Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о техническом содействии

Заң · № 92-VI · қабылданған 12.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113465/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о техническом содействии Қолданыста Заң ·№ 92-VI ·12.07.2017
12.07.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о техническом содействии

Қолданыста Заң ·№ 92-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о техническом содействии
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
92-VI
Қабылданған күні
12.07.2017
Көрсетілген редакция
12.07.2017 113465_277510.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1700000092
ЭКБ идентификаторы
113465
Редакция идентификаторы
113465_277510
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:30

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттаманың жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары («жол картасы») туралы» 2014 жылғы 29 мамырдағы № 74, сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын ескере отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының бірыңғай экономикалық кеңістігіне Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары («жол картасы») туралы» 2014 жылғы 10 қазандағы № 75 (бұдан әрі - Жол карталары) шешімдерін орындау маңыздылығын тани отырып,
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

1 1. Тараптар Келісімнің 2-бабына сәйкес осы Хаттамамен қосымшаға сай жол карталарының іс-шараларына сәйкес келетін, жалпы сомасы 41 038 096 (қырық бір миллион отыз сегіз мың тоқсан алты) АҚШ доллары болатын іс-шаралар тізбесін бекітеді.

2 2. Осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі оның ажырамас бөлігі болып табылады.

3 3. Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларын нақтылауды Тараптар бірлесе отырып:

- Қазақстан тарапынан - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган;
- Қырғыз тарапынан - еуразиялық интеграция шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

2 2-бап

Көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамамен бекітілген тәртіппен мынадай нысандарда беріледі: ақша қаражаты, жабдықтар, тауарлар, оқыту және қызметтер көрсету.

3 3-бап

Осы Хаттаманың ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар консультациялар және келіссөздер арқылы реттейді.

4 4-бап

Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы Хаттаманың ажырамас бөліктері болып табылады.

5 5-бап

Осы Хаттаманың, Келісімнің және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап осы Хаттама күшіне енеді.
Тараптардың осы Хаттамада көзделген барлық міндеттемелері орындалған кезден бастап осы Хаттаманың қолданылуы тоқтатылады.
2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманы түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін

0 Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Үкіметі
арасындағы Техникалық жәрдем
көрсету туралы хаттамаға
қосымша
Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі

Іс-шаралардың атауы
Сома, АҚШ доллары
1.
Кедендік әкімшілендіру саласында өткізу пункттерін салу, жайластыру және материалдық-техникалық жарақтандыру
3 286 800
2.
Техникалық реттеу саласында сынақ зертханаларын және басқа да объектілерді жаңғырту, толық жарақтандыру, реконструкциялау, сондай-ақ мамандарды оқыту
5 662 149
3.
Көлік инфрақұрылымы саласында Қырғыз Республикасы Көлік және жолдар министрлігінің жанындағы "Кырғыз темир жолу" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорнының зертханасын жарақтандыру
577 840
4.
Ақпараттық өзара іс-қимыл саласында Қырғыз Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы "Сыртқы сауда саласындағы "Бірыңғай терезе орталығы" мемлекеттік кәсіпорнын жарақтандыру
1 698 700
5.
Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет агенттігінің жанындағы өртке қарсы зертхананы толық жарақтандыру
749 621
6.
Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы Дәрілік қамтамасыз ету және медициналық техника департаментінің сынақ зертханасын (орталықтарын) толық жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту
1 863 523
7.
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласында санитариялық-карантиндік пунктерді және басқа да объектілерді жаңғырту, жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту
5 199 463
8.
Фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар саласында өткізу пункттерін және басқа да объектілерді жаңғырту, реконструкциялау және жарақтандыру, сондай-ақ мамандарды оқыту
22 000 000
Жиыны:
41 038 096

Қолданыстағы