Об изменении границ (черты) сел Бейнеу и Сарга Бейнеуского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ (черты) сел Бейнеу и Сарга Бейнеуского района
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу ауданының Бейнеу және Сарға ауылдарының шекараларын (шектерін) өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13/106
- Қабылданған күні
- 15.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2017 112960_196007.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MC003383
- ЭКБ идентификаторы
- 112960
- Редакция идентификаторы
- 112960_196007
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:06
0 Бейнеу ауданының Бейнеу және Сарға ауылдарының шекараларын (шектерін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар Бейнеу және Сарға ауылдары әкімдерінің пікірлерін ескере отырып, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы бірлескен қаулы және шешімге 1 қосымшаға сәйкес Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 50822,0427 гектар болып өзгертілсін.
2 2. Осы бірлескен қаулы және шешімге 2 қосымшаға сәйкес Бейнеу ауданы Сарға ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 25004,2380 гектар болып өзгертілсін.
3
3. Бейнеу ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 13 тамыздағы №201 және Бейнеу аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 тамыздағы №36/310 «Бейнеу селосының шекарасын өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-3-43 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 қыркүйектегі №39 «Рауан» газетінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешімінің, Бейнеу ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы №12 және Бейнеу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 қаңтардағы №14/95 «Бейнеу және Сарға селоларының шекараларын өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-3-71 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 сәуірдегі №8 «Рауан» газетінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4
4. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет
және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі басшысының уақытша міндетін атқарушы
Қ.Кенешов
«15» мамыр 2017 жыл
Бейнеу селосының әкімі
Ж.Оспанов
«15» мамыр 2017 жыл
Сарға селосының әкімі
М.Болысов
«15» мамыр 2017 жыл
6 Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017
жылғы 17 мамырдағы № 93 және
Бейнеу аудандық мәслихатының 2017
жылғы 15 мамырдағы № 13/106
бірлескен қаулысы және шешіміне
1 қосымша
Бейнеу ауылының шекарасы (шегі)
Жалпы алаңы - 50822,0427 гектар
Бейнеу ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
К.Машырықов
Бейнеу аудандық
мәслихатының хатшысы
А.Ұлұқбанов
Бейнеу ауылының әкімі
Ж.Оспанов
7 Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017
жылғы 17 мамырдағы № 93 және
Бейнеу аудандық мәслихатының 2017
жылғы 15 мамырдағы №13/106
бірлескен қаулысы және шешіміне
2 қосымша
Сарға ауылының шекарасы (шегі)
Жалпы алаңы - 25004,2380 гектар
Бейнеу ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
К.Машырықов
Бейнеу аудандық
мәслихатының хатшысы
А.Ұлұқбанов
Сарға ауылының әкімі
М.Болысов