Құжат мәтініне өту

Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке

Бұйрық · № 164 · қабылданған 05.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113136/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке Қолданыста Бұйрық ·№ 164 ·05.05.2017
05.05.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке

Қолданыста Бұйрық ·№ 164 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предельных цен оптовой реализации товарного газа на внутреннем рынке
Атауы (қаз.)
Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
164
Қабылданған күні
05.05.2017
Көрсетілген редакция
05.05.2017 113136_196952.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015295
ЭКБ идентификаторы
113136
Редакция идентификаторы
113136_196952
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:10

0 Тауарлық газды ішкі нарықта

көтерме саудада өткізудің
шекті бағаларын бекіту туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
«___» __________2017 жыл

10 Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалар

Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2017 жылғы 5 мамыр
№ 164 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалар
Р/с

Өңір
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен
1.
Алматы қаласы
23 522 (жиырма үш мың бес жүз жиырма екі)
2.
Алматы облысы
23 522 (жиырма үш мың бес жүз жиырма екі)
3.
Оңтүстік Қазақстан облысы
21 648 (жиырма бір мың алты жүз қырық сегіз)
4.
Жамбыл облысы
21 197 (жиырма бір мың бір жүз тоқсан жеті)
5.
Қызылорда облысы
7 545 (жеті мың бес жүз қырық бес)
6.
Батыс Қазақстан облысы
11 987 (он бір мың тоғыз жүз сексен жеті)
7.
Ақтөбе облысы
5 288 (бес мың екі жүз сексен сегіз)
8.
Атырау облысы
6 249 (алты мың екі жүз қырық тоғыз)
9.
Қостанай облысы
17 938 (он жеті мың тоғыз жүз отыз сегіз)
10.
Шығыс Қазақстан облысы
7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш)
11.
Маңғыстау облысы
14 521 (он төрт мың бес жүз жиырма бір)

Қолданыстағы