Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов

Қаулы · № 94 · қабылданған 17.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112956/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов Қолданыста Қаулы ·№ 94 ·17.05.2017
13.09.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов

Қолданыста Қаулы ·№ 94 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов
Атауы (қаз.)
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
94
Қабылданған күні
17.05.2017
Көрсетілген редакция
13.09.2023 112956_653427.kaz
Соңғы өзгеріс
13.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17MC003379
ЭКБ идентификаторы
112956
Редакция идентификаторы
112956_653427
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:04

0 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2 2. Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.

3 3. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 9 қыркүйектегі №111 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазандағы «Рауан» газетінде жарияланған);

2

2) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы №59 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2258 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 шілдедегі «Рауан» газетінде жарияланған).

4

4. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бейнеу аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
Аймағамбет Күләнда
«17 » 05 2017 жыл

9 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Әкімдіктің 2017 жылғы
17 мамырдағы
№ 94 қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы
Орналасқан жері
1.
Ақжігіт ауылы
«Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы тақта
2.
Бейнеу ауылы
«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалының және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараттарының жанындағы тақта
3.
Боранқұл ауылы
орталық базардың жанындағы тақта
Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеу мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы тақта
4.
Есет ауылы
Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеу мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы тақта
5.
Сам ауылдық округінің
Ноғайты ауылы
Сам ауылдық округінің
Сам ауылы
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының жанындағы тақта
«Қазпошта» акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы ғимаратының жанындағы тақта
6.
Сарға ауылы
Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеу мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы стенд
7.
Сыңғырлау ауылы
Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеу мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы тақта
8.
Тәжен ауылы
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық пунктінің ғимаратының жанындағы тақта
9.
Төлеп ауылы
Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеу мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы стенд
10.
Тұрыш ауылы
Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеу мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубының ғимаратының жанындағы тақта

Қолданыстағы