Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 242 · қабылданған 14.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113404/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 242 ·14.06.2017
14.06.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 242 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах административно-территориального устройства Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
242
Қабылданған күні
14.06.2017
Көрсетілген редакция
14.06.2017 113404_202851.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17S0004254
ЭКБ идентификаторы
113404
Редакция идентификаторы
113404_202851
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:48

0 Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 5) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Кейбір бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулылары мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімдеріне осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.

2 2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы
№ 242 қаулысы және Солтүстік
Қазақстан облыстық мәслихаттың
2017 жылғы 14 маусымдағы
№ 14/5 шешімімен бекітілді
Өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулылары және
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімдерінің тізбесі

1

1. «Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 312-27/10 бірлескен қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1635 болып тіркелді):

1 1) мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша «селолық», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) аталған бірлескен облыс әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімінің преамбуласында орыс тіліндегі «им. Габита Мусрепова» деген сөздер «имени Габита Мусрепова» деген сөздермен ауыстырылсын;

3 3) орыс тіліндегі барлық мәтін бойынша «аул» деген сөз «село» деген сөзбен ауыстырылсын.

2

2. Бірлескен «Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң атауын өзгерту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 159 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 5 маусымдағы № 7/9 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1679 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде 2008 жылғы 16 шілде жарияланды):

1 1) аталған мемлекеттік тілдегі бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағының үшінші абзацындағы «Қызыләскер с.» деген сөздер «Қызыләскер ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) аталған мемлекеттік тілдегі бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағының сегізінші абзацындағы «Ғабит Мүсірепов ауданы» деген сөздер «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан» деген сөздермен ауыстырылсын.

3

3. Бірлескен «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 170 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 19 маусымдағы № 16/15 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1718 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде 2009 жылғы 7 тамыз жарияланды):
мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша «селолық», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын.

4

4. Бірлескен «Солтүстiк Қазақстан облысының кейбiр елдi мекендерi мен ауылдық округтерi атауларының транскрипциясын өзгерту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 340 қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 20/8 шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1738 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде 2010 жылғы 6 ақпан жарияланды):

1 1) мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша «М.Жұмабаев» және «Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы» деген сөздер тиісінше «Мағжан Жұмабаев» және «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) орыс тіліндегі барлық мәтін бойынша «М.Жумабаева», «им. Г.Мусрепова» деген сөздер тиісінше «Магжана Жумабаева», «имени Габита Мусрепова» деген сөздермен ауыстырылсын.

5

5. Бірлескен «Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгертудің кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30/10 шешімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 353а қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1770 болып тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде 2011 жылғы 25 қаңтар жарияланды):

1 1) мемлекеттік тілдегі барлық мәтін бойынша «селолық», «селолары», «селосы» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылдары», «ауылы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) орыс тіліндегі мәтінде «аул», «аульного», «аула», «им. Габита Мусрепова» деген сөздер тиісінше «село», «сельского», «села», «имени Габита Мусрепова» деген сөздермен ауыстырылсын.

Қолданыстағы