Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Уилского районного маслихата" и его описания

Ереже · № 107 · қабылданған 13.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113520/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Уилского районного маслихата" и его описания Күшін жойған Ереже ·№ 107 ·13.06.2017
12.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Уилского районного маслихата" и его описания

Күшін жойған Ереже ·№ 107 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Уилского районного маслихата" и его описания
Атауы (қаз.)
"Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
107
Қабылданған күні
13.06.2017
Көрсетілген редакция
12.06.2020 113520_469420.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17CK005602
ЭКБ идентификаторы
113520
Редакция идентификаторы
113520_469420
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:49

0 «Ойыл аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік
куәлігін беру Қағидаларын және оның
сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімге қоса беріліп отырған «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 2017 жылгы 13 маусымдағы № 107

Ойыл ауданы маслихатының
шешімімен бекітілген
«Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы «Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ойыл аудандық мәслихаты аппаратының (бұдан әрі – аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру тәртібін айқындайды.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

3 3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

4 4. Қызметтік куәлік Ойыл аудандық мәслихаты хатшысының (бұдан әрі – мәслихат хатшысы) қолы қойылып беріледі.

5 5. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшіге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі.

Мемлекеттік қызметші қызметтік куәлікті алу барысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

6 6. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы аппараттың кадр жұмысына жауапты қызметкердің сейфінде сақталады.

7 7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда, қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде, қызметтік куәлікті беруге жауапты, кадр жұмысына жауапты қызметкер бұрын берілген қызметтік куәлікті қайтарып алады.

2 2. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

8 8. Қызметтік куәліктің мұқабасы көлемі 19 x 6,5 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде), күрең қызыл түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан тұрады.

9 9. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, төменінде типографиялық қаріппен «КУӘЛІК» және «УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген жазулар жазылған.

10

10. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазулар, одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ», «АППАРАТ УИЛСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА» деген жазулар орналастырылған.

11 11. Сол жағында: көлемі 3 х 4 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), жанында қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады, мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

12

12. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу, жанында қызметтік куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады. Одан төмен мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

4 4. Қорытынды ережелер

13 13. Кадр жұмысына жауапты қызметкер жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

14 14. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аудандық мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

15 15. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр жұмысына жауапты қызметкерге жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

16 16. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай емес пайдаланудың әрбір фактісі бойынша кадр жұмысына жауапты қызметкер қызметтік тексеру өткізу туралы өкім шыққан күннен бастап он жұмыс күн ішінде қызметтік тексеру жүргізеді,

оның нәтижелері бойынша аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

17 17. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы кадр жұмысына жауапты қызметкер хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін кадр жұмысына жауапты қызметкер береді.

18 18. Жұмыстан босатылған кезде мемлекеттік қызметші қызметтік куәлікті кадр жұмысына жауапты қызметкерге тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты тұлғаның қолы қойылады.

19 19. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, не бүлінген кезде тапсырылған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

«Ойыл аудандық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік
қызыметшілеріне қызметтік куәлігін
беру Қағидаларына және оның
сипаттамасына қосымша
Нысан
«Ойыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы

Қыз­мет­тік
ку­ә­лік­тің
нө­мі­рі
Те­гі, аты, жө­ні (бар болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын
ла­у­а­зы­мы
Бе­рі­л­ген
кү­ні
Алын­ға­ны
жө­нін­де
же­ке қо­лы
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті
ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны, (та­ғай­ын­да­луы,
ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руі, мер­зі­мі­нің өтуі, жұ­мыстан боса­ты­луы, жо­ға­луы ту­ра­лы бел­гі)
Қыз­мет­тік ку­ә­лік­ті жою
(ак­ті­нің нө­ме­рі
мен кү­ні)
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
9

Қолданыстағы