерін кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;
38) мүлікті көму – одан әрі пайдалануға жатпайтын пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуін болғызбау мақсатында арнайы белгіленген орындарда оқшаулау;
39) мүлікті қайта өңдеу – пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін тауарларды немесе өзге де өнімді өндіруде (дайындауда) одан әрі пайдаланылатын шикізатты немесе өзге де материалдарды ала отырып, оларды тікелей мақсаты бойынша пайдалануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ олармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қасиеттерін өзгерту;
40) мүлікті құртып жіберу – пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін толығымен жойып жіберу;
41) пайдаланылмайтын әскери мүлік – қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы басы артық және олар қолданбайтын мүлік;
42) соғыс жағдайы – мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары нақты басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (нақты тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
43) соғыс қатері – орын алған қайшылықтарды әскери-күш қолдану әдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы соғыс қақтығысын (соғысты) бастауға нақты қалыптасқан ниет;
44) соғыс қаупі – саяси және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы әскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздейтін тұрақсыздық факторы;
45) соғыс қимылдары – агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрі қолданылатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;
46) соғыс уақыты – соғыс жағдайы жарияланған немесе соғыс қимылдары іс жүзінде басталған кезден бастап соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланған кезге дейінгі, бірақ олардың іс жүзінде тоқтатылуынан бұрынғы кезең;
47) тыл – Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тыл және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын әскери бөлімдер;
48) ұрыс қимылдары – тиісті әскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі әскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің ұйымдасқан іс-қимылдары.»;

2 2) 4-бапта:

1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң қорғалуын ұйымдастыруды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.»;

3 3) 5-баптың 2-тармағының 2), 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі тұжырымдамаларды бекiтеді;
3) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдану жоспарын, қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын, сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын бекiтедi;»;
«5) Қарулы Күштердің құрылымын, штат санының лимитін бекітеді;»;

4 4) 7-бапта:

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;»;
15), 17), 19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын айқындайды;»;
«17) мемлекеттің азаматтық және аумақтық қорғанысын жоспарлауды және оларға жалпы басшылықты жүзеге асырады;»;
«19) пайдаланылмайтын әскери мүлікті берудің, өткізудің, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюдың, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тәртібiн белгілейді;
20) әскери, әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдерді қабылдайды;»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі әскери-саяси ахуалдың кез келген жағдайында мемлекеттің әскери ұйымының орнықты жұмыс істеуін ұйымдастырады.
Соғыс уақытында және соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) экономиканы соғыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу немесе соғыс жағдайы режиміне көшіруді;
2) Қарулы Күштер мен арнаулы мемлекеттік органдар үшін резервтер дайындауды, адами және материалдық ресурстарды жұмылдыруды;
3) Қарулы Күштерді және арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы күрес жүргізу үшін күштермен және құралдармен қамтамасыз етуді;
4) ақпараттық қауіпсіздікті және тайталасты ұйымдастыруды жүзеге асырады.»;

5 5) 9-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-1) аумақтық қорғаныстың әскери бөлімінің, құралымының
бірінші басшысын қамтамасыз етуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) бекіткен саны мен құрылымы шегінде аумақтық әскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді;»;
«7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың және қаланың қорғаныс кеңестерін құрады;»;

6 6) 15-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың республикалық мемлекеттік мекемелері алдында жеке және заңды тұлғалардың тамақтандыруды және монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында олардың басшылары тиісті мемлекеттік органның басшысы айқындаған тәртіппен, тамақтандыруды немесе монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беруді жүзеге асырады.»;

7 7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету және
кадрларды даярлау
1. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету мемлекеттің әскери ұйымының проблемаларын жан-жақты зерттеуге, елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыру міндеттерін ғылыми әдістермен шешуге, тәжірибелік-конструкторлық, оның ішінде қосарланған мақсаттағы жұмыстарды орындауға, сондай-ақ ұлттық әскери-ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған.
2. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныстық зерттеулерді жүзеге асырады.
3. Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тәртібін Қорғаныс министрлігі айқындайды.
4. Әскери, әскери-ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелдік білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.»;

8 8) 18-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қарулы Күштер құрамының бiр бөлiгі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес бiрiккен (ұжымдық) әскерлерге (күштерге) кiруi немесе бiрiккен қолбасшылық қарамағында болуы мүмкiн.»;

9 9) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«19-бап. Қарулы Күштердің жалпы құрамы
Қарулы Күштер әскери басқару органдарын, Қарулы Күштер түрлерiн, әскерлер түрін, арнаулы әскерлердi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерін, аумақтық әскерлерді, әскери оқу орындарын, әскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды.
Қарулы Күштердің арнаулы әскерлерінің құрамына Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік, геоақпараттық және гидрометеорологиялық қамтамасыз ету, барлау, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық тайталас әскери бөлімдері мен бөлімшелері, әскери полиция кіреді.
Жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердің құрамына Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, Ұлттық ұлан және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары, сондай-ақ арнаулы құралымдар кiредi. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы құралымдарды Қарулы Күштердің құрамына беру мүдделі мемлекеттік органмен немесе ұйыммен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;

10 10) 21-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы соғыс уақытында және соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының әскери-саяси басшылығының жоғары органы болып табылады, мемлекеттің әскери ұйымын басқаруды, қорғаныс жөніндегі міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының қызметін бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды өзінің жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
Бас штабы арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бейбіт кезде Қорғаныс министрлігінің ведомствосы болып табылады.»;

11 11) 22-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қарулы Күштердi әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган болып табылады.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Әскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі тұжырымдамаларды әзiрлейдi;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын үйлестіреді және бекітуге ұсынады;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қарулы Күштердің, Қорғаныс министрлігінің және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының және Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын және штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді әзірлейді және бекітеді, әскери басқару органдарының штаттарын және штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) экономиканы, мемлекеттік органдарды және меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады;
5-2) Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5-3) Қарулы Күштерді навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
7) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қорғаныстық зерттеулерге, әскери қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;»;
«13) әскери қызмет өткеру, қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша өз құзыретi шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды және олардың орындалуын бақылайды;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) өз құзыреті шегінде әскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті және оған қатер төндіретін көздерге қарсы
іс-қимылды жүргізеді;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) Қарулы Күштерде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) Қарулы Күштердің кадр саясаты тұжырымдамасын әзірлейді және бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды және әскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
16-2) Қарулы Күштерде әскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын және Қарулы Күштерде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) пайдаланылмайтын әскери мүлікті берудің, өткізудің, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюдың, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің тәртібіне сәйкес пайдаланылмайтын әскери мүлікке иелік етеді;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды және басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды;
17-2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қарулануынан қару-жарақ пен әскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) әскери атташе аппараты әскери қызметшілерінің қызметін және қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4), 26-5), 26-6), 26-7), 26-8), 26-9), 26-10), 26-11), 26-12), 26-13), 26-14), 26-15), 26-16), 26-17), 26-18),
26-19), 26-20), 26-21) және 26-22) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің,
әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекітеді;
26-2) Қарулы Күштердің әскери қалашықтары мен оқу орталықтары аумағында орналасқан объектілерде ветеринария және
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ішкі бақылауды жүзеге асырады;
26-3) уәкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне және ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;
26-4) әскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты және шартты атаулар
беру және Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-5) аумақтық әскерлер туралы ережені, аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып аумақтық әскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша ақпарат беру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;
26-6) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-7) Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының әскери қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын әзірлейді және бекітеді;
26-8) Қарулы Күштердегі қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-9) Қарулы Күштерде жұмылдыру, жедел және жауынгерлік дайындық, шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
26-10) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды және оқ-дәріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
26-11) қару мен оқ-дәрінің ұрлануы, жоғалуы не әскери қызметшінің әскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің әскери бөлімдері қолбасшылығының және әскери полиция органдарының ден қою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-12) Қарулы Күштерде әскери-тарихи және мәдени жұмысты ұйымдастырады;
26-13) бастапқы әскери дайындық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-14) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-15) әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-16) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-17) Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-18) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери интернатурадағы дайындық қағидаларын және мамандықтар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
26-19) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді;
26-20) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-21) шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26-22) Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;

12 12) 23-баптың 1-тармағында:

1), 2) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды;
2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму жоспарын, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлейді, әскерлерді жоспарлауды, дайындауды және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;»;
«6) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын, Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын әзірлейді;»;
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) аумақтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) Қарулы Күштерге әскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк және моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында әскерлерді моральдық-психологиялық және идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;

13 13) мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2-баптармен толықтырылсын:

«23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері
Қарулы Күштердің түрлері:
1) Қарулы Күштерді қолдануды стратегиялық жоспарлау шеңберінде Қарулы Күштердің түрін жедел-стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады;
2) әскери басқару органдарының, әскерлер (күштер) түрінің жауынгерлік, жұмылдыру әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
3) әскери басқару органдарын, әскерлер (күштер) түрін дайындауды ұйымдастырады;
4) әскерлердің моральдық-психологиялық дайындығын, әскерлер (күштер) түрінде әскери тәртіптің және құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) әскерлер (күштер) түрінде алға қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23-2-бап. Әскери атташелер аппараты
1. Әскери атташелер аппараты Қарулы Күштердің қарамағында және штат санында болады.
2. Шет мемлекетте әскери атташелер аппаратында әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет, еңбекке ақы төлеу және оның
шарттары, әлеуметтік қамсыздандыру және медициналық қамтамасыз ету
мәселелерінде дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.
3. Әскери атташелер аппаратының қызметін қаржыландыру қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен, теңестірілген лауазымдар бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде және тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Әскери атташелер аппараты әскери қызметшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелер персоналына
теңестіру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен шешімімен жүзеге асырылады.»;

14 14) 24-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қарулы Күштердiң спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тәртіппен пайдалануға құқылы.
Қарулы Күштердің мәдениет, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласында, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге құқылы. Осындай көрсетілетін қызметтердi өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын тәртіппен бюджетке есепке жатқызылуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердiң мәдениет аясында және спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемесiнің бірінші басшысының ұсынысы негізінде ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекітеді.
4. Қорғаныс министрлігі ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жанынан олар орналасқан жерден тыс, уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруы мүмкін.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген өкілеттіктердің бір бөлігін орындайды.»;

15 15) 26-баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мәселелерi бойынша нұсқауларын уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен айқындалған тәртіппен орындайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қарулы Күштермен бірлескен жедел және жұмылдыру дайындығына тартылады.»;

16 16) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«31-бап. Аумақтық қорғаныс
1. Аумақтық қорғанысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырады.
2. Аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлауға және орындауға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары тартылады.
3. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде, соғыс уақытында аумақтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады.
4. Аумақтық қорғаныстың жалпы міндеттерін және оны ұйымдастыру жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
5. Аумақтық қорғаныс міндеттерін орындау үшін жергілікті атқарушы органдар аумақтық әскерлерді ұстауды қамтамасыз етеді.
6. Төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою мақсатында аумақтық әскерлерді арнайы өрістету жүзеге асырылады.
7. Аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар және меншік нысанына қарамастан ұйымдар арнаулы құралымдарды құрады.».

11 11. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат;

№ 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат;
2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1,
2-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат):

1 1) 4-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы әскери полиция органдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады, ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларды жүргізу туралы шешімдер қабылдайды, құрылымы мен штат санын бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;

2 2) 5-бапта:

бірінші бөлікте:
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
«7-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;»;
екінші бөліктің 2) тармақшасындағы «іс жүргізу болып табылады.» деген сөздер «іс жүргізу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын тәртіппен және шектерде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілерін, оның ішінде қару-жарақты, арнайы құралдарды, қауіпсіздік жүйелерін және өзге де техникалық құралдарды пайдалана отырып күзету, сондай-ақ көрсетілген объектілерде рұқсаттамалық және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріндегі тәуліктік наряд қызметін, ішкі және гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыру да Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының міндеті болып табылады.»;

3 3) 7 және 7-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының
әскери полиция органдарының өкілеттіктері
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу бөлiгiндегi өкiлеттiктері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшiлерiне қолданылады.
7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция
органдарының өкілеттіктері
1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу бөлігіндегі өкілеттіктері арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қолданылады.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін өкілеттіктері шегінде және заңда белгіленген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын тоқтатып кідіртуге, тыйым салуға негіз болған себептер жойылғанға дейін, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ақаулар мен жағдайлар болған кезде оларды пайдалануға тыйым салуға, тораптары мен агрегаттарының нөмірлері не мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жасырылған, қолдан жасалған, өзгертілген, сол сияқты көлік құралдарының таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарының көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға, алкогольдік, есiрткiлік және уытқұмарлық масаң күйдегi адамдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының көлiк құралдарын басқарудан шеттетуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және жағдайларда оларды медициналық зерттеп-қарауға жіберуге құқылы.»;

4 4) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріндегі тәуліктік наряд қызметін, ішкі және гарнизондық қызметтерді ұйымдастыруға ішкі бақылауды жүзеге асыруға құқылы.»;

5 5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:

«9-1-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
2) әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тәртібі қағидаларын;
4) әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын;
6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын;
8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидаларын;
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын;
10) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.
2. Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) әскери қызметшілердің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының гауптвахтасында әкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын;
2) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;

6 6) 12-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «ұстауға құқығы бар.» деген сөздер «ұстағанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз сақтау, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды ұрлау және жоғалту, сондай-ақ әскери қызметшілерді іздестіру фактілерінің алдын алуға және оларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізгенде құқығы бар.»;

7 7) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Әскери қызмет өткеруді немесе құрылымына әскери полиция кіретін тиісті органдарда қызмет өткеруді регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда адамдар әскери полиция органдарына қызметке қабылданбайды.».

12 12. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы

29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат;
2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат;
2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан»
және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 9-2 және 23-1-баптармен толықтырылсын:
«9-2-бап. Әскери басқару органдарының құзыреті
Әскери басқару органдары:
1) әскерлерде тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және насихат жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібін айқындайды;
3) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша әскери басқару органдарында ведомствоаралық комиссияларды құрады;
4) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
5) жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін және әскери тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) әскери полиция органдарына өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарлайды;
7) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қолданады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
«23-1-бап. Әскери қызметшілерге қатысты қолданылатын
құқық бұзушылық профилактикасы шаралары
1. Әскери басқару органдары әскери қызметшілерге қатысты
қауіп-қатер тобында тұрған әскери қызметшілерді қорғау (бақылау) жөніндегі шараларды, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойынұсынушылық мінез-құлыққа, құқыққа қайшы мінез-құлыққа төзбеушілікке бағдарланған, жалпы және құқықтық мәдениетті арттыратын адамгершілік қасиеттерін әскери қызметшілердің бойына сіңіру жолымен криминогендік факторларды болғызбайтын идеологиялық шараларды қолдану арқылы іске асырылатын құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шараларын қолданады.
2. Мыналар:
1) әскери қызметшілердің және өзге де адамдардың хабарламалары немесе арыздары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
2) құқық бұзушылықты жасау не жасауға әрекеттену фактісін тікелей байқап қалу;
3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар әскери қызметшілерге қатысты құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шараларын қолдану үшін негіздер болып табылады.
3. Осы бапта көзделген құқық бұзушылық профилактикасы шараларын әскери басқару органдарының қолдануы үшін құқық бұзушылықтардың
мән-жайларын анықтау туралы, сондай-ақ қолданылған шаралардың нәтижелері туралы олар бір тәулік ішінде тиісті әскери полиция органдарына хабарлайды.».

13 13. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5,

43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 63-3) тармақшамен толықтырылсын:

«63-3) мемлекеттік авиация қызметін бақылау және қадағалау органы – мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;»;

2 2) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;

3 3) 15-бапта:

12), 18) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
«18) Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;»;
«21) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 28-1), 28-2), 28-3), 28-4), 28-5) және 28-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-1) Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автомобиль және электр-газ техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
28-2) Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автокөліктің, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының және жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
28-3) мемлекеттік авиацияның ұшуын әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының атқарым нормаларын (қызмет ету мерзімдерін) әзірлейді және бекітеді;
28-4) Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
28-5) Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдарының және арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
28-6) Мемлекеттік авиацияда әуе тасымалдарын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

4 4) 58-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

«Мемлекеттік авиация қызметін бақылау және қадағалау органының әскери қызметшілеріне олардың жеке басын және өкілеттіктерін растау үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган қызметтік куәліктер береді.
Қызметтік куәлікті беру, пайдалану тәртібін және оның сипаттамасын мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы бекітеді.
Мемлекеттік авиация қызметін бақылау және қадағалау органы әскери қызметшісінің қызметтік куәлігі оның мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін тексерулерге және авиациялық оқиғаларды тергеп-тексерулерге қатысу құқығын растайды.»;

5 5) 66-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік авиация мүддесінде пайдаланылатын сыныпталмайтын әуеайлақты, уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерін пайдаланудың жарамдылық нормаларына және мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарына (тікұшақ айлақтарына) қойылатын
тактикалық-техникалық талаптарға сәйкес пайдалануға рұқсат етіледі.».

14 14. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30,

32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І,
19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8,
42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар;
№ 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат;
№ 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы
10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1 1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«22) мемлекеттік мүлік тізілімі – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;»;

2 2) 100-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен әскери техниканы өткізу жөніндегі жабық тендерлерді қоспағанда, аукцион мен тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, электрондық нысанда өткізіледі.»;

3 3) 134-баптың 2-тармағының 20-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«20-1) қаруды, әскери техниканы және өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою, қорғаныс объектілерін жалға беру, пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін өткізу (оның ішінде экспорттау), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының мұқтаждары үшін қаруды, әскери техниканы,
оқ-дәріні, оларға қосалқы және жинақтауыш бұйымдарын, өнімді, жабдықты, қосарланып қолданылатын технологияларды сатып алу (оның ішінде импорттау);».

15 15. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8,

49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат;
№ 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24,
126-құжат):

1 1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сәйкес оқуға жіберілген қызметкер;»;
«9-1) еңбек сіңірген жылдары – қызметкердің күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;»;
11) және 16-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
11) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;»;
«16-1) тыңдаушы – қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;»;

2 2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Арнаулы мемлекеттік органдардың жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін, олардың ережесі мен құрамын арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.»;

3 3) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармағын қоспағанда), 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30
(8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50, 75, 77 (4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда) және 85 (4-2-тармағын қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.»;

4 4) 7-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігіндегі «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын» деген сөздер «курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Әскери немесе құқық қорғау қызметін өткерген азамат арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген кезде әскери немесе құқық қорғау қызметінен шығарылған күнінен бастап арнаулы мемлекеттік органға қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан аспаса, оның көрсетілген кезеңде өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда қызметте болуы үзіліссіз деп есептеледі.»;

5 5) 8-баптың 14-тармағындағы «Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын» деген сөздер «Курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

6 6) 9-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Қызметті өткеру туралы келісімшарт:
1) үш жылға;
2) бес жылға;
3) он жылға;
4) қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
5) курсанттар, тыңдаушылар үшін – арнаулы (әскери) оқу орнында
не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне және оны бiтiргеннен кейiн күнтізбелік есептеумен он жыл қызметке;
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер үшін – арнаулы (әскери) оқу орнында не шет мемлекеттің білім беру ұйымында оқу мерзіміне және оны бітіргеннен кейін күнтізбелік есептеумен бес жыл қызметке жасалуы мүмкін.
Қызметкер жүктілікке және баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі өткен жағдайда, қызметкер демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде осы Заңда айқындалатын тәртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе қызметтен шығарылады.»;

