Об утверждении перечня специальностей высшего образования, определяющих социально-экономическое развитие села, по которым предусматривается квота приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан для граждан из числа сельской молодежи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня специальностей высшего образования, определяющих социально-экономическое развитие села, по которым предусматривается квота приема в высшие учебные заведения Республики Казахстан для граждан из числа сельской молодежи
- Атауы (қаз.)
- Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 229
- Қабылданған күні
- 19.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2019 112923_406337.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015235
- ЭКБ идентификаторы
- 112923
- Редакция идентификаторы
- 112923_406337
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:03
0 Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д. Ахмед-Заки) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 19 мамырдағы
№ 229 бұйрығымен бекітілген
Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесі
Мамандық коды
Мамандық атауы
Білім
5В010100
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
5В010300
Педагогика және психология
5В010400
Бастапқы әскери дайындық
5В010500
Дефектология
5В010600
Музыкалық білім
5В010700
Бейнелеу өнері және сызу
5В010800
Дене шынықтыру және спорт
5В010900
Математика
5В011000
Физика
5В011100
Информатика
5В011200
Химия
5В011300
Биология
5В011400
Тарих
5В011500
Құқық және экономика негіздері
5В011600
География
5В011700
Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800
Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900
Шетел тілі: екі шетел тілі
5В012000
Кәсіптік оқыту
5В012100
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
5В012200
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
5В012300
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
5В012500
Химия-Биология
5В012600
Математика-Физика
5В012700
Математика-Информатика
5В012800
Физика-Информатика
5В012900
География-Тарих
5В013000
Тарих-Дінтану
Өнер
5В040400
Дәстүрлі музыка өнері
5В041900
Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
5В050400
Журналистика
5В050600
Экономика
5В050800
Есеп және аудит
5В051000
Мемлекеттік және жергілікті басқару
5В051500
Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
Техникалық ғылымдар және технологиялар
5В070100
Биотехнология
5В070300
Ақпараттық жүйелер
5В070600
Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
5В070800
Мұнай газ ісі
5В071100
Геодезия және картография
5В071300
Көлік, көліктік техника және технологиялар
5В071700
Жылу энергетикасы
5В071800
Электр энергетикасы
5В071900
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
5В072500
Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
5В072600
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
5В072700
Азық – түлік өнімдерінің технологиясы
5В072800
Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
5В072900
Құрылыс
5В073100
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
5В073700
Пайдалы қазбаларды байыту
5В074500
Көлік құрылысы
Ауылшаруашылық ғылымдары
5В080100
Агрономия
5В080200
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
5В080300
Аңшылықтану және аң шаруашылығы
5В080400
Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
5В080500
Су ресурстары және суды пайдалану
5В080600
Аграрлық техника және технология
5В080700
Орман ресурстары және орман шаруашылығы
5В080800
Топырақтану және агрохимия
5В080900
Жеміс - көкөніс шаруашылығы
5В081000
Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
5В081100
Өсімдік қорғау және карантин
5В081200
Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
Қызмет көрсету
5В090100
Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
5В090300
Жерге орналастыру
5В090500
Әлеуметтік жұмыс
5В090600
Мәдени-тынығу жұмысы
5В090700
Кадастр
5В090900
Логистика (сала бойынша)
5В091000
Кітапхана ісі
5В091200
Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
Әскери іс және қауіпсіздік
5В100100
Өрт қауіпсіздігі
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5В110100
Мейірбике ісі
5В110200
Қоғамдық денсаулық сақтау
5В110300
Фармация
5В110400
Медициналық-профилактикалық іс
Ветеринария
5B120100
Ветеринарлық медицина
5B120200
Ветеринарлық санитария
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5B130100
Жалпы медицина
5B130200
Стоматология