Құжат мәтініне өту

Об утверждении предельного уровня цен на субсидируемые универсальные услуги связи, оказываемые в сельских населенных пунктах

Бұйрық · № 29 · қабылданған 22.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113460/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении предельного уровня цен на субсидируемые универсальные услуги связи, оказываемые в сельских населенных пунктах Қолданыста Бұйрық ·№ 29 ·22.06.2017
14.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предельного уровня цен на субсидируемые универсальные услуги связи, оказываемые в сельских населенных пунктах

Қолданыста Бұйрық ·№ 29 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предельного уровня цен на субсидируемые универсальные услуги связи, оказываемые в сельских населенных пунктах
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29
Қабылданған күні
22.06.2017
Көрсетілген редакция
14.05.2025 113460_760230.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015328
ЭКБ идентификаторы
113460
Редакция идентификаторы
113460_760230
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:43

0 Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін бекіту туралы

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген) бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 331) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мынандай:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес телекоммуникациялар секторында бекітілген;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пошта байланысы секторында бекітілген, ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі бекітілсін.

2 2. Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Ақпараттандыру және байланыс саласындағы бақылау жөніндегі басқармасы (Б.Х. Тәжібаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Т. Сүлейменов
2017 жылғы «__» ___________

0 Телекоммуникациялар секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі

Байланыс, ақпараттандыру және
бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы мемлекеттік
бақылау комитеті төрағасының
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 29 бұйрығына
1-қосымша
Телекоммуникациялар секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі

р/с
Телекоммуникациялардың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің атауы
Қызметтердің сипаттамасы және төлем түрі
Бағалардың шекті деңгейі
(теңге, ҚҚС-сыз)
1.
Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 8 Мбит/с-қа дейінгі жеке қолжетімділік қызметтері
кіріс трафиктің көлемі 20 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 4 Мбит/с дейін № 1 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем
982,14
кіріс трафиктің көлемі 40 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с дейін № 2 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем
1964,29
2
Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с-тан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша жеке қолжетімділік қызметтері
кіріс трафиктің көлемі 100 Гбайтан аспайтын қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с астам № 3 тарифтік жоспары бойынша ай сайынғы төлем
1964,29
3
Интернет желісіне жеке қолжетімділік қызметі бойынша субсидияланатын абоненттерді қоспағанда жергілікті байланыс қызметтері
жергілікті телефон байланыстары қызметтерінің төлемін уақытпен есептелетін жүйеге ауыстырылмаған бір негізгі телефон аппаратына ай сайынғы төлем
596,59

2 Байланыс, ақпараттандыру

және бұқаралық ақпарат
құралдары саласындағы мемлекеттік
бақылау комитеті төрағасының
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 29 бұйрығына
2-қосымша
Пошта байланысы секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі
Атауы
Өлшем бірлігі, грамм
Бағалардың шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)
Жеке тұлғалар
Заңды тұлғалар
Жазылу бойынша мерзімді баспасөз басылымдарын (газет/журнал) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер
36
36
Республикалық/жергілікті
жерүсті
30
әрбір кейінгі 1 грамм салмағы үшін
0,2
0,2
Қазақстан Республикасы бойынша тіркелмейтін хатты жiберу жөніндегі көрсетілетін қызметтер
20
122
265
әрбір кейінгі толық/толық емес 20 грамм салмағы үшін
20
20

Қолданыстағы