Құжат мәтініне өту

О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Научно-практический центр развития социальной реабилитации» Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Қаулы · № 397 · қабылданған 28.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113080/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Научно-практический центр развития социальной реабилитации» Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 397 ·28.06.2017
28.06.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Научно-практический центр развития социальной реабилитации» Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 397 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Научно-практический центр развития социальной реабилитации» Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
397
Қабылданған күні
28.06.2017
Көрсетілген редакция
28.06.2017 113080_220110.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000397
ЭКБ идентификаторы
113080
Редакция идентификаторы
113080_220110
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:39

0 ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-бөліммен толықтырылсын:
«3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.».

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы