Құжат мәтініне өту

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Костаная

Қаулы · № 1700 · қабылданған 12.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113458/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Костаная Қолданыста Қаулы ·№ 1700 ·12.06.2017
30.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Костаная

Қолданыста Қаулы ·№ 1700 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Костаная
Атауы (қаз.)
Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1700
Қабылданған күні
12.06.2017
Көрсетілген редакция
30.12.2020 113458_503528.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17NA007128
ЭКБ идентификаторы
113458
Редакция идентификаторы
113458_503528
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:49

0 Қостанай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген), Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 37-үй мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін айына жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін 23,40 (жиырма үш теңге қырық тиын) мөлшерінде төлемақы мөлшері белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы