О переименовании улиц села Аухатты Аухаттинского сельского округа
Қолданыста
Өзге акт
·№ 39
·
20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц села Аухатты Аухаттинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Ауқатты ауылдық округінің Ауқатты ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 18.05.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2017 112884_194374.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GEP03451
- ЭКБ идентификаторы
- 112884
- Редакция идентификаторы
- 112884_194374
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:04
0 Ауқатты ауылдық округінің
Ауқатты ауылындағы көше
атауларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурызындағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауқатты ауылдық округінің Ауқатты ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Молодежная көшесі – Айнабұлақ;
Ю.Гагарин көшесі – Әулиешоқы;
МТМ қалтарысы -Тікжол бұрылысы;
Свобода қалтарысы - Қылжыр бұрылысы.