Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур в Туркестанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур в Туркестанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 163
- Қабылданған күні
- 16.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2020 112950_460351.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17U0004128
- ЭКБ идентификаторы
- 112950
- Редакция идентификаторы
- 112950_460351
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:46
0
Түркістан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14780 болып тіркелген «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №29 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1)Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға;
2
2)Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жолдануын;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
Д.А.Сатыбалды
Е.Ә.Садыр
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ұ.Сәдібеков
Ж.Қ.Бөкенбаев
А.С.Сәбитов
Б.С.Жамалов
К.Н.Мендебаев
9 Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2017 жылғы «16»
маусымдағы
№163 қаулысына
1-қосымша
Түркістан облысындағы басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесі
р/с №
Басым дақылдардың атауы
1.
Күріш
2.
Мақта
10 Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2017 жылғы «16»
маусымдағы
№163 қаулысына
2-қосымша
Түркістан облысындағы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнын субсидиялар нормалары
р/с №
Басым дақылдардың атауы
1 тоннаға арналған субсидиялар нормалары, теңге
1.
Қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған немесе сәйкестік сертификаты бар өзінің қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге өткізілген күрішке
4 000
2.
Мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақта
12 000