Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики по ведению и актуализации Статистического регистра жилищного фонда

Бұйрық · № 75 · қабылданған 22.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113043/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Методики по ведению и актуализации Статистического регистра жилищного фонда Қолданыста Бұйрық ·№ 75 ·22.05.2017
22.05.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики по ведению и актуализации Статистического регистра жилищного фонда

Қолданыста Бұйрық ·№ 75 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики по ведению и актуализации Статистического регистра жилищного фонда
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектендіру бойынша әдістемені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
75
Қабылданған күні
22.05.2017
Көрсетілген редакция
22.05.2017 113043_196064.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015246
ЭКБ идентификаторы
113043
Редакция идентификаторы
113043_196064
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:02

0 Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектендіру бойынша әдістемені бекіту туралы

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектендіру бойынша әдістеме бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2017 жылғы 22 мамыр
№ 75 бұйрығымен бекітілді
Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектендіру бойынша әдістеме

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1.Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімін жүргізу және өзектендіру бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2.Осы Әдістеменің мақсаты тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) бойынша деректерді қалыптастыру мен жинақтау және үй шаруашылықтарын зерттеу іріктемелерін қалыптастыру болып табылады.
3.Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі - Комитет), статистиканың аумақтық органдарының, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің ақпараттық жүйесін жүргізу мен өзектендіру кезінде пайдалануына арналған.
4.Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар пайдаланылады.

2 2-тарау. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің мәліметтері мен міндеттері

5.Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ТҚСТ АЖ) Қазақстан Республикасы тұрғын үй қоры туралы деректерді жинау, сақтау және бейнелеудің орталықтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді.
ТҚСТ АЖ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайларды (пәтерлер) қамтиды.
Оларға:
тұрғын үй-жай (пәтер);
бір пәтерлі (жеке) үй;
екі пәтерлі үй;
үш және одан да көп пәтерлі үй жатады.
ТҚСТ АЖ-да тұрғын үй қоры туралы және пәтерлерде тұратын адамдар саны туралы деректер бар және негізгі екі модульден:

1 1)үйлер каталогы;

2 2)пәтерлер каталогынан тұрады.

Үйлер каталогында үйдің типін, үйдің сыртқы қабырғаларының материалдарын, үйдегі пәтерлер санын, жалпы және тұрғын алаңын сипаттайтын әрбір үй туралы мәліметтер болады.
Пәтерлер каталогында алаң көлемі, бөлмелер саны, тұрғындар саны туралы мәліметтермен бірге белгілі бір үйге кіретін тұрғын үйдің әрбір тұрғын үй-жайы (пәтер) туралы мәліметтер болады.
Үйлер каталогындағы әрбір жазба пәтерлер каталогындағы жазбаларға сәйкес келеді және үйдің сәйкестендіру кодымен байланысты болады. Әрбір каталог атрибуттарының өз құрамы бар. ТҚСТ АЖ атрибуттары (үйлер каталогы) және ТҚСТ АЖ атрибуттарының (пәтерлер каталогы) мысалдары осы Әдістемеге сәйкес 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.
ТҚСТ АЖ-ны жүргізудің негізгі міндеттері:
тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы деректерді жинақтау;
тұрғын үй қоры бойынша статистикалық ақпаратты (болуы, жай-күйі, пайдалануға беру, шығарылуы) қалыптастыру және өзектендіру;
ТҚСТ АЖ негізінде іріктемелі зерттеулер жүргізу және статистикалық әзірлемелерде пайдалану;
ТҚСТ АЖ-ны өзектендіру үшін үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеулер жүргізу болып табылады.
6.Келесі деректер ТҚСТ АЖ-ны өзектендіру болып табылады:

1 1)әкімшілік дереккөздерден тіркелген тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы мәліметтер;

2 2)осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген әкімшілік дереккөздерден тұрғын үйлердің апаттылығы туралы мәліметтер;

3 3)осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген әкімшілік дереккөздерден әр шаруашылық бойынша есепке алу мәліметтері;

4 4) үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеуден тұратындардың саны бойынша мәліметтер.

3 3-тарау. ТҚСТ АЖ-ны жүргізуді ұйымдастыру

7.ТҚСТ АЖ міндеттердің белгілі бір тобын шешуге бағытталған әрекеттерді автоматтандыруға мүмкіндік береді және келесі блоктардан тұрады:

1 1) деректерді жинау, өңдеу және талдау;

2 2) есептерді қалыптастыру;

3 3) сыртқы дерекқорды «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің компоненттерімен интеграциялау.

8 8. Деректерді жинау, өңдеу, талдау кезінде келесі үдерістерді бақылау және автоматтандыру жүзеге асырылады:

ТҚСТ АЖ-ны қалыптастыру;
әкімшілік деректерден алынған деректер негізінде ТҚСТ АЖ деректерін өзектендіру;
үйлер мен пәтерлер каталогын жүргізу және өзектендіру.
9.Деректерді жинау, өңдеу және талдау кезінде бастапқы қалыптастыруға, өзектендіруге және ТҚСТ АЖ-ға енгізуге байланысты міндеттерді шешеді.
Деректерді өңдеу, түзету негізінде ай сайын (белгілі бір кезеңге) республикалық деңгейде кескін қалыптастырылады.
ТҚСТ АЖ-дан ұйғарынды кестелерді қалыптастыру кезінде кескін пайдаланылады.
Ай сайынғы кескін есептер мен деректердің әртүрлі іріктемелерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

10 10. Есептерді қалыптастыру блогы келесі міндеттерді қамтиды:

кескіндерді қалыптастыру;
іріктемелерді қалыптастыру;
ұйғарынды ақпаратты қалыптастыру.
11.Интеграция блогы ақпараттық жүйені сыртқы дерекқордың компоненттерімен интеграциялауды қамтамасыз етеді және келесі міндеттерді қамтиды:

1 1)«Метадеректер» ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл;

2 2)агрегатталған көрсеткіштердің дерекқорымен өзара іс-қимыл;

3 3)«Халықтың статистикалық тіркелімі» ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл;

4 4)«Ауылшаруашылығы тіркелімі» ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл;

5 5)ішкі интранет-порталмен өзара іс-қимыл.

12.ТҚСТ АЖ-ға ақпаратты енгізу және түзету өңірлік деңгейде жүзеге асырылады. Ақпаратты енгізу және түзету кезінде келесі кезеңдер сақталады:

1 1) анықтамалық ақпараттың барлығы мәзірден таңдалады;

2 2) жеке үй болған кезде «пәтер нөмірінің» жиегіне «нөл» енгізіледі;

3 3) екі және одан да көп пәтерлі үйлер болған кезде «пәтердің нөмірі» жиегіне тиісті «пәтердің нөмірі» қойылады;

4 4) «үй пайдаланудан шыққан» жағдайда пәтердің жағдайына «тұрғын емес» себебі қойылады бұл ретте барлық пәтерлердің тұрғын алаңы жойылады, ал жалпы алаңы қалады;

5 5) пәтердің жағдайы «тұрғын емес» болса, тұратындар саны мен үй шаруашылықтарының саны жойылады;

6 6) пәтер тұрғын үй қорынын шығарылған кезде, «пәтердің пайдаланудан шығарылу себебі» жиегі міндетті түрде толтырылады;

7 7) «үйдің карточкасында» «қабаттылығы» бағанында «бірден жоғары» белгісін енгізу көзделген;

8 8) үйдің немесе пәтердің жағдайы «шығарылған» болса, «шығарылу себебі» және «шығарылған күні» жиектері міндетті түрде толтырылуы керек, басқа жағдайларда бұл жиектер толтырылмайды;

9 9) бақылау кезінде пәтердің жалпы алаңы пәтердің тұрғын алаңына тең болуына жол беріледі;

10 10) ТҚСТ АЖ базасында кез келген өзгеріс болған кезде «өзектендірудің соңғы күні» атрибутына автоматты түрде жүйелік күн енгізіледі;

11 11) бақылау кезінде үйдің жалпы алаңына үйдегі шығарылған пәтерлердің жалпы алаңы кіреді;

12 12) бақылау кезінде үйдің тұрғын алаңына шығарылған пәтерлердің тұрғын алаңы кірмейді;

13 13) бақылау кезінде үйдің тұрғын алаңына «тұрғын еместен» «тұрғынға» өзгергенде енгізілген пәтерлердің тұрғын алаңы кіреді;

14 14) «жапсаржай» бойынша деректер түскен кезде «жапсаржай» алаңы тұрғын үйдің жалпы алаңына қосылады;

15 15) ТҚСТ АЖ базасына түзетулер енгізілген кезде өзгерістер түскен деректер ғана ауыстырылады, ал қалған деректер өзгертілмейді;

16 16) ТҚСТ АЖ базасына өзгеріс енгізілген кезде «өзектендіру туралы мәліметтер» атрибутына автоматты түрде жүйелік күн енгізіледі;

17 17) ТҚСТ АЖ базасында тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы жазбалар болмаған кезде жазбалар қосылады;

18 18) тұратындар, үйдің жағдайы, тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) жағдайы, бөлмелер саны, сыртқы қабырға материалдары, көше типінің атаулары, көше атаулары, үй (пәтерлер) нөмірі туралы деректерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ТҚСТ АЖ-ға тиісті түзетулер енгізіледі;

19 19) тұрғын үй қорын абаттандыруды өзектендіру кезінде жабдықталған тұрғын үй-жайлар туралы мәліметтер енгізіледі. Тұрғын үй-жай:

егер үйде электр өткізгіш болса, электрмен;
егер еденүсті электр плитасы немесе еденүсті электр плитасы орнатылған бөлек тұрған асүйі (асүйге арналған арнаулы күрделі ғимарат) бар үй болса, еденүсті электр плитасымен;
егер желілік табиғи газбен жабдықталған еденүсті газ плитасы болса, желілік (табиғи) газбен;
егер сұйытылған газбен (газ тәрізді заттарды сақтауға арналған баллондағы немесе газгольдерлердегі-резервуарлардағы) жабдықталған еденүсті газ плитасы болса, сондай-ақ сұйытылған газбен жабдықталған еденүсті газ плитасы орнатылған бөлек тұрған асүйі бар газдандырылған деп саналатын үй сұйытылған газбен;
егер үйде жылу қазандығы, орамдық немесе аудандық қазандық, жылу электр орталықтары, сондай-ақ автоматты газды су жылытқыштары орнатылған болса, орталықтан жылытумен;
жеке қондырғылардан жылытумен: егер жылу қондырғыларынан немесе дәстүрлі тұрғын үйдің ішінде тұрған немесе үлкен жеке үйлердің немесе коттедждердің және уақытша шағын үйлердің иелерінде айрықша жағдайлар үшін қосымша нұсқа ретінде газбен, қатты немесе сұйық отынмен жағылатын жабдықтан жылытылатын болса, пешпен жылытумен;
егер үйдің ішінде су орталықтандырылған су құбырынан немесе артезиандық ұңғымадан түсетін тарату желісі болса, үйдегі (пәтердегі) су құбырымен;
егер үйдің (жеке тұрған ас үй немесе үйден тыс ұқсас үй-жайлар) сыртында су орталықтандырылған су құбырынан немесе артезиандық ұңғымадан түсетін тарату желісі болса, үйден (пәтерден) тыс су құбырымен;
егер үй ауласында құдық немесе су таратқыш шүмек (колонка) немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздері болса, құдықпен, колонкамен немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздерімен;
егер үйде жоғарыда көрсетілген сумен жабдықтау көздері болмаса көлікпен жеткізу басқа өңірлерден, алыс орналасқан су көздерінен немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздерінен көлікпен жүзеге асырылса, ауыз суды жеткізумен;
егер үйдің ішінде көшедегі кәріз желісіне шаруашылық нәжіс суларының ағуына арналған кәріз құрылғысы немесе сорғыш құдықтар болса, орталық кәрізбен. Су құбыры жоқ, сондай-ақ биодәретханасы бар болған жағдайда тұрғын үй-жай кәрізбен жабдықталған тұрғын үй деп есептелмейді;
егер жеке ванна бөлмесімен қатар осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған бөлмеде ыстық судың түсу тәсіліне қарамастан, стационарлық ванна немесе себезгімен, бұл ретте ванна (себезгі) орнатылған, ал кәрізі жоқ тұрғын үй ваннамен немесе себезгімен жабдықталған деп есептелмейді;
егер тұрғындардың тұрмыстық мұқтаждығы үшін ыстық суды орталықтан беретін арнайы су құбыры болса, орталық ыстық сумен қамтамасыз етумен;
егер шағын жылу қазандықтарын қоса алғанда, пәтерде су жылытқыштардан, газды (отынды) колонкалардан ыстық су беретін арнайы су құбыры болса, жеке су жылытқыштар арқылы ыстық сумен қамтамасыз етумен жабдықталған болып есептеледі.

4 4-тарау. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінен жиынтық ақпаратты қалыптастыру

13.Тұрғын үй қорының болуы және жағдайы туралы жиынтық деректер мен уәкілетті орган бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры туралы» статистикалық жинағында жыл сайын қалыптастырылатын тұрғын үй қорының болуы мен абаттандырылуын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер ТҚСТ АЖ-дан алынатын ұйғарынды ақпарат болып табылады.

1 Тұрғын үй қоры статистикалық

тіркелімін жүргізу және өзектендіру
бойынша әдістемеге
1-қосымша
ТҚСТ АЖ атрибуттары (үйлер каталогы)

Ат­ри­бут­тар ата­уы
ТҚСТ де­рекқо­рын­да­ғы
ат­ри­бут­тар­дың ата­уы
1
Үй ко­ды
HOUSE_ID
2
Ка­дастр­лық нө­мі­рі
KADASTR_NU
3
ӘА­ОЖ
KATO
4
ӘА­ОЖ ата­уы. Rus
KATO_FN_RU
5
ӘА­ОЖ ата­уы. Kaz
KATO_FN_KK
Ме­кен­жай мә­лі­мет­те­рі
6
Кө­ше ти­пі 2-ші дең­гей. Ко­ды
STREET2_ID
7
Кө­ше ти­пі 2-ші дең­гей.
Ата­уы RUS
STREET2_TYPE
8
Үй­дің құ­ры­лым­дан­ба­ған ме­кен­жайы. Ата­уы RUS
ADDRESS_RU
9
Үй­дің құ­ры­лым­дан­ба­ған ме­кен­жайы. Ата­уы KAZ
ADDRESS_KK
10
Үй нө­мі­рі
HOUSE_NUMB
11
Ме­кен­жай­ды тір­кеу ко­ды
МТК
Үй­дің си­патта­ма­ла­ры
12
Үй жағ­дайы
HOUSE_SITU
13
Үй ти­пі
HOUSE_TYPE
14
Үй­дің қа­бат­ты­лы­ғы
FLOOR_NUMBER
15
Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні
INPUT_DATE
16
Үй­ді са­лушы
HOUSE_BUIL
17
Пай­да­ла­ну­ға бе­ру шар­тта­ры
HOUSE_INPU
18
Қа­быр­ға ма­те­ри­ал­да­ры
HOUSE_WALL
19
Пай­да­ла­ну­дан шы­ға­ры­л­ған кү­ні
LEAVE_DATE
20
Пай­да­ла­ну­дан шы­ға­ры­лу се­беп­те­рі
HOUSE_LEAVE
Жиын­тық көр­сет­кіш­тер
21
Жал­пы ала­ңы
FULL_SQUAR
22
Тұр­ғын ала­ңы
LIVING_SQU
23
Бар­лық пәтер­лер
FLATS
24
Олар­дан: тұр­ғын
INFABITED_
25
Олар­дан: тұр­ғын емес
UNINHABITE
26
Бар­лық тұ­ра­тын­дар
RESIDENT_N
27
Бар­лық үй ша­ру­а­шы­лық­та­ры
HOUSEHOLD
Өзек­тен­ді­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
28
Өзек­тен­ді­ру кү­ні
ACTUA_DATE
29
Де­реккө­зі. Ко­ды
ACTUAL_SOU
30
Негіз­де­ме
ACTUA_BASI
31
Үй­дің абат­тан­ды­ры­луы: Ко­ды
HOUSE_ACCO

2 Тұрғын үй қоры статистикалық

тіркелімін жүргізу және
өзектендіру бойынша әдістемеге
2-қосымша
ТҚСТ АЖ атрибуттары (пәтерлер каталогы)

Ат­ри­бут­тар ата­уы
ТҚСТ де­рекқо­рын­да­ғы
ат­ри­бут­тар­дың ата­уы
1
ӘА­ОЖ ко­ды
KATO
2
Үй ко­ды
HOUSE_ID
3
Пәтер ко­ды
FLAT_ID
4
Ка­дастр­лық нө­мі­рі
CADASTRALN
5
Ме­кен­жай­дың тір­ке­лім ко­ды
МТК
6
Үй-жай ти­пі. Ко­ды
FLAT_TYPE
7
Пәтер нө­мі­рі
NUM
8
Пәтер жағ­дайы. Ко­ды
FLAT_SITUA
9
Мен­шік тү­рі. Ко­ды
FLAT_OWNER
10
Пай­да­ла­ну­ға бе­ру шар­ты. Ко­ды
FLAT_INPUT
11
Пай­да­ла­ну­дан шы­ға­ры­лу се­беп­те­рі. Ко­ды
FLAT_CAUSE
12
Пай­да­ла­ну­дан шы­ға­ры­л­ған кү­ні
DATEOFRETI
13
Жал­пы ала­ңы
FULL_SQUAR
14
Тұр­ғын ала­ңы
LIVING_SQU
15
Бөл­ме са­ны
QUAN_ROOM
16
Үй ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның са­ны
QUAN_HHOL
17
Тұ­ра­тын­дар са­ны
QUAN_HABI
18
Қа­ба­ты
LEVEL_NUMB
19
Өзек­тен­ді­ру кү­ні
ACTUAL_DATE
20
Де­реккө­зі. Ко­ды
ACTUAL_ID
21
Негіз­де­ме
ACTUAL_BAS
22
Жа­ңар­ты­л­ған кү­ні
REFRESH_DA
23
Пай­да­ла­ну­шы. Ло­ги­ні
USERNAME
24
Са­тып алу-са­ту шар­ты бой­ын­ша мәмі­ле со­ма­сы
TRANSA_SUM
25
Кү­ніне са­тып алу-са­ту шар­ты бой­ын­ша мәмі­ле со­ма­сы
TRANSA_DAT
26
Са­лық са­лу мақ­са­тын­да­ғы құ­ны (мың тең­ге)
TAX_COST
27
Кү­ніне са­лық са­лу мақ­са­тын­да­ғы құ­ны (мың тең­ге)
TAX_ESTIMA
28
Пәтер ие­сі. ТАӘ RUS
PRAVOOBLAD

3 Тұрғын үй қоры статистикалық

тіркелімін жүргізу және өзектендіру
бойынша әдістемеге
3-қосымша
Әкімшілік дереккөздерден үйлердің апаттылығы туралы мәліметтер
Ел­ді ме­кен (ауыл, кент):
Аудан (қа­ла):

Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер жік­те­у­ші (ӘА­ОЖ) бой­ын­ша код
Үй ти­пі (же­ке, екі пәтер­лі, үш және одан да көп пәтер­лі үй­лер)
Ме­кен­жай­дың тір­кеу ко­ды (МТК)
Ме­кен­жай мә­лі­мет­те­рі: об­лыс, қа­ла, аудан/қа­лад­а­ғы аудан, ауыл­дық округ, ел­ді ме­кен (кент, ауыл), кө­ше ата­уы, үй­дің нө­мі­рі, пәтер нө­мі­рі
Құқық ие­ле­ну­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар болған жағ­дай­да)
Үне­мі тұ­ра­тын­дар са­ны, адам
Тұр­ғын үй қо­ры­нан шы­ға­ры­лу (бұ­зы­лу) се­бе­бі мен кү­ні
Ес­керт­пе
1
2
3
4
...

4 Тұрғын үй қоры статистикалық

тіркелімін жүргізу және өзектендіру
бойынша әдістемеге
4-қосымша
Әкімшілік дереккөздерден шаруашылықтар бойынша есепке алу мәліметтері
Үй ко­ды
Ка­дастр­лық нө­мі­рі
Кө­ше ата­уы
Үй­дің нө­мі­рі
Пәтер нө­мі­рі
Жал­пы ала­ңы
Тұр­ғын ала­ңы
Бөл­ме­лер са­ны
Тұ­ра­тын­дар са­ны
Үй ша­ру­а­шы­лық­та­ры­ның са­ны
Үй ие­сі­нің ТАӘ
Кестенің жалғасы
Абат­тан­ды­ру
электр
су­мен жаб­дық­тау
кә­різ
жы­лы­ту
же­ке құ­ры­л­ғы­лар­мен жы­лы­ту
үй­де­гі су құ­бы­ры
үй­ден тыс су құ­бы­ры
құ­дық, ко­лон­ка неме­се бас­қа­лар
ор­та­лық
бас­қа
ор­та­лық­тан жы­лы­ту
пе­шпен жы­лы­ту
одан
өзге
қат­ты отын­ды
сұй­ық отын­ды
га­з­бен
Кестенің жалғасы
Абат­тан­ды­ру
ыстық су­мен қам­та­ма­сыз ету
газ
еде­нү­сті электр пли­та­сы­мен
орталық
жеке су ысытқыштардан
желілік (табиғи) газ
сұйытылған
(баллондағы) газ
желілік (табиғи) газ
сұйытылған (баллондағы) газ
Кестенің жалғасы
Үй жағ­дайы
Пәтер жағ­дайы
Қа­быр­ға­лар­дың ма­те­ри­ал­да­ры
Үй ти­пі
Мен­шік тү­рі

Қолданыстағы