Об обязательном страховании сельскохозяйственного производства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об обязательном страховании сельскохозяйственного производства
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11-416
- Қабылданған күні
- 06.11.1997
- Көрсетілген редакция
- 06.11.1997 1136_241696.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.1997
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97D000031_
- ЭКБ идентификаторы
- 1136
- Редакция идентификаторы
- 1136_241696
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:54
0 Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру туралы
📌 Сноска. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, аудандар мен қалалардың әкiмдерi, "Казагрополис" республикалық мемлекеттiк ауылшаруашылық сақтандыру кәсiпорнының облыстық филиалы (Бекенов О.Б.) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 Заң күшi бар Жарлығын және Үкiметтiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1513 "Ауылшаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандыру туралы" және 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 460 "Ауылшаруашылығы өндiрiсiн мiндеттi сақтандырудың тәртiбi мен шарттары туралы" Қаулыларын орындау жөнiндегi ұйымдық жұмысты жергiлiктi жерлерде кеңiнен жүргiзбегенi атап өтiлсiн.
Соның салдарынан аграрлық секторда - егiндi көпжылдық өсiмдiктердi, ауылшаруашылығындағы малды, жылжитын және жылжымайтын мүлiктi, ауылшаруашылық өнiмдерiмен тауарларды қолайсыз табиғат және ауа райы жағдайларынан, эпизотиялардан және басқа да апаттардан мiндеттi сақтандыруды жүргiзу мiндеттерi орындалмайды, сақтық қорлар жинақтау жүргiзiлмейдi.
"Казагрополис" сақтық кәсiпорнының аудандық филиалдары Еңбекшiқазақ, Талғар, Iле, Қаскелең, Жамбыл, Ұйғыр аудандарында ғана ашылған.
Осының кесiрiнен село тауар өндiрушiлерiн апаттардан уақтылы қорғау қамтамасыз етiлмейдi, ал апаттар келтiрген шығындар оларды банкроттыққа соқтырады.
Қалыптасқан жағдайға сүйене отырып облыс Әкiмi шешiм еттi:
1. Аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының (Ұзақов Т.Ұ.), "Казагрополис" сақтандыру кәсiпорны облыстық филиалының (Бекенов О.Б.) басшыларының назары аграрлық сектордағы мiндеттi сақтандыру мәселелерi жөнiндегi қолданылып жүрген заңдарды орындаудағы өрескел кемшiлiктерге аударылсын.
2. Олардан мыналар талап етiлсiн:
- бiр ай мерзiм iшiнде "Казагрополис" кәсiпорнының аудандық өкiлдiктерiн кадрлармен толықтыруды аяқтау, оларды қолдауда жан-жақты көмек көрсету;
- аграрлық сектордағы сақтандырудың маңыздылығы мен қажеттiлiгi туралы түсiндiрме жұмыстарды барлық жерде кеңiнен жүргiзу;
- ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының басқа да ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердiң сондай-ақ, меншiк түрiне қарамай ауылшаруашылық өнiмдердi сақтау және өңдеу жөнiндегi кәсiпорындардың негiзгi қорларын түрлi апаттардан мiндеттi сақтандыру жөнiндегi шаралар қолдану. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн сақтандырудың 1998 жылға арналған келiсiм шарттарын жасау жөнiндегi жұмысты жандандыру;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердiң ақшалай, сондай-ақ тауармен төлейтiн сақтандыру төлемдерiнiң есебiнен сақтандыру қорларын жасау тәртiбiн бекiткенiн назарда ұстау.