Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование развития семеноводства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование развития семеноводства»
- Атауы (қаз.)
- «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 14.06.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2020 113635_488034.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17G0003489
- ЭКБ идентификаторы
- 113635
- Редакция идентификаторы
- 113635_488034
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:48
0 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3
3. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 128 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3081 болып тіркелген, 2016 жылдың 01 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 06 маусымында электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
А. Нұралиевке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы «14» маусымдағы
№ 118 қаулысымен бекітілген
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес, Тараз қаласының және аудандар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімдері мен «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияны аудару туралы хабарлама не стандарттың 10 - тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен электрондық почта мекенжайына жолданады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Көрсетілетін қызмет алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттармен жүгінуі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындалудың ұзақтығы:
1 1) құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау - 2 (екі) сағат.
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау - 2 (екі) жұмыс күні.
3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау - 2 (екі) сағат.
4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - 15 (он бес) минут.
6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;
2 2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау;
3 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
4 4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасында портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9 9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) жүгіну тәртібі:
1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеледі, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жолдайды;
2 2) көрсетілетін қызметті алушының «жек кабинетіне» сұранымды қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілетін хабарлама жолданады;
3 3) сұранымды қабылдағаннан кейін, мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібі осы регламенттің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
4 4) Субсидиялар көлемі жеке қаржыландыру жоспарында көзделген тиісті айға арналған бюджет қаражаты көлемінен асатын өтінімдер (өтпелі өтінімдер) бойынша субсидиялар төлеу келесі айда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурстарында және көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтында (http://ush.zhambyl.kz) орналастырылады.
38 Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: