Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров в городских сообщениях на территории города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дифференцируемого тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров в городских сообщениях на территории города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/293
- Қабылданған күні
- 20.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2023 113638_649959.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17R0001395
- ЭКБ идентификаторы
- 113638
- Редакция идентификаторы
- 113638_649959
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:27
0 Алматы қаласының аумағында
жолаушыларды қалалық
қатынастарда автомобильмен тұрақты
тасымалдауға сараланатын
тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес, сонымен қатар ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі ақша қаражаттарының түсімін ұлғайту, жолаушылар тарапынан Алматы қаласының қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыру мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге.
2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.