О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 197
- Қабылданған күні
- 11.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2017 112861_237919.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015231
- ЭКБ идентификаторы
- 112861
- Редакция идентификаторы
- 112861_237919
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:08
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2
2
2) «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерінде:
«Жердегі сүт қоректілер» бөлімінде реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
14
Қара кірпі
5
»;
реттік нөмірлері 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
16
Доңыз
250
17
Құдыр
250
»;
реттік нөмірлері 19 және 20-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
19
Құндыз жарғанаты
100
20
Сібір тау текесі
250
»;
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
23
Елік
250
»;
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
30
Бұлан
500
»;
реттік нөмірі 41-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
41
Ала жертесер
5
»;
реттік нөмірлері 46 және 47-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
46
Серке киік*
500
47
Ұрғашы киік, төлі*
350
»;
«Құстар» бөлімінде реттік нөмірі 94-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
94
Қасқалдақ
5
»;
реттік нөмірі 101-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
101
Бөдене
5
»;
реттік нөмірі 103-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
103
Сұқсыр
5
»;
реттік нөмірі 107-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
107
Қарабауыр шіл
5
»;
реттік нөмірі 111-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
111
Жапалақ, байғыз (үкіден басқа)
5
»;
реттік нөмірі 115 және 116-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
115
Үйректер (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгенінен басқасы)
5
116
Қырғауыл
5
» ;
«Балық, теңіз сүтқоректілері және су омыртқасыздарының түрлері» бөлімінде реттік нөмірлері 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153 және 154- жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«141
Сырдариялық жауырындық*, волга көп аталықты
майшабағы*, шортан тектес ақмарқа*, каспий және арал албырты*, ақбалық*, сылан*, күтім*, арал және түркістан қаязы*, іле шармай*, каспий жыланбалығы*, таймень*, балқаш алабұғасы* - балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле таралымы, сiбip бeкipeci*, шатқалдық тас тасалағыш*, ұзын бармақты шаян* (түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін)*
300
142
Қортпа, уылдырықты пілмай (бір килограмм үшін)
100
143
Қортпа, пілмай қысыры (бір килограмм үшін)
100
144
Бекіре (сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін)
100
145
Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (бір килограмм үшін)
100
146
Сүйрік (бір килограмм үшін)
100
147
Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін)
1,2
148
Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін)
1,3
149
Табан, торта, қаракөз, тұрпа, майбалық, көкбас, қызылкөз қабыршықты және тақыр, аққайран, алтын және күміс мөңкелер, әдеттегi және балқаш (балқаш-іле таралымынан басқа) алабұғасы, оңғақ, әдеттегi және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін)
0,4
150
Майшабақтар (қарынсау (бадырақкөзді және жұмырбасты қосқанда), бражник май шабағы, долгы май шабағы, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, майшабақ (бір килограмм үшін)
0,8
151
Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), сібір хариусы) (бір килограмм үшін)
1,7
152
Каспий итбалығы (бір дарақ үшін)
193
153
Ұзын бармақты шаян (түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін)
1,2
154
Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - гаммарус, масақұрт, ақ құрттар (шикі өнімнің бір килограмм үшін)
3
»;
көрсетілген мөлшерлерге ескертпелер мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпелер:
* Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер:
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;
әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының ұрығы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) бекітілген Дериваттар тізбесіне сәйкес, әрбір заңсыз алынған немесе сатып алынған дериват, оның ішінде әрбір 100 грамм уылдырық үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.».
3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2017 жылғы «___» ____________
0 Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 11 мамырдағы № 197
бұйрығына қосымша
Балық ресурстарына келтірілетін
және келтірілген, оның ішінде
болмай қоймайтын зиянды
өтеудің орнын
толтыру әдістемесіне
6-қосымша
7 кесте – Ихтиофаунаның биологиялық көрсеткіштері