7 7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«10-бап. Қызметкерлерді білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу,
қабылдау және жіберу
1. Арнаулы (әскери) оқу орындарына немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түсуге:
1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:
әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған Қазақстан Республикасы азаматтарының;
әскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының және әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толғанға дейін;
2) қысқартылған оқу мерзімімен жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толғанға дейін;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан жоғары білімі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілердің құқығы бар.
2. Арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне кадр органдарының жіберуі бойынша оқуға түсуге құқығы бар.
3. Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілейді.
4. Халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу және жіберу тәртібі арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен белгіленеді.
5. Курсанттың, тыңдаушының қызметтік міндеттерді атқарудың басталуы болып олардың арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған күні есептеледі.
6. Әскери қызмет өткермеген азаматтар арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде қызметкерлер мәртебесiне ие болады және олар
он сегіз жасқа толғаннан кейiн, бiрақ кемiнде бiрiншi курсты бітірген соң қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады.
7. Қызметкерлер арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылданған не
шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде қызмет өткеру туралы жаңа келiсімшарт жасасады.
8. Әскери қызмет өткерген, сондай-ақ келісімшарт, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген азаматтар арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылданған немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген кезде курсант, тыңдаушы лауазымына тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қызмет өткеру туралы келiсімшарт жасасады.
9. Арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түскен немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға жіберілген азаматтар оқу мерзіміне және сонымен бір мезгілде оқуды бітіргеннен кейін қызметкерлер лауазымдарында күнтізбелік есептеумен он жылға арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.
10. Келісімшартта тараптардың (оқуға түсуші азаматтың және арнаулы мемлекеттік органның лауазымды адамының) өзара міндеттемелері мен жауапкершілігі белгіленеді және оқуды бітіргеннен кейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті одан әрі өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді.
11. Осы Заңда белгiленген тәртiппен қызмет өткеру туралы келiсiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер арнаулы (әскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберуге жатады.
12. Қызметкерлердің арнаулы (әскери) оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне теңестіріледі.
Арнаулы (әскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген, сондай-ақ қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасудан бас тартқан қызметкерлер, егер олар әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзiмін өткермесе, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке қоюға жiберіледi және кейiннен жалпы негіздерде әскери қызметке шақырылады.
Бұл ретте арнаулы (әскери) оқу орындарынан және шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгерімсіздігі үшін, теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi.
Арнаулы (әскери) оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгерімсіздігі үшін, теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер өздерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Оқытуға кететін шығындар сомасы қызмет өткеру туралы келісімшартта және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге жасалған шарттарда (келісімшарттарда) айқындалады.
13. Қызметкер арнаулы (әскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бiтіргеннен кейiн қызмет өткеруден бас тартқан және осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 5), 6), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, ол өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндеттi.
Өтеуге жататын сома келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әрбір толық өткермеген айға пропорционалды түрде есептеледі.
14. Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартта (келісімшартта), егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес білім алушылар үшін көзделген тараптардың (орындаушының және тапсырыс берушінің) өзара міндеттемелері мен құқықтары, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, оқуға ақы төлеу мөлшері мен тәртібі, оқу мерзімдері және тұру жағдайлары, оқыту, ақшалай, заттай және өзге де ризықпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және сақтандыру мәселелері белгіленеді.»;

8 8) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары» деген сөздер «курсанттар, тыңдаушылар» деген сөздермен ауыстырылсын;

9 9) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қызметкерлердiң өздерiне қатысты қабылданатын шешiмдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа өздерінің құқықтарының бұзылғаны туралы білген күннен бастап үш айдан кешіктірмей шағым жасауға құқығы бар.»;

10 10) 17-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жеке iсiне енгiзiлгенге дейiн өздерiнiң қызметтік жұмысы туралы пiкiрлермен және басқа да құжаттармен, жеке iс материалдарымен (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ өздерiнiң жазбаша түсiнiктемелерiн және басқа да құжаттар мен материалдарды жеке iске қосуға;»;

11 11) 18-баптың 1-тармағының 4) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін арнаулы мемлекеттік органдар ішкі қызмет жарғысының талаптарын, сондай-ақ қызмет және еңбек тәртібін сақтауға;»;
«14) тікелей басшысына:
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өздеріне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті және (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға;»;

12 12) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қызметкерлердiң әрекеттеріне (әрекетсiздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.»;

13 13) 23-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдардың, жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылдары болған кезде, ерекше салтанатты және салтанатты арнаулы киім нысанын кию құқығы сақталады.»;

14 14) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамына қатысты жеке
істер жүргізіледі, оларды ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.»;

15 15) 26-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Оқу мерзімі бес жыл және одан көп болатын арнаулы (әскери) оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер үшін лейтенант арнаулы атағында еңбек сіңіру мерзімі бір жыл болып белгіленеді.»;

16 16) 27-бапта:

4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнын немесе арнаулы мемлекеттік органдардың жіберуі бойынша шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген немесе оқу мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге;
2) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, тиісті мамандығына ұқсас жоғары кәсіптік білімі бар және штатпен офицерлік құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген қызметкерге тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Кіші сержант» арнаулы атағы әскери атағы жоқ, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар азаматқа штатпен сержанттық құрам атағы көзделген лауазымға келісімшарт бойынша қызметке кірген кезде, тиісті лауазымға тағайындалған кезде беріледі.»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілген кезде беріледі.»;
9-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұрынғы сыныптық шенде, арнаулы немесе әскери атақта болу мерзiмi кезектi арнаулы атақты беру үшiн еңбек сiңiру мерзiміне есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір арнаулы мемлекеттік органның ішінде қызмет бойынша ауыстырылған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды.»;
12-тармақ алып тасталсын;

17 17) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:

«27-1-бап. Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы
Жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы:
генерал-майор қызметкерге жоғары офицерлік құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін және жоғары офицерлік құрамның лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;
генерал-лейтенант кемінде үш жыл генерал-майор арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін;
генерал-полковник кемінде үш жыл генерал-лейтенант арнаулы атағында болған қызметкерге берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.»;

18 18) 29-бап алып тасталсын;

19 19) 30-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкер арнаулы атағы сәйкес келуге тиіс лауазымға тағайындалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдар және оларға сәйкес келетін арнаулы және әскери атақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
1-2. Арнаулы мемлекеттік органдардағы типтік емес лауазымдар және оларға сәйкес келетін арнаулы және әскери атақтар тізбесін осы органдардың бірінші басшылары бекітеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Офицерлік құрамның атағы бар, жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша оқуға арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады және арнаулы (әскери) оқу орнының магистранты не докторанты немесе адъюнкті лауазымына тағайындалады.
Офицерлік құрамның атағы жоқ, жоғары және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін қызметкер бұрын атқарған лауазымынан босатылады және арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.
Жоғары және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған немесе халықаралық шартқа сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты немесе тыңдаушысы лауазымына тағайындалады.
Арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған кезде тыңдаушының (Қазақстан Республикасы азаматының) бұрын өзіне берiлген атағы сақталады.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Арнаулы (әскери) оқу орындарын немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер қажетті бiлiм деңгейi бар адамдар алмастыруға жататын және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетін арнаулы мемлекеттік органдағы лауазымдар және оларға сәйкес келетiн арнаулы атақтар тiзбесiнде (бұдан әрі – лауазымдар тiзбесi) көзделген офицерлік құрам лауазымдарына тағайындалады.»;
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бір сатыдан төмен емес лауазымға уәкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша қызметкердің келісімінсіз жүргізіледі.»;

20 20) 31-бапта:

1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бiр арнаулы мемлекеттік органнан басқасына не Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген арнаулы мемлекеттік органға ауыстырылған;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылатын бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалған кезде қызметкерді ауыстыру арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы осы құқықты берген уәкілетті басшының шешімімен оның келісімінсіз жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қызметкерлерді ауыстыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.»;

21 21) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайларда және мерзімдерге қызметкерді уәкілетті басшының қарамағына жіберуге жол беріледі.
Қарамағында болу мерзіміне демалыстарда, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған кезеңдер есептелмейді.»;

22 22) 40-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жыл сайынғы негізгі демалыстар қызметкерлерге оларды пайдалану кезеңдері, сондай-ақ бөлімшені жауынгерлік әзірлікте ұстау ескеріле отырып және уәкілетті басшы бекіткен және барлық қызметкердің назарына жеткізілген демалыстар графигіне сәйкес жылдың кез келген мезгілінде беріледі. Демалыстар графигі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлер санаттары ескеріле отырып, әрбір күнтізбелік жылға жасалады және барлық қызметкердің назарына жеткізіледі.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Толық емес тәуліктердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі. Қызметкерді қызметтен уақтылы шығару (арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамы тізімдерінен алып тастау) мүмкін болмаған жағдайда, оны қызметтен шығару күні жыл сайынғы демалыстың пайдаланылмаған уақытына есеп айырысу жүргізіліп, ол қызметкерге беріледі. Мерзімінен бұрын (келісімшарт мерзімі өткенге дейін) қызметтен шығару кезінде, егер демалыстар графигіне сәйкес демалыс бұрын пайдаланылмаса, қызметкердің жыл сайынғы демалыс ұзақтығы осындай тәртіппен есептеледі.
6. Арнаулы (әскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітірген қызметкерлерге жыл сайынғы демалыс көрсетілген оқу орнын бітіргеннен кейін беріледі.»;

23 23) 41-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) зайыбының (жұбайының), жақын туыстарының, зайыбының (жұбайының) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған немесе қаза тапқан (қайтыс болған);
2) жақын туыстары, зайыбының (жұбайының) жақын туыстары
табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болған;»;

24 24) 43-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Ұрыс қимылдарына, терроризмге қарсы және бітімгершілік операцияларға қатысатын (қатысқан) қызметкерлерге ұзақтығы екі апта қосымша демалыс беріледі, ол жыл сайынғы демалысқа қосылады.»;

25 25) 44-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға каникулдық демалыстар халықаралық шарттарға және оқуға арналған келісімшарттарға сәйкес беріледі.»;

26 26) мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын:

«46-1-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
Қызметкерге баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі.»;

