Құжат мәтініне өту

Об утверждении организации работы независимой экспертной комиссии

Бұйрық · № 268 · қабылданған 09.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-112972/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении организации работы независимой экспертной комиссии Қолданыста Бұйрық ·№ 268 ·09.06.2017
26.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении организации работы независимой экспертной комиссии

Қолданыста Бұйрық ·№ 268 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении организации работы независимой экспертной комиссии
Атауы (қаз.)
Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
268
Қабылданған күні
09.06.2017
Көрсетілген редакция
26.06.2025 112972_770467.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015253
ЭКБ идентификаторы
112972
Редакция идентификаторы
112972_770467
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:51

0 Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н. А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Б. А. Асыловаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ 268 бұйрығымен бекітілді

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы тәуелсіз сараптамалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 20-тармағына сәйкес әзірленді және Комиссия жұмысын ұйымдастыруды анықтайды.

2 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын және басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды басшылыққа алады.

2 2-тарау. Комисия қызметін ұйымдастыру

3 3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Комиссия қызметін қамтамасыз етеді және оның міндеттерінің іске асырылуына жалпы бақылау жасайды.

4 4. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Комиссия жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.

5 5. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері (келісім бойынша) арасынан сарапшылар кіреді. Комиссия құрамын Министрлік бекітеді.

6 6. Комиссия құрамына енгізу өлшемшарттары мыналар:

1 1) жалпы жұмыс өтілі – 10 жыл немесе мамандығы бойынша – 5 жыл;

2 2) шетелдік білімінің болуы және/немесе халықаралық жобаларға қатысуы;

3 3) ғылыми атағы немесе дәрежесі, ғылыми жарияланымдары немесе өнертабыс авторлығын куәландыратын патентінің болуы.

Үміткер Комиссия құрамына кіру үшін үш өлшемшарттың екеуіне сай болуы қажет.

7 7. Комиссия отырысы өткізілген кезде аудио және бейнежазба жүргізіледі.

3 3-тарау. Комиссияның негізгі міндеті

8 8. Комиссияның негізгі міндеті мыналар:

1) бакалавр, магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға үміткерлермен анонимді жеке әңгімелесу өткізу;

2 2) тағылымдамадан өтуге үміткерлермен анонимді жеке әңгімелесу өткізу және тағылымдамаға шартсыз шақыртуды растайтын құжаттарды, тағылымдама бағдарламасын, тағылымдамадан өту құнын (есептің толық жазылуы) қарау.

9 9. Комиссия мүшелері деңгейді айқындау мақсатында бакалавр, магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға, резидентурада оқуға, тағылымдамадан өтуге үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізеді:

1 1) үміткердің кәсіби даярлық деңгейін (тәжірибелік дағдыларын);

2 2) таңдаған оқу мамандығы бойынша базалық білім деңгейін (теориялық дағдыларын);

3 3) мамандықты таңдауды түсіну деңгейін, дәлелділікті;

4 4) таңдаған мамандану саласында бірінші турдың нәтижелері бойынша анықталған кәсіби құзыреттердің сәйкестігін;

5 5) тағылымдамадан өту тақырыбының өзектілігі мен жаңалығын;

6 6) тағылымдама мақсатына қол жеткізу үшін тағылымдамадан өту бағдарламасының сапалы мазмұнын (жоспар кестесі бойынша іс-шаралар);

7 7) шығындар (құны) мен күтілетін нәтижелердің арақатынасын негізге ала отырып, таңдаған шетелдік ұйымда тағылымдамадан өтуді ұйымдастырудың орындылығын анықтау үшін үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізеді.

4 4-тарау. Үміткерлермен әңгімелесуді өткізу

10 10. Комиссия мүшелері үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізу арқылы үміткерлерді жасырын, алдын ала іріктеу жүргізеді. Комиссияға әңгімелесуді өткізу үшін бірінші кезеңнің нәтижелері ұсынылады.

11 11. Комиссияның кемінде 5 (бес) мүшеден тұратын тақ сандағы Комиссия мүшелері үміткерлермен жеке әңгімелесуді жүргізеді.

12 12. Қоғам үміткерлердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесуді өткізу үшін үміткердің тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда) үміткердің кодына ауыстырады.

13 13. Комиссия әрбір үміткермен әңгімелесу өткізеді, оның ішінде онлайн режимінде 30 минуттан артық емес жүргізеді.

14

14. Үміткерге сұрақтар осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың қосымшасында көрсетілген болжалды сұрақтар тізбесі бойынша қазақ және орыс тілдерінде немесе болжалды оқу елінің тілінде қойылады. Комиссияның әр мүшесі болжалды сұрақтар тізбесінен кемінде бір сұрақтан қояды, бұл ретте сұрақтардың жалпы 8 (сегіз) сұрақтан асып кетпеуі тиіс.
Комиссия мүшелері болжалды сұрақтар тізбесіне кірмейтін, бірақ осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың 9-тармағына сәйкес келетін қосымша 3 (үш) сұраққа дейін қояды.

15

15. Комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлермен жеке әңгімелесуі парағында бағаларды қояды.

16 16. Әңгімелесу онлайн режимде өткізілген жағдайда дербес әңгімелесу парақтарының көшірмелері Қоғамға жіберіледі не үміткерлермен дербес әңгімелесу өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылады.

Үміткерлердің дербес әңгімелесу парақтары олардың көшірмелері, Комиссия өткізетін дербес әңгімелесудің аудио және бейнежазбалары конкурс аяқталған сәттен бастап Қоғам мұрағатында кемінде 1 (бір) жыл сақталады.
Қоғам дербес әңгімелесу өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде әрбір үміткер бойынша үміткермен дербес әңгімелесу өткізген Комиссияның барлық мүшелері толтырған дербес әңгімелесу парақтары бойынша орташа баға шығарады және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына ұсыну үшін Комиссияның орташа бағасын көрсете отырып, барлық үміткерлердің тізімі қалыптастырылады.

17

18

18. Комиссия мүшелерінің (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) үміткерлермен жеке әңгімелесуді өткізу бойынша көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу Қоғам мен тәуелсіз сарапшы арасында жасалған шарт негізінде қызметақы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
______________________________________________________________________

43 Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің болжамды сұрақтар тізбесінің үлгісі

Тәуелсіз сараптамалық
комиссия жұмысын
ұйымдастыруға
қосымша
Тәуелсіз сараптамалық комиссия
мүшелерінің болжамды сұрақтар тізбесінің үлгісі

Бө­лім
Сұ­рақ нұс­қа­ла­ры
1.
Ма­ман­дық­ты таң­да­уды тү­сі­ну дең­гей­ін анық­та­у­ға ар­нал­ған сұ­рақ­тар (таң­дал­ған та­қы­рып бой­ын­ша ат­қа­ры­л­ған жұ­мыстар­дың бар бо­луы), дәлел­ді­лік (5 мин)
1) Сіз неге/қа­лай осы оқу елін/ЖОО және көр­се­ті­л­ген ма­ман­дық­ты таң­дады­ңыз?
2) Сіз көр­се­ті­л­ген ма­ман­дық бой­ын­ша нені оқу­ды жос­пар­лап отыр­сыз, қан­дай ше­тел­дік ЖОО-да?
3) Сіз көр­се­ті­л­ген ма­ман­дық­та/ЖОО-да қан­дай бі­лім және дағ­ды­лар­ды алу­ды жос­пар­лап отыр­сыз?
4) Таң­дал­ған ма­ман­да­ну бой­ын­ша зерт­те­уле­рі­ңіз/ма­қа­ла­ла­ры­ңыз бар ма (док­тор дә­ре­же­сіне үміт­кер­лер үшін)?
5) Сіз ҚР-на орал­ған­нан кей­ін бар­лық ал­ған бі­лі­мі­ң­із­ді қол­да­ну­ды қа­лай жос­пар­лап отыр­сыз?
2.
Таң­дал­ған оқу ма­манды­ғы бой­ын­ша ба­за­лық бі­лім дең­гей­ін анық­та­у­ға ар­нал­ған сұ­рақ­тар (тео­ри­я­лық дағ­ды­лар) (5мин)
1) Ел­де­гі таң­дал­ған ма­ман­да­ну бой­ын­ша жал­пы жағ­дай ту­ра­лы ай­тып бер­се­ңіз? Қан­дай мә­се­ле­лер бар?
2) Тео­рия бой­ын­ша сұ­рақ­тар қой­ы­ла­ды (КР ЖОО-ның оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша)
3.
Үміт­кер­дің кә­сі­би да­яр­лы­ғы дең­гей­ін анық­та­у­ға ар­нал­ған сұ­рақ­тар тә­жі­ри­бе­лік дағ­ды­лар)
(5 мин)
Үміт­кер­дің жұ­мыс өті­лі болған жағ­дай­да:
1) Көр­се­ті­л­ген ма­ман­дық бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі­ңіз ту­ра­лы ай­тып бер­се­ңіз? Сіз­дің мін­дет­те­рі­ңіз? Қан­дай мә­се­ле­лер­ге тап бо­ла­сыз?
2) Қыз­мет­те/ұй­ым­да жұ­мысты ба­с­та­ған кез­де негіз­гі мақ­сат­та­ры­ңыз қан­дай бол­ды?
3) Есі­ң­із­де қал­ған қан­дай жо­ба­лар­ға қа­ты­сты­ңыз?
Үміт­кер­дің жұ­мыс өті­лі бол­ма­ған жағ­дай­да:
1) Өзі­ңіз таң­да­ған ма­ман­да­ну са­ла­сын­да­ғы та­бысты ма­ман қан­дай қа­си­ет­тер мен дағ­ды­лар­ға ие бо­луы ке­рек деп ой­лай­сыз?
2) Оқу үшін таң­да­ған ма­манды­ғы­ңыз­ға қа­ты­сы бар же­ті­стікте­рі­ңіз жай­лы ай­тып бер­се­ңіз?
4.
Таң­дал­ған ма­ман­дан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы кә­сі­би құ­зы­рет­ті­лік дең­гей­і­нің сәй­кест­і­гін анық­та­у­ға ар­нал­ған сұ­рақ­тар (бі­рін­ші тур­дың нәти­же­ле­ріне сүй­ене оты­рып)
Ти­іс­ті кә­сі­би құ­зы­рет­ті­лік­тің кө­рі­ні­сін ба­ға­лау үшін си­ту­а­ци­я­лық мә­се­ле­ні ше­шу ту­ра­лы сұ­рақ қою ке­рек?
Ескерту:
Комиссия мүшелері болжамды мәселелер тізбесіне кірмейтін, бірақ тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастырудың 9-тармағына сәйкес келетін қосымша 3 (үш) сұрақты қояды.

Қолданыстағы