Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в административно-территориальное устройство города Семей Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 171 · қабылданған 03.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113733/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в административно-территориальное устройство города Семей Восточно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 171 ·03.07.2017
03.07.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в административно-территориальное устройство города Семей Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 171 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в административно-территориальное устройство города Семей Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
171
Қабылданған күні
03.07.2017
Көрсетілген редакция
03.07.2017 113733_206849.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17V0005137
ЭКБ идентификаторы
113733
Редакция идентификаторы
113733_206849
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:35

0 Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласының
әкімшілік-аумақтық
құрылысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кейбір елді мекендерін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» Семей қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 34/179-V шешімінің және Семей қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1782 қаулысының, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Таңат ауылдық округін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» Семей қалалық мәслихатының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 34/180-V шешімінің және Семей қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1783 қаулысының, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Жазық ауылдық округін тарату және есепті деректерден шығару жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» Семей қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 8/58-VІ шешімінің және Семей қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1811 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) Семей қаласы бойынша мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын: Алғабас ауылдық округінің Киікқашқан және Қызылжал ауылдары, Знаменка ауылдық округінің Сынтас және Көкен ауылдары, Новобаженово ауылдық округінің Талдықорған ауылы;

2 2) таратылатын ауылдардың аумақтары:

Алғабас ауылдық округінің Киікқашқан және Қызылжал ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Алғабас ауылдық округінің Алғабас ауылының құрамына;
Знаменка ауылдық округінің Сынтас ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Знаменка ауылдық округінің Қыземшек ауылының құрамына;
Знаменка ауылдық округінің Көкен ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Знаменка ауылдық округінің Знаменка ауылының құрамына;
Новобаженово ауылдық округінің Талдықорған ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Новобаженово ауылдық округінің Бұлақ ауылының құрамына енгізілсін;

3 3) мынадай ауылдық округтер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын: Таңат ауылдық округі және Жазық ауылдық округі;

4 4) таратылатын ауылдық округтердің аумақтары:

Таңат ауылдық округі шекаралары өзгертіле отырып, Ақбұлақ ауылдық округінің құрамына;
Жазық ауылдық округі шекаралары өзгертіле отырып, Знаменка ауылдық округінің құрамына енгізілсін.

2 2. Осы шешім және қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы