Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 22.05.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2020 112812_449362.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GG003441
- ЭКБ идентификаторы
- 112812
- Редакция идентификаторы
- 112812_449362
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:03
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мойынқұм ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Есеев Бақытжан Жапарұлына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Мойынқұм ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квоталар
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 22 мамырдағы
№ 97 қаулысына қосымша
Мойынқұм ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квоталар
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Белгіленген квота мөлшері %
Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)
1
Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің “Мөлдір” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
118
3%
3
2
Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімінің Мойынқұм ауылындағы “Аула клубы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
50
2%
1
3
“Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
69
2%
1
4
“Мойынқұм ауданы әкімдігінің ветеринариялық қызметі” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
70
2%
1
Барлығы
307
-
6