Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий Администрации Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил и условий исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий Администрации Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің азаматтық қызметшілері, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17-01-38.27
- Қабылданған күні
- 15.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2017 112888_195127.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015234
- ЭКБ идентификаторы
- 112888
- Редакция идентификаторы
- 112888_195127
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:06
0 Қазақстан Республикасы Президенті
Әкімшілігінің азаматтық қызметшілері,
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
ұсталатын ұйымдарының қызметкерлері,
қазыналық кәсіпорындарының
қызметкерлері үшін мамандығы бойынша
жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен
шарттарын бекіту туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің азаматтық қызметшілері, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Каржы және бухгалтерлік есеп секторы:
1 1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағазы және оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Кеңсесі бастығының орынбасары - бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігі
Басшысының
2017 жылғы 15 мамырдағы
№ 17-01-38.27 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің азаматтық
қызметшілері, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындарының
қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеудің қағидалары мен шарттары
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің азаматтық қызметшілері, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеудің осы қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің азаматтық қызметшілері, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлері, қазыналық қәсіпорындарының қызметкерлері (бұдан әрі - ұйымдар) үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын реттейді.
2 2. Мамандық бойынша жұмыс өтіліне ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда сол мамандығы бойынша жұмыс істеген барлық уақыты есептеледі, сондай-ақ:
1 1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыты;
2
2) теріс себептер бойынша қызметтен босатылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының және бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қарулы күштерінде, ішкі, шекара әскерлерінде, басқару және азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің органдарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қүзет қызметінде, Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында, Қазақстан Республикасының әскери-тергеу органдары мен Ұлттық ұланында, нақты әскери қызмет өткерген;