О переименовании улиц села Масанчи Масанчинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц села Масанчи Масанчинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Масанчи ауылдық округінің Масанчи ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 26.05.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2017 113214_199990.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GES03475
- ЭКБ идентификаторы
- 113214
- Редакция идентификаторы
- 113214_199990
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:00
0 Масанчи ауылдық округінің Масанчи ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Масанчи ауылдық округінің Масанчи ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
70-лет Октября көшесі - Ақ Орда;
Климент Ефремович Ворошилов көшесі – Сарыарқа;
Феликс Эдмундович Дзержинский көшесі – Сайран;
Дружба көшесі – Ынтымақ;
Андрей Александрович Жданов көшесі – Ақжайлау;
Интернациональная көшесі – Думан;
Михаил Иванович Калинин көшесі – Алатау;
Сергей Миронович Киров көшесі – Ұлытау;
Коминтерн көшесі – Ақтерек;
Коммунистический көшесі – Ақсай;
Комсомольская көшесі – Өжет;
Валериан Владимирович Куйбышев көшесі – Байқоңыр;
Владимир Ильич Ленин көшесі - Мәңгілік ел;
Механизация көшесі – Тасбұлақ;
Мир көшесі – Ақши;
Почтовый көшесі – Болашақ;
Правда көшесі – Айқын;
Яков Михайлович Свердлов көшесі – Құлсары;
Северная көшесінің атауы – Солтүстік;
Табачная көшесі – Барыс;
Михаил Васильевич Фрунзе көшесі – Ақмешіт;
Дмитрий Андреевич Фурманов көшесі – Медеу;
Василий Иванович Чапаев көшесі – Меркі;
Школьная көшесі – Арасан.