Құжат мәтініне өту

Об определении перечня опорных сельских населенных пунктов Кызылординской области

Қаулы · № 820 · қабылданған 27.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113647/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении перечня опорных сельских населенных пунктов Кызылординской области Күшін жойған Қаулы ·№ 820 ·27.06.2017
27.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня опорных сельских населенных пунктов Кызылординской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 820 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня опорных сельских населенных пунктов Кызылординской области
Атауы (қаз.)
Қызылорда облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
820
Қабылданған күні
27.06.2017
Көрсетілген редакция
27.08.2021 113647_536863.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17L0005904
ЭКБ идентификаторы
113647
Редакция идентификаторы
113647_536863
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:40

0 Қызылорда облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы

«Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13375 нөмірімен тіркелген) бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесінің 6-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қызылорда облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдануын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «27» маусым

5 Қызылорда облысы әкімдігінің

2017 жылғы «27» маусымдағы № 820
қаулысына
қосымша
Қызылорда облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі

Аудан атауы
Ауылдық округ атауы
Тірек ауылдық елді мекеннің атауы
1
2
3
4
1
Арал
Сексеуіл
Сексеуіл ауылы
2
Арал
Қамыстыбас
Қамыстыбас стансасы
3
Арал
Октябрь
Шижаға ауылы
4
Қазалы
Арықбалық
Жанқожа батыр атындағы ауыл
5
Қазалы
Өркендеу
Өркендеу ауылы
6
Қармақшы
ІІІ Интернационал
ІІІ Интернационал ауылы
7
Қармақшы
Төретам
Төретам ауылы
8
Жалағаш
Аққұм
Аққұм ауылы
9
Жалағаш
Мәдениет
Мәдениет ауылы
10
Сырдария
Ақжарма
Ақжарма ауылы
11
Сырдария
Бесарық
Бесарық ауылы
12
Шиелі
Еңбекші
Еңбекші ауылы
13
Шиелі
Сұлутөбе
Сұлутөбе ауылы
14
Жаңақорған
Аққорған
Түгіскен ауылы
15
Жаңақорған
Төменарық
Төменарық ауылы
16
Жаңақорған
Ақкүйіқ
Бірлік ауылы

Қолданыстағы