О системе мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О системе мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерге жұмысқа жіберліген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/154-VI
- Қабылданған күні
- 27.06.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2017 113595_253431.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17U0004155
- ЭКБ идентификаторы
- 113595
- Редакция идентификаторы
- 113595_253431
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:40
0 Оңтүстiк Қазақстан облысының
ауылдық жерге жұмысқа
жiберiлген медицина және
фармацевтика қызметкерлерiн
әлеуметтiк қолдау шараларының
жүйесi туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының мынадай жүйесi айқындалсын:
1 1) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде әлеуметтік көмек белгіленсін;
2 2) мамандарға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ауылдық жерге кемінде бес жылға жіберілетіндерге жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын, әлеуметтік кепілдік ретіндегі біржолғы көмек болып табылады деп белгіленсін;
3 3) әлеуметтік көмекті төлеу облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер шегінде жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
2 2. Мыналардың күші жойылсын деп танылсын:
1
1) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі №34/383-III «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1963-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 24 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған);
2
2) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы №41/410-IV «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 34/383-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2052-нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 29 маусымда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған ).