Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации выполнения общественных работ лицами, осужденными к данному виду наказания

Бұйрық · № 386 · қабылданған 02.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113382/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации выполнения общественных работ лицами, осужденными к данному виду наказания Қолданыста Бұйрық ·№ 386 ·02.06.2017
30.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации выполнения общественных работ лицами, осужденными к данному виду наказания

Қолданыста Бұйрық ·№ 386 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации выполнения общественных работ лицами, осужденными к данному виду наказания
Атауы (қаз.)
Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
386
Қабылданған күні
02.06.2017
Көрсетілген редакция
30.09.2025 113382_785176.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015311
ЭКБ идентификаторы
113382
Редакция идентификаторы
113382_785176
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:55

0 Жазалаудың осы түріне сотталған

адамдардың қоғамдық жұмыстарды
орындауын ұйымдастыру
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 62-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары

Қазақстан
Республикасы Ішкі
істер министрінің
2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 386 бұйрығымен бекітілген
Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың
қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 12-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 62-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) қоғамдық жұмыстарға сотталған адамдардың жазаның осы түрін орындауға тартуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

2 2-тарау. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларды ұйымдастыру тәртібі

2 2. Жергілікті атқарушы орган сот үкімін немесе қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

1 1) сотталған адамның тұрғылықты жерінде орналасқан белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстар түрін, сондай-ақ еңбек жағдайларының қауіпсіздігін ескере отырып, оларды қоғамдық орындарда орындау үшін объектілерді айқындайды;

2

2) сотталған адамның деректерін, ақы төленбейтін қоғамға пайдалы жұмыстардың түрін, оларды орындауға арналған объектіні, орындау шарттарын, жауапты ұйымды, күніне төрт сағаттан аспайтын, ал тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға - күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан аспайтын жұмыспен өтеу уақытының ұзақтығын, демалу уақытын көрсете отырып, қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкім шығарады;

3 3) пробация қызметіне сот үкімін немесе қаулысын алғаны туралы хабарлама және қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру туралы өкімді жібереді.

2-1 2-1. Жергілікті атқарушы орган:

1 1) сотталған адамды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеудешемен, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды орындау үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және өзге де құралдармен қамтамасыз етеді;

2 2) ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей пробация қызметіне жұмыс істелген уақытты есепке алу табелі мен орындалған жұмыстар актісін, сондай-ақ сотталған адамның мінез-құлқы туралы ақпаратты жібереді;

3 3) сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі туралы пробация қызметіне хабарлайды.

3 3. Қоғамдық жұмыстар сотталғандарды негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан аспайтын шамада орындалады.

4

4. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сағатпен есептеледі, сол уақыт ішінде сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындайды. Кәмелетке толмаған сотталғандарға қатысты қоғамдық жұмыстар он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады және ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы – күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.

5 5. Жергілікті атқарушы органдар сотталғанның жазаны өтеуден жалтару фактісін анықтаған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде пробация қызметін жазбаша түрде хабардар етеді.

23 Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидасына

қосымша
Нысан
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандардың кеудешесі нысанының үлгісі.
Жарық шағылыстыратын бір жолағы бар және «ҚОҒАМҒА ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУ», «ОТДАТЬ ДОЛГ ОБЩЕСТВУ» деген жазуы бар қызғылт сары түсті кеудеше (сурет).
Сурет.
Ескертпе: 1 – алдыңғы жағы; 2 – арқа жағы.

Қолданыстағы