27 27) 49-баптың 1-тармағында:

5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) арнаулы (әскери) оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілген кезде;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) атқаратын лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару туралы аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша;»;

28 28) 50-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Шекті жасқа толған қызметкерлер осы Заңда белгіленген тәртіппен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады.
Жоғары кәсіби даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесі бар және денсаулық жағдайы бойынша қызметті өткеруге жарамды қызметкерлерге арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары олармен жаңа келісімшарт жасасу арқылы қызмет мерзімін
бес жылға дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi осы Заңда көзделген негiздер бойынша арнаулы мемлекеттік органдардан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.»;

29 29) 51-бапта:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған адамдардың қызметтен шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтан үзінді көшірмемен жазбаша танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей сотқа шағым жасауға құқығы бар.»;
9, 10 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Арнаулы (әскери) оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілуіне байланысты қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар әскерге шақырылушыларды немесе әскери міндеттілерді әскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі. Бұл ретте әскерге шақыру бойынша қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген курсанттар, тыңдаушылар әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткенге дейін жалпы негіздерде әскери қызметке одан әрі шақырылады.
10. Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуына байланысты қызметкерлерді қызметтен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару туралы тиісті Жарлығы күшіне енген күннен бастап немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеген күннен бастап уәкілетті басшының шешімімен жүргізіледі.»;
«12. Қызметкердің келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығару осы Заңға сәйкес арнаулы мемлекеттік органның Жоғары аттестаттау комиссиясының немесе аттестаттау комиссиясының жоспардан тыс отырысында осы фактілерді қарағаннан кейін жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Уәкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының ұсынымы бойынша атқаратын лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты қызметтен шығару уәкілетті басшының бұйрығымен жүргізіледі.»;
14-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды жеткізгіштерді жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соққан, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптарды бұзу;»;

30 30) 54-баптың 2-тармағындағы «арнайы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан» деген сөздер «курсанттардан, тыңдаушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

31 31) 55-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) қызметкерлерге орын алған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу.»;

32 32) 56-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аттестаттауға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік тілді білуіне аттестаттық тестілеу және психологиялық-әлеуметтік зерттеулер жүргізу;»;

33 33) мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:

«56-1-бап. Қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттау
1. Жоспардан тыс аттестаттау Жоғары аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін – арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша, басқа қызметкерлер үшін уәкілетті басшының шешімі бойынша өткізіледі.
2. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу негіздері:
1) қызметкерді кадр резервіне қабылдау туралы;
2) қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы;
3) қызметкерді келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығару туралы мәселелерді шешу болып табылады.
Қызметкерді кадр резервіне қабылдау туралы мәселені шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жоспарлы аттестаттауды өткізудің белгіленген мерзімінің кемінде үштен бірі өткен соң өткізілуге тиіс.»;

34 34) 57-бапта:

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аттестатталушының тікелей басшысы аттестатталатын қызметкердің кәсіби, іскерлік және жеке басының қасиеттерін жан-жақты зерделеп, атқарып отырған лауазымы бойынша жұмысының нақты көрсеткіштерін объективті түрде талдап және бағалап, оған мінездеме беруге және аттестаттау бойынша алдын ала тұжырымдар мен ұсынымдар жасауға міндетті.»;
7-тармақтың екінші бөлігінде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ауыстыру себебін көрсете отырып, тең лауазымға ауыстыру туралы;»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«10. Дәлелсіз себеппен аттестаттау комиссиясының отырысына екі рет келмеген қызметкерлер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға ұсынылады.
11. Кезекті (жоспардан тыс) аттестаттаудан өтпеген және (немесе) өзге, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметті жалғастырудан бас тартқан қызметкерлер осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға жатады.»;

35 35) 58-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Аттестаттау комиссиясының құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс. Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелері аттестаттауға жататын қызметкерлерге қарағанда тең немесе жоғары тұрған лауазымды атқаруға тиіс. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Аттестаттау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда отырыс өткізілмейді.
3. Жоғары аттестаттау комиссиясының төрағасы болып арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының бірінші орынбасары немесе орынбасары тағайындалады.
4. Аттестаттау комиссиясының құрамына – органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және өзге де қызметкерлер, ал Жоғары аттестаттау комиссиясына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарлары және басқа да лауазымды адамдар енгізіледі. Аттестаттау комиссиясының мүшелері мен хатшысы жалпы негіздерде аттестаттаудан өтеді. Аттестаттау комиссиясының аттестаттауға жататын мүшелері өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.»;

36 36) 59 және 60-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«59-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары
мен ұсынымдары
1. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын уәкілетті басшы бекітеді.
Жоғары аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарын арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.
2. Уәкілетті басшы бекіткен аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдары қызметкерді кадр резервіне қабылдауға, тең лауазымға тағайындауға, қызметкердің лауазымын төмендетуге немесе оны қызметтен шығаруға негіздер болып табылады.
60-бап. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары
мен ұсынымдарына шағым жасау
1. Аттестаттау комиссиясының тұжырымдары мен ұсынымдарына қызметкер танысқан күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей уәкілетті басшының немесе арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының алдында шағым жасай алады.
2. Уәкілетті басшы немесе арнаулы мемлекеттік органның басшысы қызметкерді аттестаттаудан өткізу тәртібінің бұзылғаны туралы анық мәліметтерді алған жағдайда, өткізілген аттестаттау нәтижелерінің күшін жоюға және қажет болған кезде, оны қайтадан өткізуді тағайындауға құқылы.»;

37 37) 65-бапта:

21-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Баяндаудан кейін уәкілетті лауазымды адам өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен таныстырып, қызметтік тергеп-тексеру тұжырымдарымен және ұсыныстарымен оның келісетінін немесе келіспейтінін міндетті түрде көрсете отырып, қолын қойғызып алуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкер осы тармаққа сәйкес қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті лауазымды адам акт жасайды.»;
22-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қызметтiк тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн қызметтік
тергеп-тексеру материалдарымен, егер бұл мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеу талаптарына қайшы келмесе, танысуға құқылы.»;

38 38) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«66-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру
және оның жұмыс тәртібі
1. Тәртіптік комиссия теріс қылық жасаудың мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтау және оны жасаған адамды жазалау шарасы туралы ұсынымдар шығару мақсатында, қызметкердің теріс қылығына қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарау және фактілерді зерттеу үшін арнаулы мемлекеттік органдарда құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Тәртіптік комиссияның мүшелері бөлімшенің жеке құрамының жиналыстарында неғұрлым тәжірибелі және беделге ие офицерлер арасынан ашық дауыс беру арқылы сайланады. Тәртіптік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға және кемінде үш адам болуға тиіс, олардың біреуі төраға болып табылады.
3. Тәртіптік комиссияның құрамы уәкілетті басшының бұйрығымен бекітіледі. Тәртіптік комиссияның төрағасы болып уәкілетті басшы орынбасарларының біреуі тағайындалады. Бөлімшенің кадр аппаратының өкілі хатшы болып тағайындалады. Тәртіптік комиссияның хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
4. Уәкілетті басшылар мен олардың орынбасарларының теріс қылықтары арнаулы мемлекеттік органның тәртіптік комиссияларында қаралады. Жоғары офицерлердің теріс қылықтары – жоғары офицерлер қатарынан ғана тұратын тәртіптік комиссияда, аға офицерлердің теріс қылықтары аға офицерлер қатарынан тұратын тәртіптік комиссияда қаралады.
5. Тәртіптік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тәртіптік комиссияның отырыстары тәртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі, бірақ кемінде үш адам болған кезде құқықты болады. Тәртіптік комиссияның мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
6. Тәртiптiк комиссияның мүшелерi отырыстың өткiзiлетiн күнi, орны, оның күн тәртiбi туралы отырысқа дейiн хабардар етiлуге және отырыс материалдарымен таныстырылуға тиiс.
7. Тәртiптiк комиссияның мүшесi өз бастығының, жақын туысының немесе жекжатының терiс қылығына қатысты, сондай-ақ егер тәртiптiк комиссия мүшесiнiң тиiстi шешiм қабылдауға тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар деп пайымдауға негіздер болса, қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарауға және фактілердi зерттеуге қатысуға құқылы емес.
8. Тәртiптiк комиссияның мүшелерiне қызметтiк тергеп-тексеру материалдарын қарау барысында өздеріне белгiлi болған мәлiметтердi жария етуге тыйым салынады.
9. Тәртiптiк комиссияның отырысына өзіне қатысты қызметтiк
тергеп-тексеру жүргiзiлген қызметкердің қатысуы мiндеттi.
Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкер тәртіптік комиссияның отырысына дәлелсіз себеппен келмеген жағдайда,
бұл факт тәртіптік комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкердің тәртіптік комиссияның отырысына дәлелсіз себеппен келмеуі жаза қолдану туралы шешім қабылдау үшін кедергі болмайды.
10. Тәртiптiк комиссия терiс қылыққа қатысты қызметтiк
тергеп-тексеру материалдарын қарайды және фактілердi зерттейдi. Тәртiптiк комиссия өзіне қатысты қызметтiк тергеп-тексеру жүргiзiлген қызметкердiң және қызметтiк тергеп-тексеруді жүргiзген уәкілетті лауазымды адамдардың түсiнiктемелерiн тыңдауы мүмкiн.
Қажет болған кезде, тәртiптiк комиссияның куәлар мен мамандарды тыңдауға, терiс қылыққа (оқиғаға) қатысты материалдарды сұратуға және кез келген фактіні зерттеуге құқығы бар.
11. Тәртiптiк комиссияның ұсыныстары тәртіптік комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Тәртiптiк комиссияның мүшелерi өз пiкiрiн айқын айтуға және дауыс беру кезiнде қалыс қалмауға мiндеттi.
Дауыстар тең болған кезде төрағаның даусы шешушi болып табылады.
12. Тәртiптiк комиссия қызметтiк тергеп-тексеру материалдары келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде басшыға қызметкердің тәртiптiк жауаптылығы туралы тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
Тәртіптік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тәртіптік комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшы қол қояды.»;

39 39) 67-баптың 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтары алып тасталсын;

40 40) 68-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қызметтегi, кәсіби-қызметтік даярлықты және тәрбие процесін ұйымдастырудағы олқылықтары үшiн арнаулы (әскери) оқу орнын немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымын бітіргеннен кейiн қызмет өткеру үшiн келген қызметкерлерге тәртiптiк жауаптылық шараларын лауазымға кiрiскеннен кейiн кемiнде алты ай өткен соң қолдануға рұқсат етіледі.»;

41 41) 73-бапта:

1-тармақтағы «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан» деген сөздер «курсанттардан, тыңдаушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін нормалар бойынша мемлекет есебінен арнаулы киім нысанымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі.»;
екінші бөліктегі «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан» деген сөздер «курсанттардан, тыңдаушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан» деген сөздер «курсанттардан, тыңдаушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтардағы «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан» деген сөздер «курсанттардан, тыңдаушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

42 42) 74-баптағы «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан» деген сөздер «курсанттардан, тыңдаушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

43 43) 77-бапта:

тақырыптағы, 1, 2 және 3-тармақтарындағы, 4-тармағының бірінші бөлігіндегі, 5-тармағындағы «Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын», «Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары», «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары», «Арнаулы (әскери) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстар курсанттарына», «Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары», «Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына» деген сөздер тиісінше «Курсанттарды, тыңдаушыларды», «Курсанттар, тыңдаушылар», «курсанттар, тыңдаушылар», «Бірінші және екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына», «Курсанттар, тыңдаушылар», «Курсанттарға, тыңдаушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағындағы, 7-тармағының бірінші бөлігіндегі, 8-тармағының бірінші бөлігіндегі «Арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты», «Арнаулы (әскери) оқу орнының курсантына», «Арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты» деген сөздер тиісінше «Курсант, тыңдаушы», «Курсантқа, тыңдаушыға», «Курсант, тыңдаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;

44 44) 78-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан» деген сөздер «курсанттардан, тыңдаушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

45 45) 79-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан» деген сөздер «курсанттардан, тыңдаушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын;

46 46) 80-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қызметкер қызмет өткеру кезеңiнде немесе қызмет өткерген кезеңде алған жарақаты (контузиясы), ауруы салдарынан қызметтен шығарылғаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның мұрагерлерiне қаза тапқан күнi немесе қызметтен шығарылған күні соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай жабдықталым мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төлеу жүргізіледі.»;

47 47) 84-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкі республикалық мүлік болып табылады және жедел басқару құқығында болады.»;

48 48) 85-баптың 5-тармағындағы «арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын» деген сөздер «курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын.

16 16. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж.,

№ 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II,
96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат;
№ 21-ІІІ, 135-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат):

1 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орнында білім алып жатқан офицерлер және сержанттар (старшиналар) құрамдарының әскери қызметшісі;
2) ауыспалы құрам – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) штат санына кірмейтін әскери оқу орындарында білім алып жатқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің санаты;
3) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер – осы Заңда айқындалатын мерзімге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына (бұдан әрі – Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) әскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;
5) әскерге шақыру жасына дейінгілер – әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
6) әскерге шақырылушылар – жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
7) әскери атақ – әскери қызметшіге және әскери міндеттіге берілетін әскери айырым белгісі;
8) әскери билет – азаматтың әскери қызметке тиесілігін және әскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке
есептік-әскери құжаты;
9) әскери бөлімнің штаты – жеке құрамның құрамын, ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын, санын және қару-жарақ кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техника санын айқындайтын құжат;
10) әскери есепке алу – әскерге шақырылушылар, әскери қызметшілер мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық және сапалық деректерді есепке алу және талдау жүйесі;
11) әскери жиындар – әскери міндеттілер мен азаматтардың әскери білім алуы және оны жетілдіруі мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда әскери басқару органдары, уәкілетті мемлекеттік органдар әскери даярлық бойынша өткізетін іс-шаралар.
Әскери жиындар:
оқу-жаттығу жиындары – әскери міндеттілерді, әскери оқу орындарына түскен кезде әскерге шақырылушыларды және әскери кафедралардың студенттерін даярлау және қайта даярлау мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;
тексеру жиындары – соғыс уақытының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған, әскери бөлімдердің әзірлігін тексеру мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;
арнайы жиындар – төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі
іс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін әскери жиындар түрі болып бөлінеді;
12) әскери интерн – әскери интернатурада білім алып жатқан әскери қызметші;
13) әскери интернатура – жоғары әскери оқу орнының құрылымдық бөлімшесі жүзеге асыратын, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін әскери қызметшілерді базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;
14) әскери кафедра – запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды әскери даярлауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының жанындағы кафедра;
15) әскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілігін айқындайтын, ерекшелік және айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) және жабдық;
16) әскери қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қолсұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;
17) әскери қызмет мерзімі – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметші мәртебесінде әскери қызмет өткерудің бүкіл кезеңі;
18) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт – уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азаматтың әскери қызметті өткеру кезеңіне тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде әскери қызмет өткеру туралы шарт;
19) әскери қызметтен шығару – әскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша запасқа қойып немесе отставкаға шығара отырып, әскери бөлімнің тізімдерінен алып тастау;
20) әскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
21) әскери лауазым – әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер жүктелген Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемесінің штаттық бірлігі;
22) әскери міндеттілер – әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
23) әскери міндеттілер запасы (бұдан әрі – запас) – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толық жасақтау, жұмылдыра өрістету және олардың шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын, осы Заңда белгіленген жастағы әскери міндеттілер;
24) әскери міндеттілік – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;
25) әскери оқу орны – Қорғаныс министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына ведомстволық бағынысты және әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
26) бастапқы әскери және технологиялық даярлық – орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын әскери іс негіздері, робот техникасы және
ІТ-технологиялар бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);
27) далалық шығу – далалық жағдайларда жауынгерлік, жұмылдыру және жедел дайындық бағдарламалары бойынша сабақтар, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мүддесінде арнайы далалық жұмыстарды орындау;
28) докторант – докторантурада білім алып жатқан әскери қызметші;
29) еңбек сіңірген жылдары – азаматтың әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, фельдъегерлік қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
өзге де жағдайларда қызметте болуының күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын ұзақтығы;
30) жалпыға бірдей әскери оқыту – Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде әскери даярлыққа міндетті оқыту;
31) жеке құрам – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;
32) кадет – техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында білім алып жатқан әскери қызметші;
33) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери
қызметшілер – осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке ерікті түрде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
34) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында немесе шетелдік әскери оқу орнында білім алып жатқан, оны бітіргеннен кейін офицерлік құрамның бірінші әскери атағы берілетін әскери қызметші;
35) курстық даярлық – халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сәйкес шет мемлекеттердің әскери оқу орындарында, оқу орталықтарында немесе білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қосымша білім беру нысаны;
36) қолданыстағы резерв – барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын әскери қызметшілер;
37) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы – әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді өтеусіз, өтеулі негіздерде оқыту мақсатында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша,
сондай-ақ шаруашылық қызметі негізінде көлік құралдарын басқару бойынша және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйым;
38) магистрант – магистратурада білім алып жатқан әскери қызметші;
39) мерзімді әскери қызмет – ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери лауазымдарына шақыруға негізделген әскери қызмет;
40) отставка – әскери қызметтен шығарылған немесе әскери есептен алып тасталған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жағдайы;
41) офицерлер – офицерлік құрамның тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
42) психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер – Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мен азаматтарының жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған, тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдарда әскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын тексеру
іс-шараларының жиынтығы;
43) ротация – әскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы тең және өзге де лауазымдарға ауыстыру;
44) сарбаздар (матростар) – сарбаздар (матростар) құрамының әскери лауазымдарын атқаратын әскери қызметшілер;
45) сержанттар (старшиналар) – сержанттық (старшиналық) лауазымдарды атқаратын әскери қызметшілер;
46) тәрбиеленушілер – әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары;
47) теңізге шығу – міндеттерді орындау үшін корабльдер мен кемелер экипаждарының, әскери қызметшілердің ашық теңізге шығуы;
48) уәкілетті лауазымды адам – Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу құқығы берілген лауазымды адам;
49) уәкілетті орган – құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
50) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар – Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді және олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
51) ұлан – негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, әскери оқу орнының бірінші немесе екінші курсында білім алып жатқан адам.»;

2 2) 2-баптың 1-тармағындағы «Қарулы Күштердегі» деген сөздер «Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) 4-баптың төртінші бөлігіндегі «Қарулы Күштердегі» деген сөздер «Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) 5-бапта:

1-тармақта:
үшінші бөлікте:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар әскери қызметшілер болып табылмаса – әскери оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы әскери оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік әскери оқу орнына түскен кезде – уәкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар әскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру және ауыспалы құрамның кадеті әскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Азамат әскери қызметтен шығарылуға (әскери жиындардың аяқталуына) байланысты әскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ауыстырылған жағдайда әскери қызметші мәртебесін жоғалтады.»;
3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан;
6) далалық шығуда (теңізге шығуда) болған оқу-жаттығуларға немесе корабльдердің жорықтарына қатысқан;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әскери қызметшілерге олардың мәртебесін куәландыру үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жеке нөмірлері бар жетондар, әскери қызметшінің жеке куәліктері (әскери билеттер) және (немесе) қызметтік куәліктер беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының жедел-іздестіру және барлау қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген офицерлік құрамының әскери қызметшілеріне олардың жеке басын және өкілеттіктерін растау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының қызметтік куәліктері беріледі.
Қызметтік куәлікті беру, пайдалану тәртібін және оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы әскери қызметшісінің қызметтік куәлігі оның қаруды, арнайы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған берілген өзге де өкілеттіктерін растайды.
7. Заңнамалық тұрғыдан бекітіп берілген міндеттерді орындау мақсатында әскери полиция, әскери прокуратура органдарының және
әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне өздерінің жеке басын және өкілеттіктерін растау үшін қызметтік куәліктер мен жетондар беріледі.
Қызметтік куәліктер мен жетонды беру, пайдалану тәртібін және олардың сипаттамасын уәкілетті органның басшысы айқындайды.
Әскери полиция, әскери прокуратура органдарының және
әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің қызметтік куәлігі олардың қаруды, арнайы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери қызметшілер мен қызметкерлерге берілген өзге де өкілеттіктерді растайды.»;

5 5) 6-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде уәкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тәртіппен мемлекет есебінен ақшалай ризықпен қамтамасыз етілуге;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) өздерінің құқықтарының бұзылғаны туралы білген күннен бастап өздеріне қатысты қабылданатын шешімдер мен әрекеттерге үш айдан кешіктірмей жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа шағым жасауға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, уәкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша әскери оқу орындарына түсуге, курстық даярлаудан, кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына әскери емес мамандықтар бойынша түсуге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа);»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әскери қызметшілердің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.»;

6 6) 7-бапта:

1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде өзін ротациялау туралы уәкілетті орган басшысының шешімін орындауға;»;
4) тармақшадағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауға;»;
2-тармақтағы «Қарулы Күштер» деген сөздер «Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметшілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.»;

7 7) 8-баптың 8) тармақшасындағы «атқаруға құқылы емес.» деген сөздер «атқаруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы

9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) уәкілетті басшының жіберуі бойынша мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқылы емес.
Куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару әскери қызметтен шығаруға алып келеді.»;

8 8) 9-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтарды әскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды әскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында,
сондай-ақ әскери қызмет өткеру үшін әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау мақсатында әскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауды;»;

9 9) 12-бапта:

тақырып, 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Азаматтарды әскери-техникалық және
өзге де мамандықтар бойынша даярлау
1. Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сәйкес өтеусіз негізде және оқуға арналған шығыстар толық немесе ішінара өтеле отырып,
өтеулі негізде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында жүргізіледі.
Оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) есебінен жүзеге асырылады.
2. Өтеусіз негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, даярлықты бітіргеннен кейін мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне алынатын азаматтар тартылады. Кіші мамандарды даярлауға бөлінген тапсырысты Қорғаныс министрлігі қалыптастырады.
3. Өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға:
денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер;
денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі әскерге шақырылушылар тартылады.
4. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында
әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және
өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ оқу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
5. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында
әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша білім алатын әскерге шақырылушылардың, әскери міндеттілердің санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жұмылдыру ресурстарына не кіші мамандарға қажеттілікті негізге ала отырып айқындайды.
6. Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді
әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқытудың басталуы мен аяқталуы болып Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған
ұйымы басшысының оқуға қабылдау және оны бітіру туралы бұйрықтары шыққан күн есептеледі.
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқып жатқан азаматтар оқу кезеңінде әскери қызметші мәртебесіне ие болмайды.»;
7, 8, 9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқу кезеңінде әскерге шақырылушылардың, әскери міндеттілердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар, заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарып жіберілмейді.»;

10 10) 13-баптың 1-тармағындағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

11 11) 15-баптың 4-тармағындағы «Қарулы Күштерде» деген сөздер «Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;

12 12) 16-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді және медициналық куәландыруды Қорғаныс министрлігі бекітетін Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына және Қарулы Күштерде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия әскери қызметке жарамсыз деп танып, әскери есептен алып тасталған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.»;
6-тармақта:
бірінші бөліктің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті әскери басқару органының өкілі;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы;
хатшы.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азаматтарды әскерге шақыру пункттеріне (учаскелеріне) тіркеу графигін жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді.»;

13 13) 17-баптың 1-тармағында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, сондай-ақ әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеген және азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әскерге шақыру (жиын) пункттеріне жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган жергілікті әскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы жеті жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.»;

14 14) 18-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әскери оқу орындары кадеттерінің, курсанттарының, адъюнкттерінің, магистранттары мен докторанттарының, әскери интерндерінің әскери қызметі және оқуы жатады.»;

15 15) 20-бапта:

төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сержанттар (старшиналар) құрамына:
кіші сержанттарға
– бір жыл;
сержанттарға
– екі жыл;
аға сержанттарға
– үш жыл;
3-сыныпты сержанттарға
– төрт жыл;
2-сыныпты сержанттарға
– бес жыл;
1-сыныпты сержанттарға
– алты жыл;»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сарбаздар (матростар) құрамына, жоғары сержанттық құрамға, полковниктерге (бірінші дәрежелі капитандарға) және жоғары офицерлік құрамға әскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді.»;
алтыншы бөліктегі «Қарулы Күштердегі» деген сөздер «Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

16 16) 21-бапта:

1-тармақтағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Қарулы Күштердегі» деген сөздер «Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметшiлерді жасақтау, әскери лауазымдарға тағайындау, орнын ауыстыру, әскери лауазымдарынан босату, мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ауыстыру және қызметтен шығару Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүргiзіледi.
Тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдарына қатысты уәкілетті органның басшысы айқындаған тәртіппен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Оқудың үшінші курсына ауыстырылған ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім беру базасындағы азамат немесе техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылданған әскери қызметші Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе әскери интерні ауыспалы құрамының әскери лауазымына тиісінше тағайындалады.
Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып білім алушыларды қоспағанда, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына келісімшарт бойынша қабылданған әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және Қарулы Күштердің магистранты не докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.»;
5-тармақта:
бірінші бөлікте:
4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсiздігі мүддесінде жұмыстарды орындау мақсатында мемлекеттік органдарға, халықаралық және басқа да ұйымдарға iссапарға жiберілуіне байланысты уәкілетті орган басшысының қарамағында болған;»;
«6) шетелге қызметке, оқуға жіберілген әскери қызметші жұбайымен (әскери қызметші зайыбымен) бірге болған кезде уәкілетті орган басшысының қарамағында болған;»;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) әскери тағылымдама аяқталғанға дейін – оқып жатқан елдің заңнамасына сәйкес оқу бағдарламасы әскери тағылымдаманы көздейтін шет мемлекеттің жоғары әскери оқу орнын бітіруіне байланысты офицерлік құрамның «лейтенант» бірінші әскери атағы берілген әскери қызметшілер уәкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған;
9) оқу уақытында – күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жіберілген және түскен әскери қызметшілер командирдің (бастықтың) қарамағында болған;
10) жиындар өткізу уақытында – әскери жиындар кезеңінде уәкілетті органның бірінші басшысының қарамағында болған жағдайларда, әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткереді.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Әскери лауазымдарда болу мерзімдері Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
7. Әскери қызметші жыл сайынғы негізгі демалыстарда,
әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде емделуде болған
кезеңдер қарамағында болу мерзіміне есептелмейді.»;

17 17) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Басқа жергілікті жерге ауыстыруға байланысты ротациялауға мүгедек зайыбы (жұбайы) бар, мүгедек балалары (қамқоршысы болып табылатын), оның ішінде асырап алған мүгедек балалары бар немесе асырауында қартайған ата-анасы болатын адамдар жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен актімен расталуы тиіс.»;

18 18) 22-1-бапта:

1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті орган басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.»;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

19 19) 23-баптың 1-тармағында:

бірінші бөліктегі «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киiм нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал әскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру және айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уәкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылған адамдардан басқа, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда күнтізбелік есептеумен жиырма бес және одан көп жыл мінсіз қызмет еткен азаматтарға запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде әскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі.»;

20 20) 24-баптың 2-тармағында:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметші жұбайының (әскери қызметші зайыбының) одан әрі әскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен әскери қызметшілердің шетелде болу уақыты еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызмет, соның ішінде құқық қорғау қызметі өтіліне мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органда әскери лауазымға уақытша тағайындалған кезеңдегі уақыт, сондай-ақ олардың бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу уақыты есептеледі.
Мемлекеттік қызметке кірген адамдар үшін әскери қызмет өткеру уақыты мен әскери лауазымға тағайындалу кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.»;

21 21) 25-бапта:

1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) майорға (үшіншi дәрежелi капитанға) дейiнгіні қоса алғанда, аға сержанттық құрамның және офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне – қырық жеті жас;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) подполковниктерге – қырық сегіз жас;»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шекті жасқа толған әскери қызметшіге баянаты бойынша уәкілетті органның басшысы:
1) ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, магистр немесе доктор дәрежесі болған және ол әскери оқу орындарында, әскери кафедраларда оқытушылық немесе ғылыми қызметті жүзеге асырған;
2) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет өткеруге жарамды, емдеу қызметін жүзеге асыратын медицина персоналы лауазымында немесе мемлекеттік авиацияда ұшу құрамының лауазымында не әскери прокуратура органдары офицерлік құрамының лауазымында әскери қызмет өткерген, жоғары кәсіби даярлығы, атқаратын лауазымында жұмыс тәжірибесі болған жағдайларда, онымен жаңа келісімшарт жасасу арқылы әскери қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартады.»;

22 22) 26-бапта:

