О ведении государственного градостроительного кадастра мониторинга объектов в городе Атырау и Атырауской области Күшін жойған
Басқа 0
Атырау облысында және Атырау қаласында объектілелдің мониторингін және мемлекеттік қалақұрылысы кадастрын жүргізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды
- Атырау облысы әкімінің 19.06.2006 № 163 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңына сәйкес және мемлекеттiк қалақұрылысы кадастры мен қалақұрылысы қызметiнiң объектiлер мониторингiсiн жүргiзудi ұйымдастыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Атырау облысының қалақұрылысы қызметi объектiлерiнiң мониторингi
және мемлекеттiк қалақұрылысы кадастрын жүргiзу туралы ережесi бекiтiлсiн
(тiркеледi).
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастрын жүргiзуде мемлекеттiк уәкiлеттi
органы болып, облыстық сәулет және қалақұрылысы саясаты басқармасы
анықталсын.
Тармақ 3
3. Қала әкiмi мен аудан үкiмдерiне кадастр жүргiзу үшiн керектi
барлық құжаттарды сәулет және қалақұрылысы саясаты басқармасына ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Қ.Ищановқа жүктелсiн.
Басқа 5
Қосымша облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 7 қаңтардағы
№ 360 шешiмiне
Атырау облысында қалақұрылысы қызметi
объектiлерiнiң мониторингi және мемлекеттiк қалақұрылысы
кадастрын жүргiзу туралы ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастры (МҚК) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылыс және құрылыстық қызметi туралы" Заңы негiзiнде сәулеттi-қалақұрылысы қызметiн ақпаратты-құқықтық қамсыздандыру мақсатында жасалған.
Тармақ 2
2. Қала құрылысы кадастры және мониторингi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 шiлдедегi №931 P950931 "Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастры туралы" қаулысына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Облыстық және Атырау қаласының мемлекеттiк қалақұрылысының кадастры Қазақстан Республикасы кадастрларының мемлекеттiк ақпараттық-құқықтық жүйесiне кiредi және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бұрынғы және осы кездегi нақты, заңдық және құндық жай-күйi туралы сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қалақұрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға, тиістiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық, сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастрының деректерi:
Тармақша 1
1) қалақұрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамасын әзiрлеу және iске асыру;
Тармақша 2
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту және өзгерту;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелер жасауды, оны тiркеудi жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) инвестициялық қызметтi бағалау;
Тармақша 5
5) қалақұрылысы және сәулет - жоспарлау тапсырмаларына, құрылысқа (жұмыс жүргiзудi бастауға) рұқсат беру;
Тармақша 6
6) сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау кезiнде пайдаланылуға тиiстi.
Тармақ 5
5. Облыстық деңгейдегi мемлекеттiк қалақұрылысы кадастрының тапсырысшысы облыс әкiмi болып табылады.
Тармақ 6
6. Облыстық деңгейдегi мемлекеттiк қалақұрылысы кадастрын жүргiзу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы болып облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы табылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастры үшiн негiзгi деректер:
Тармақша 1
1) жергiлiктi атқарушы органдар, жергiлiктi сәулет және қалақұрылысы органдары, аймақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiрудi, статистиканы, жер ресурстарын, сәулет құрылыс бақылауын басқару органдары ;
Тармақша 2
2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу, техникалық түгендеу және бағалау қызметтерi;
Тармақша 3
3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау қызметтерi;
Тармақша 4
4) тарихи және мәдени мұраның пайдаланылуын бақылау қызметтерi;
Тармақша 5
5) жердiң, судың және басқа да салалық кадастрлардың деректерi бастапқы ақпарат көздерi болып табылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастрын құру
және жүргiзу мақсаты
2. Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастрын құру
және жүргiзу мақсаты
Тармақ 8
8. Аймақтың пайдаланылуын дамуына және құрылыс салынуына бақылау және жедел басқаруды қамтамасыз ету үшiн автоматтандырылған ақпаратты- графикалық жүйенi қалыптастыру принциптерiн айқындау.
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастры облыс аумағында тұрғындардың өмiр сүруiне және экологиялық қауiпсiз, жайлы ортасын қалыптастыруға, қолданыстағы табиғи, жер, энергетикалық, материалдық, еңбек ресурстарын және әлеуметтiк, қаржылық, өндiрiстiк, инженерлiк-техникалық, тарихи- мәдени әлеуетiн тиiмдi пайдалану, арқылы әлеуметтiк-экономикалық, экологиялық және қалақұрылысын дамыту мәселелерiн шешуге бағытталған.
Тарау 3. 3. Қалақұрылысы кадастрының мазмұны
3. Қалақұрылысы кадастрының мазмұны
Тармақ 10
10. Қаланың Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастрының жүйесiне қала жерлерiн қалақұрылысы қызметi объектiлерiн пайдалануды аумақты аумақты қалақұрылысы және басқа да жобалар құжаттарымен қамтамасыз етудi, жер телiмдерiн және басқа да жылжымалы мүлiктi пайдалану жөнiндегi функционалды аймақтандыру, шектеу және сервитуттауды, аумақтың қалақұрылысы құндылығын, жер мен жылжымалы мЇлiкке саралап салық салуды әлеуметтi, инженерлiк-көлiктiк инфроқұрылымы мен көрiктендiру, объектiлермен қамсыздандыру, экологиялық, инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық жағдайын, топографиялық зерттеудi тiркеу енедi.
Тармақ 11
11. Тiркеу басқа Кадастрлармен тығыз өзара байланыста және Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Кадастр келесi бөлiмдерден тұрады:
Тармақша 1
1) Ақпараттық - шығатын түрлi Кадастрлық құжаттарды қалыптастыру үшiн жұмыс көлемде барлық ақпараттық ресурстарды кейiннен бiрыңғай базаға тiркеп енгiзу.
Тармақша 2
2) Аналитикалық-бағалаушы - қала реттеу және құрылыс салу мәселелерi ақпараттық ресурстарын талдау нәтижесiнде ауыртпалық (қалақұрылыс шектеулерi) анықталады; тиiстi сандық және сапалық көрсеткiштерiмен бағалау карталары (қалақұрылыстық, табиғи, экономикалық және аумақты барлау және т.б.) қалыптасады.
Тармақша 3
3) Регламенттiк-құқықтық - қала аумағының құқықтық байқап көру және Жер пайдалану мен құрылыс салу ережесiнiң кешендi түсiмi қалыптасады, қолданыстағы (бекiтiлген) қалақұрылыс және жобалау құжаттар жүйесiнде қалақұрылыс, шаруашылық және табиғатты қорғау қызметiнiң регламентi белгiленедi, аумақтың қалақұрылыстық дамуы бойынша нормативтiк-құқықтық актiлерiн құру бойынша ұсыныстар тiркеледi.
Тармақша 4
4) Ұйымдастырушылық-басқарушылық - Жеке органдар арасында қызметтi бөлу және құрылымды басқару Қазақстан Республикасы мен қала деңгейiнде қалақұрылыс Кадастрының оның басқа түрлерiмен өзара байланысы жөнiнде ақпараттар ұсынады, қалақұрылыс қызметiнiң мониторингiнiң және Кадастрлық құжаттарды қалыптастырудың негiзгi ережелерi анықталады.
Тармақша 5
5) Бағдарлама-техникалық - автоматтандырылған жүйе мен үдемелi ақпараттық технология негiзiнде Кадастр жүйелерiн технологиялық қамтамасыз ету енедi.
Тарау 4. 4. Қалақұрылыс кадастрын жүргiзу негiзi
4. Қалақұрылыс кадастрын жүргiзу негiзi
Тармақ 13
13. Бастапқы деректердiң жиналуы нормаларға, ережелер мен әдiстемелiк нұсқауларға сәйкес сәулет және қалақұрылыстың тиiстi органының кадастрлық қызметiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Жердi пайдалану (жердi иелену) телiмдерi туралы ақпарат жер Кадастрының деректерi бойынша қалыптастырылады және әрбiр объектiлер тiркегенде немесе объектiлер туралы деректер өзгергенде жаңартылады.
Тармақ 15
15. Жергiлiктi сәулет және қалақұрылыс органдарының материалдары бойынша қалыптастырылған қалақұрылысының деректерi Кадастр қызметiмен мынадай жағдайда:
объектiлердi салуға (қайта жаңғыртуға) рұқсат бергенде және оларды пайдалануға қабылдағанда;
қалақұрылыс құжаттарын әзiрлегенде (түзеткенде);
елдi мекенге құрылыс салудың кезекшi жоспарын тоқсан сайын түзеткенде тiркеледi.
Тармақ 16
16. Орында түсiрулерiнiң топографиялық-геодезиялық жұмыстарының материалдары, сондай-ақ қабаттар жоспарымен пайдалануға берiлген объектiлердiң техникалық сипаттамасы құрылысқа тапсырыс берушiсi бiр ай iшiнде өңдеу мен тiркеу үшiн базалық деңгейдегi тиiстi Кадастр қызметiне тапсырады.
Тармақ 17
17. Үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк-көлiктiк жүйелердi пайдаланумен және есебiн алумен шұғылданатын қызметтер мен ұйымдардың деректерi объектiлер бойынша деректердiң өзгеруiне орай Кадастрда тiркеледi.
Тармақ 18
18. Айналадағы табиғи ортаның жағдайы туралы деректер гидрометеорология, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар органдарының олар кемiнде жылына бiр рет тексеру жүргiзгендегi материалдары бойынша Кадастрда тiркеледi.
Тармақ 19
19. Аумақтың инженерлiк-геологиялық сипаттамасы бес жылда бiр рет, гидрогеологиялық сипаттамасы үш жылда бiр рет жаңартылып отырады.
Тармақ 20
20. Кадастрды хат-хабар жазысу жүзiнде де, ақпаратты жинаудың, үңдеудiң және сақтаудың электрондық байланыс жүйесiн қолданумен жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 21
21. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендер негізiнде құралады, олардың қызмет тәртiбi сәулет, қалақұрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi орталық уәкiлеттi мемлекеттiк органымен белгiленедi.
Тармақ 22
22. Кадастрдың объектiлерi туралы ақпараттың дұрыс және уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға өз шешiмiмен тәртiп белгiлеу ұсынылады. Сол тәртiп бойынша объектiлердi иеленуге (пайдалануға) құқықтық кесiмдердi бекiту және құрылыс объектiлерiн пайдалануға қабылдау актiлерiн бекiту Кадастр қызметiнде тiркеуден өткiзумен бiр мезгiлде жүргiзiледi.
Тарау 5. 5. Қалақұрылыс кадастр ақпаратын пайдалану
5. Қалақұрылыс кадастр ақпаратын пайдалану
Тармақ 23
23. Қалақұрылыс Кадастрының мәлiметтерi қалақұрылыс және жобалау
құжаттарын әзiрлеу мен жүзеге асыруда, жылжымайтын мүлiкке өзгертулердi
жүзеге асыруда, құрылыс салу мен қайта жаңғыртуда, оны алуда, салық
салуда, пайдалануға ұсынуда, инвестициялық қызметтi бағалауда
тарихи-мәдени және табиғи мұраны, қалақұрылыс және сәулет ескерткiштерiн
қорғауда, қалақұрылыс (сәулет-жоспарлау) тапсырмасын беруде, қалақұрылыс
саласында қалақұрылыс қадағалау және мемлекеттiк бақылау мен басқа
қызметтi жүзеге асыруда мiндеттi түрде пайдалануға жатады.
Тарау 6. 6. Басты мiндеттер
6. Басты мiндеттер
Тармақ 24
24. Жүйеге аумақ басқарудың барлық органдары мен бөлiмдерiн енгiзу.
Тармақ 25
25. Қызметi аумақты дамыту нақты мақсатты мәселелердi шешуге
бағытталған ұйымдар мен мекемелердi топтастыру, қажет болған жағдайда
олардың құзыретi шегiнде бiрлескен деректер жинау, жүргiзу жүйесiн
ұйымдастыру.
Тармақ 26
26. Сәулет-қалақұрылысы қызметiне бағытталған бюджет қаражатын
тиiмдi және ұтымды пайдалану жЈнiндегi ұсыныстарды дайындау жүйесiн
анықтау.
Тармақ 27
27. Ақпарат және ақпараттық қызметтi тұтынушылардың жiгiн
қалыптастыру.
Тармақ 28
28. Аймақты дамытуды басқару тiкелей қатысушы ұйымдар мен мекемелер
арасындағы ақпарат алмасуын және дерек банкiсiне желiлiк қол жетуiн
ұйымдастыру.
Сәулет және қалақұрылысы
саясаты басқармасының бастығы