Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қаулы · № 37/04 · қабылданған 27.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113337/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий Күшін жойған Қаулы ·№ 37/04 ·27.06.2017
08.01.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы ·№ 37/04 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37/04
Қабылданған күні
27.06.2017
Көрсетілген редакция
08.01.2019 113337_384777.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17K0004290
ЭКБ идентификаторы
113337
Редакция идентификаторы
113337_384777
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:40

0 Басым ауыл шаруашылығы

дақылдарының тізбесін
және субсидиялау нормаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Төмендегі:

1 1) басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2

2) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Қарағанды облысының әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 54/03 «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3939 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 тамызда, 2016 жылғы 27 тамыздағы № 111 (22056) «Индустриальная Караганда» және 2016 жылғы 27 тамыздағы № 136-137 (22242) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қарағанды облысының әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 36/01 «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы» қаулысы жойылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы» қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Қарағанды

облысының әкімдігінің
2017 жылғы «27» 06
№ 37/04 қаулысына
1-қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

р/с
Басым дақылдардың атауы
1
Біржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)
2
Егістік алқаптарында және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші жылы өсіп жатқан биылғы жылғы көктемде немесе өткен жылғы күзде егілген көпжылдық шөптер
3
Сүрлемге арналған жүгері
4
Сүрлемге арналған күнбағыс
5
Майлы дақылдар
6
Қорғалған топырақта өсірілген көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік жылыжай кешендері)
7
Қорғалған топырақта өсірілген көкөніс дақылдары
( фермерлік жылыжайлар)

9 Қарағанды

облысының әкімдігінің
2017 жылғы «27» 06
№ 37/04 қаулысына
2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

Басым дақылдардың атауы
1 гектарға және (немесе)1 тоннаға арналған субсидия нормалары, тенге
1
Біржылдық шөптер (масақты дәні дақылдардан басқа)
8 000
2
Егістік алқаптарында және (немесе) шалғындыққа айналдыру үшін және (немесе) шабындықтарды және жайылымдарды түбегейлі жақсарту үшін бірінші жылдың көктемінде немесе өткен жылдың күзінде егілген көпжылдық шөптер
10 000
3
Сүрлемге арналған жүгері
8 000
4
Сүрлемге арналған күнбағыс
8 000
5
Майлы дақылдар
8 000
6
Қорғалған топырақта өсірілген көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік жылыжай кешендері)
4 000 000
7
Қорғалған топырақта өсірілген көкөніс дақылдары
( фермерлік жылыжайлар)
2 000 000

Қолданыстағы