1-тармақта:
бірінші бөлікте:
6), 7), 9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауысуды қоспағанда, мемлекеттік органдарға немесе мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік қызметке ауысу;
7) әскери қызметшіге қатысты келісімшарт талаптарын елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзу;»;
«9) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайлану немесе тағайындалу;
10) судья лауазымына сайлану немесе тағайындалу;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;»;
13) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару;»;
алтыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;»;
тоғызыншы абзац алып тасталсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органы әскери қызметшісінің қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы;»;
он бірінші абзац алып тасталсын;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайлар;»;
мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншік құқығымен тиесілі үлестерін, акцияларын (акциясын) және пайдалану кіріс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;»;
14) тармақшадағы «қызметіне сай келмеу әскери қызметшілерді қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.» деген сөздер «анықталған қызметіне сай келмеу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ әскери интерндерді, магистранттарды, докторанттарды және адъюнкттерді жоғары әскери оқу орындарынан шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, әскери оқу орнынан шығарып жіберу әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару үшін негіздер болып табылады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшiлер – осы баптың
1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 4), 9), 10) және 11) тармақшаларында,
13) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көзделген негіздер бойынша, ал офицерлік құрамның әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасында және 13) тармақшасының екінші абзацында да көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығарылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған немесе көрсетілген күннен кейін әскери қызметке алғаш кірген әскери қызметшілерге әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу жәрдемақысы:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге:
әскери қызмет мерзімі күнтізбелік 10 жылдан аз болғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;
әскери қызмет мерзімі күнтізбелік 10 жылдан 20 жылға дейін болғандарға – бес айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;
әскери қызмет мерзімі күнтізбелік 20 жылдан 30 жылға дейін болғандарға – жиырма айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде;
әскери қызмет мерзімі күнтізбелік 30 жылдан астам болғандарға – отыз айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде төленеді;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жәрдемақысы бұрын қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жәрдемақысы ескеріле отырып айқындалады;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бір жылдан аз қызмет өткерген немесе оқыған және келісімшарт бойынша әскери қызметтен шығарылған немесе әскери оқу орындарынан шығарып жіберілген, осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшілері, мерзімді қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген, жиырма алты жасқа толмаған, бірақ он сегіз жастан кіші емес әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге жіберіледі.
Бұрын мерзімді қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған және шығарып жіберілген әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері мерзімді қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери қызметке шақыруға әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
Әскери оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін әскери қызметшілер мәртебесінде әскери оқу орындарында оқу уақыты мерзімді қызмет мерзіміне есептеледі.
Үлгерімсіздігі, тәртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен әскери қызметтен босату салдарынан әскери оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметші әскери оқу орнында әскери қызметші мәртебесінде өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Әскери оқу орнына қайта қабылдау Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес, оқуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
Әскери оқу орнын бітірген әскери қызметші теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда, келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген әрбір толық айға пропорционалды түрде өзін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Әскери оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Әскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге тиісті бұйрықтан үзінді көшірмемен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған қолбасшылыққа не сотқа шағым жасауға құқылы.»;

23 23) 27-бапта:

1-тармақтағы «Қарулы Күштерді» деген сөздер «Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті әскери басқару органдарына шақырту туралы шақыру қағазы болған кезде – жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы, ал мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.»;

24 24) 28-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша әскерге шақыруды жүргізу кезеңiнде мынадай құрамда құрылады:
1) комиссия төрағасы – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті әскери басқару органының бастығы;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дәрігердің) орынбасары – медициналық комиссия төрағасы;
хатшы.
Әскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Әскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді әскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері алып тасталсын;

25 25) 29-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалар мен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады, олар:
1) әскерге шақыру жасына дейінгілерді;
2) әскерге шақырылушыларды;
3) әскери жиындарға шақырылатын әскери міндеттілерді;
4) әскери оқу орындарына, әскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзеді.»;
2-тармақ алып тасталсын;

26 26) 31-баптың екінші бөлігіндегі «Қарулы Күштердi» деген сөздер «Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

27 27) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«33-бап. Әскери мiндеттілердi әскери жиындарға шақыру
Әскери мiндеттiлер:
1) орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізiнде;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізетін жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негізінде әскери жиындарға шақырылады.»;

28 28) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;»;

29 29) 37-бапта:

1-тармақтағы «Қарулы Күштердiң» деген сөздер «Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Қарулы Күштерде» деген сөздер «Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар және алты ай қызмет өткерген мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiруге құқылы.
Ұлан оқудың үшінші курсына ауысқан кезде әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Офицерлік құрамды әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер әскери қызмет мерзімі өткеннен кейін Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiруге құқылы.»;

30 30) 38-бапта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;
2) қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болуға;
3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға және әскери қызметте болудың шекті жасына толуға:
келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретіндер немесе сарбаздар (матростар) құрамының және кіші сержанттық құрамның лауазымдарына тағайындалу үшін – он бес жас;
кіші офицерлік және аға сержанттық құрамдардың лауазымдарына тағайындалу үшін – он жас;
аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның лауазымдарына – бес жас қалғанға дейін;
4) әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткеруге не әскери кафедрада оқудан немесе әскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдар әскери қызмет өткеруге байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.
2. Келiсiмшарт бойынша әскери қызметке:
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
2) әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;
3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
4) әскери қызметшінің әскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;
6) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің
3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
7) әскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
9) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куәландырудан өтпеген;
10) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
11) мемлекеттік немесе әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан терiс уәждер бойынша шығарылған;
12) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
13) уәкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
14) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
15) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан адам қабылданбайды.
Әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.
Тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уәкілетті органның басшысы айқындаған тәртіппен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кезде азамат және оның зайыбы (жұбайы) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.»;

31 31) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«39-бап. Азаматтардың әскери оқу орындарына түсуі,
сондай-ақ шығарып жіберу және қайта қабылдау.
Әскери оқу орындарында білім алып жатқан
азаматтармен әскери қызмет өткеру туралы
келiсімшарттар жасасу
1. Жалпы орта білім беру базасында жоғары, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түсуге:
1) әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма екі жастан аспаған азаматтардың;
2) әскери қызмет өткерген азаматтардың және мерзiмдi әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшілердің оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін;
3) жиырма бес жасқа толғанға дейін келісiмшарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердің құқығы бар.
Азаматтардың әскери оқу орындарына түсуі уәкілетті орган бекітетін Әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Кадеттер, курсанттар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда:
жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;
әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдары түлектерінің;
қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе әскери қызмет өткерген кезеңде мүгедек болып қалған әскери қызметшілер балаларының;
«Алтын белгі» белгісімен наградталған адамдардың;
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылда жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың бірінші – үшінші дәрежелі дипломдармен наградталған жеңімпаздарының, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың немесе конкурстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының бірінші – үшінші дәрежелі дипломдармен наградтталған жеңімпаздарының артықшылықты құқығы бар.
Шетелдік әскери оқу орындарына оқуға жіберілген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және келісімшарттарға, сондай-ақ оқуға шақыруға сәйкес білім алады.
2. Негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түсуге оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтардың құқығы бар.
3. Әскери-дәрігерлік комиссияның оң қорытындысы негізінде қайта қабылданған адамдарды қоспағанда, егер шығарып жіберілген күнінен бастап бір жыл өтпесе, адамның әскери оқу орнына қайта қабылдануына рұқсат берілуі мүмкін.
4. Әскери қызметтен теріс себептермен шығарылған адам әскери оқу орнына қайта қабылданбайды.
5. Жоғары бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын әскери оқу орындарының түлектеріне «лейтенант» әскери атағы беріледі.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарын бітіргеннен кейін әскери қызметшілерге «кіші сержант» әскери атағы беріледi.
Әскери-медициналық факультеттің курсанттарына «медицина қызметінің лейтенанты» әскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды бітіргеннен кейін беріледі.
Әскери интернатура бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыратын әскери қызметшілер ауыспалы құрамның әскери интерні әскери лауазымында әскери қызмет өткереді.»;

32 32) 39-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі және 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге өздерінің кадр органдарының жіберуі бойынша әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға рұқсаты болған кезде Қарулы Күштердің азаматтық персонал адамдарының құқығы бар. Бұл ретте Қарулы Күштердің азаматтық персонал адамдары қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып қана білім алады.»;
«4. Магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.»;

33 33) 40-баптың 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) үш жылға – келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін;»;
«5) курсанттар, кадеттер және әскери интерндер үшін – әскери оқу орнындағы оқу мерзіміне және оны бітіргеннен кейiн әскери қызметтің он жылына (ұшу құрамының курсанттары үшін – оны бітіргеннен кейін әскери қызметтің он бес жылына);
6) тыңдаушылар, магистранттар, докторанттар, адъюнкттер үшін – оқу мерзіміне және әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызметтің бес жылына не әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалады.»;

34 34) 41-бапта:

1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) запасқа алына отырып, әскери қызметтен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) арнаулы мемлекеттік органдардың:
қатардағы және сержанттық құрам қатарынан;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен;
теріс себептер бойынша;
келісімшарт талаптарын орындамауына байланысты қызметтен шығарылған қызметкерлері;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқудан өткен адамдар запасқа алынды деп есептеледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған және жиырма жеті жасқа толуына байланысты әскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуімен әскери қызмет өткермеген адамдарды, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде оқудан өткен азаматтарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi әскери басқару органдары запастағы «қатардағы жауынгер» («матрос») әскери атағын бере отырып, запасқа алады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлер өздерінің арнаулы атағына тең запастағы әскери атақ беріле отырып, запасқа алынып, жергiлiктi әскери басқару органдарына есепке алуға жіберіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары әскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болуы барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындау кезінде әскери қызмет өткеруді қамтиды. Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары әскери қызметшілерінің қолданыстағы резервте болу тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.»;

35 35) 44-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери жиындар кезеңіндегі әскери міндеттілерді қоспағанда, әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, әскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны және әскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, әскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.
Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне:
1) еңбек сіңірген жылдары;
2) мемлекеттік қызметте болу уақыты;
3) әскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сәйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақылары мен әскери атақтары бойынша айлықақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен және тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.
Әскери қызметшілерге ақшалай ризық:
1) дәлелсіз себептермен әскери қызметте болмаған;
2) осы Заңның 21-бабы 5-тармағының 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткерген;
3) қамақта болған кезеңдерде;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.
Ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тәртібін уәкілетті органдар белгілейді.»;
5-тармақта:
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарына және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету жөніндегі шығындарды өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарына сәйкес көрсетілген медициналық қызметтерді қоспағанда, емделуге жұмсалған қаражатты әскери қызметшілерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде құрылымында олар әскери қызмет өткеретін уәкілетті орган өтейді.»;
бесінші бөліктегі «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
бірінші бөліктің 9) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) күзету бойынша әскери эшелон, қарауыл құрамында барған және әскери жүкпен қабылдау орнына дейін және кері қайтқанда ілесіп жүрген кезде;»;
«11) гауптвахтаға жапқан кезде;»;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге уәкілетті органның басшысы айқындаған тәртіппен жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төленеді.
Оқу-жаттығу жиындары кезеңінде әскери кафедралардың студенттері, әскери оқу орындарына түскен кезінде әскерге шақырылушылар, сондай-ақ «Жас ұлан» республикалық мектептеріне оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген және казармалық жағдайда тұратын кандидаттар тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібін уәкілетті органның басшысы айқындайды.
Ұдайы жауынгерлік әзірліктегі әскери бөлімдерде взвод (топ, есептоп) және рота (батарея, жеке взвод, 4-дәрежелі корабль) бөлімшелеріндегі офицерлік құрам лауазымдарындағы, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрамдар лауазымдарындағы Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қызмет уақытының регламентінде белгіленген жұмыс күндері мемлекет есебінен тамақтандырумен (түскі аспен) қамтамасыз етіледі.
Осы тармақта көрсетілген әскери бөлімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әскери қызметшілердің:
1) әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылған;
2) басқа жергілікті жерге, оның ішінде әскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан;
3) уәкілетті орган жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген,
сондай-ақ үлгерімсіздігі, тәртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда,
оқу бітіргеннен кейін;
4) әскери-медициналық бөлімшелер Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнына, оның ішінде әскери-дәрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін жіберген және кері қайтқан;
5) қызметтік іссапармен жол жүрген және кері қайтқан;
6) оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), әскерлер парадтарына жол жүрген және кері қайтқан;
7) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан және кері қайтқан;
8) ұрыс қимылдарына, төтенше немесе соғыс жағдайларында,
сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындауға қатысқан;
9) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан;
10) терроризмге қарсы операцияларға қатысқан;
11) әскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды және әскери жүктерді күзету және ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған және кері қайтқан;
12) мыналармен:
әскери шақырылғандар, әскери міндеттілер бар командалармен;
қамаққа алынған, ұсталған әскери қызметшілермен, әскери міндеттілермен;
қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің мәйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген және кері қайтқан жағдайларда, теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уәкілетті органның басшысы белгілеген тәртіппен әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Курсанттарды, кадеттерді және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілердің басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстардың уәкілетті органның басшысы айқындаған тәртіппен автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде мемлекет есебінен өтелуіне құқығы бар.
Курсанттарды, кадеттерді және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде әскери бөлім немесе бөлімше құрамында) ауысқан кезде оларға, әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай жабдықталым және әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай жабдықталымның жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.»;

36 36) 46-бапта:

1-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына қарай күнтізбелік есептеумен белгіленеді:
1) кемінде он жыл – 30 тәулік;
2) он жылдан он бес жылға дейін – 35 тәулік;
3) он бес жылдан жиырма жылға дейін – 40 тәулік;
4) жиырма және одан көп жыл – 45 тәулік.
Ұшу жұмыстарында, корабльдік қызметте болатын, жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет атқаратын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілейтін тізбе бойынша жергілікті жерлерде қызмет өткеретін әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша
10 тәулік демалыс беріледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге (әскери интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, адъюнкттерге) жазғы каникулдық демалыс берумен, жыл сайынғы негізгі демалыс беріле отырып, екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеу жүргізіледі.
Әскери интерндердің, магистранттардың, докторанттардың, адъюнкттердің жазғы және қысқы каникулдық демалысының жиынтығы
жыл сайынғы негізгі демалысқа теңестіріледі.
Келісімшарт бойынша әскери қызметші теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге міндетті.»;
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа, әскери қызметшіге оның баянаты бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде айқындалатын тәртіппен бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс беріледі.»;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы тиісті жылға 60 тәуліктен аспауға тиіс, бұл ретте демалыс орнына дейін жол жүру және кері қайту үшін қажетті уақыт қосымша беріледі. Демалыс орнына дейін жол жүру және кері қайту үшін қажетті уақытты беру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің демалысы қызмет мүддесі ескеріле отырып, бөліктерге бөлінуі мүмкін.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым кандидаты, докторы ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерінің ізденушілері болып табылатын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.»;
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Демалыстың өткен жылы пайдаланылмаған бөлігі әскери қызметшіге оның баянаты бойынша ағымдағы жылы бөлек беріледі не жыл сайынғы негізгі ақы төленетін демалысына қосылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Әскери қызметшілердің жұмыс істейтін әйелдеріне (күйеулеріне) жыл сайынғы демалыстар жұмыс берушімен келісу бойынша олардың күйеулерінің (әйелдерінің) кезекті демалысымен бір мезгілде берілуі мүмкін. Бұл ретте демалыс ұзақтығы жұмыс берушімен келісу бойынша жалақы сақталмайтын қосымша демалыс беру есебінен күйеуінің (әйелінің) демалыс ұзақтығына тең болуы мүмкін.»;

37 37) 48-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының тәрбиеленушілерін, ұландарын, кадеттері мен курсанттарын әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері»;
бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының курсанттары, кадеттері, тәрбиеленушілері мен ұландары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша заттай мүлікпен, тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Демалысқа, каникулға кеткен кезде оларға демалыс, каникул өткізу орнына дейін бару кезеңіне азық-түлік үлесі беріледі.
Қысқа мерзiмдi демалысқа барған және керi қайтқан кезде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, каникулдық демалысқа және тағылымдамаға барған кезде, сондай-ақ керi қайтқанда әскери оқу орындарының курсанттарына, кадеттеріне темiржол, автомобиль және
ішкі су көлiгiмен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi. Шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан курсанттарға да оқуға жіберілген және каникулдық демалысқа барған кезде және керi қайтқанда әуе көлігімен мемлекет есебiнен жол жүру құқығы берiледi.»;
«Мерзімді әскери қызмет өткерген және әскери оқу орнында оқыған кезде тұру үшін әскери қызметшілер казармаларға орналастырылады. Курсанттарға, кадеттерге және ұландарға да әскери оқу орнында оқу уақытына жатақхана берілуі мүмкін.»;

38 38) 51-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан;»;

39 39) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Курсанттардың, кадеттердің және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, әскери қызметшілердің өздерімен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелеріне:
әскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде әскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауысқан;
уәкілетті орган әскери қызметшіні әскери бөлім тізімдерінен алып тастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тәртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, әскери қызметші әскери қызметтен шығарылған жағдайларда, теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығы беріледі.»;

40 40) 53-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Қарулы Күштердің» деген сөздер «Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

41 41) 54-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Әскери қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;

42 42) 55-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер мұндай әскери қызметшілерге осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін кезекті әскери атақтар берілсе, онда әскери қызметте болудың шекті жастары осы Заңның 25-бабына сәйкес белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. «Подполковник» әскери атағы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген әскери қызметшілер шекті жасқа – қырық жеті жасқа толғаннан кейін қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейінгі мерзімге осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттардың күші әскери қызметшілер осы Заңның
25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жастарға толғанға дейін қолданылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әскери қызмет кезеңіне ғана қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету бөлігінде осы Заңның күші әскери қызмет мерзімі 2013 жылдың
1 қаңтарында он жылдан аз болған, көрсетілген күннен кейін әскери қызметке алғаш кірген әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден, кадеттерден, курсанттардан және әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілерден басқа) қолданылады.
Тұрғынжайды жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төлеу әскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жылдан аз болған, көрсетілген күннен кейін әскери қызметке алғаш кірген әскери қызметшілерге олар тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден, кадеттерден, курсанттардан және әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілерден басқа) жүргізіледі.»;
8-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Әскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он және одан көп жыл болған келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде:
еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғандарға – төрт айлық ақшалай жабдықталым;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жәрдемақысы бұрын қызметтен шығу кезінде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жәрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.».

17 17. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы»

2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15,
81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1 1) 4-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы, өкілеттіктері және қызмет ету тәртібі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітетін ережеде айқындалады.»;

2 2) 55-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын;

3 3) 56-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жедел қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;

4 4) 67-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ұшуды және корабль жүргізуді әуежайлық (әуеайлақтық) қамтамасыз ету құқығы беріледі.».

18 18. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103,

104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар):

1 1) 10-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Ведомствоның білім беру ұйымдары»;
1-тармақтағы «Уәкілетті органның білім беру ұйымдары» деген сөздер «Ведомствоның білім беру ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Уәкілетті органның білім беру ұйымдарының» деген сөздер «Ведомствоның білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) 12-бапта:

1-тармақта:
70-27) тармақшадағы «уәкілетті органның білім беру ұйымдарының» деген сөздер «ведомствоның білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 70-33), 70-34), 70-35) және 70-36) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-33) зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
70-34) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
70-35) Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын бекітеді;
70-36) уәкілетті органның жедел резервін ұстауды қамтамасыз етеді;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізі болады. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдарының жалаулары болады.
Уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізінің, ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;

3 3) 22-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацы алып тасталсын;

4 4) 27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Аттестаттауды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылатын аттестаттау комиссиялары өткізеді.»;

5 5) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«59-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрттің алдын алуды және оны сөндіруді, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары ведомстводан, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінен, мемлекеттік мекемелерінен және білім беру ұйымдарынан тұрады.»;

6 6) 60-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті органның білім беру ұйымдарын» деген сөздер «ведомствоның білім беру ұйымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын.

19

19. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

1 1) 9-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

2 2) 16-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.»;

3 3) 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері әскери полиция органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.»;

4 4) 74-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «В», «С» санаттарындағы, сондай-ақ «С1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған және жергілікті әскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен, жүргізушілік жұмыс өтілі және «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі жоқ адамдар жіберіледі.
Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куәліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі.».

20 20. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат;

№ 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2,
4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I,
62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4,
7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
28-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уәкілетті ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде
қару-жарақтың, әскери техника мен жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттардың және олар қолданылып жасалатын бұйымдардың айналымы саласындағы қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі.».

2 2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16-тармағы 35) тармақшасының отызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы