О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой о применении порядка регулирования доступа к услугам железнодорожного транспорта, включая основы тарифной политики
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой о применении порядка регулирования доступа к услугам железнодорожного транспорта, включая основы тарифной политики
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 95-VI
- Қабылданған күні
- 12.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2017 113468_269513.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1700000095
- ЭКБ идентификаторы
- 113468
- Редакция идентификаторы
- 113468_269513
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:30
0 Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы
2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту.
Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімінің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы
2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартты негізге ала отырып,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын жүзеге асыру және теміржол көлігінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Теміржол көлігімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен Қырғыз Республикасына/Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден/мүше мемлекеттерге тасымалданатын жүктерге және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасында теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерге қатысты қатынас түрлері бойынша біріздендірілген тарифтер (экспорттық, импорттық және мемлекетішілік тарифтер) туралы ережелерді қоса алғанда, Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттамаға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 24 қосымша) № 2 қосымшаның ережелерін Тараптар осы Келісімнің 2-бабында көзделген уақытша қолдану күнінен бастап өзара қолданады.
2 2-бап
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң уақытша қолданылады және Тараптардың әрқайсысының оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы олардың хабарламаларының соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күні күшіне енеді.
Осы Келісім 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы хаттамаға № 1 қосымшаның 68-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
2016 жылғы 26 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды. Бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
Мәтіндерде алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін