Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Толебийского района

Ереже · № 16/87-VI · қабылданған 20.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113662/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Толебийского района Қолданыста Ереже ·№ 16/87-VI ·20.06.2017
25.12.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Толебийского района

Қолданыста Ереже ·№ 16/87-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Толебийского района
Атауы (қаз.)
Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16/87-VI
Қабылданған күні
20.06.2017
Көрсетілген редакция
25.12.2024 113662_737637.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UM004140
ЭКБ идентификаторы
113662
Редакция идентификаторы
113662_737637
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:44

0 Төлеби ауданының Құрмет

грамотасымен наградтау
туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса тіркелген Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Төлеби аудандық

мәслихатының 2017
жылғы 20 маусымдағы
№16/87-VІ шешімімен
бекітілген
Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Ереже

1 1. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жасалды.

2

2. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Төлеби ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, аудан көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындауға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

3

3. Төлеби аудандық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары, Төлеби ауданының әкімі, Төлеби ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Төлеби ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

4 4. Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың аудан алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.

5 5. Төлеби аудандық мәслихатына келіп түскен ұсынымдарды алдын-ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Төлеби аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.

6 6. Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.

7 7. Грамотамен наградтау туралы шешім Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

8 8. Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан халқына жеткізіледі.

9 9. Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.

10 10. Грамота Төлеби аудандық мәслихатының төрағасымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Төлеби ауданының өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.

Қолданыстағы