Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Зеленовскому району

Қаулы · № 353 · қабылданған 23.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113660/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Зеленовскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 353 ·23.06.2017
12.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Зеленовскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 353 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Зеленовскому району
Атауы (қаз.)
Зеленов ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
353
Қабылданған күні
23.06.2017
Көрсетілген редакция
12.02.2019 113660_390072.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17ZG004864
ЭКБ идентификаторы
113660
Редакция идентификаторы
113660_390072
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:42

0 Зеленов ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Зеленов ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

1 1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2 2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3 3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

2 2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Шауеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы