Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении
- Атауы (қаз.)
- Қалалық қатынаста жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдауға арналған бірыңғай тарифін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18/01
- Қабылданған күні
- 06.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2017 112937_194254.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KF004280
- ЭКБ идентификаторы
- 112937
- Редакция идентификаторы
- 112937_194254
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:53
0 Қалалық қатынаста
жолаушыларды және багажды
тұрақты автомобильдік
тасымалдауға арналған
бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылдың 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қалалық қатынаста жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифі барлық маршруттар үшін бірыңғай 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін.
2
2. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылдың 23 қарашадағы № 25/01 «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-129 болып тіркелген, 2011 жылдың 16 желтоқсандағы «Шарайна» газетінің № 100-101 (1966, 1967) нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Б. Д. Жақсыбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Сәтбаев қалалық
мәслихатының хатшысы
Т.И. Хмилярчук
2017 жыл 06 маусым