Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Буландынского района

Өзге акт · № 6С-12/5 · қабылданған 20.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113750/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Буландынского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-12/5 ·20.06.2017
18.04.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Буландынского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-12/5 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории населенных пунктов Буландынского района
Атауы (қаз.)
Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-12/5
Қабылданған күні
20.06.2017
Көрсетілген редакция
18.04.2022 113750_570536.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BG006027
ЭКБ идентификаторы
113750
Редакция идентификаторы
113750_570536
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:44

0 Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданы әкімі
Қ. Испергенов
20 маусым 2017 жыл

4 Бұланды аудандық мәслихатының

2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 6С-12/5 шешімімен
бекітілген
Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.

Бұланды ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Бұланды аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

17 Бұланды аудандық мәслихатының

2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 6С-12/5 шешімімен
бекітілген
Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
т/т №
Бұланды ауданының елді мекеннің атауы
Бұланды ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше,көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Айнакөл ауылдық округі
1
Айнакөл ауылы
7
2
Острогорка ауылы
2
Амангелді ауылдық округі
3
Партизанка ауылы
6
4
Ортақшыл ауылы
2
Вознесенка ауылдық округі
5
Вознесенка ауылы
5
6
Тастыөзек ауылы
2
7
Аққайың ауылы
2
Алтынды ауылдық округі
8
Алтынды ауылы
3
9
Боярка ауылы
1
10
Жаңаталап ауылы
2
11
Алакөл ауылы
2
12
Елтай ауылы
1
Ерголка ауылдық округі
13
Тоқтамыс ауылы
7
14
Новокиевка ауылы
3
15
Иванковка ауылы
3
16
Гордеевка ауылы
3
Журавлевка ауылдық округі
17
Журавлевка ауылы
2
18
Воробьевка ауылы
2
19
Ярославка ауылы
2
20
Новодонецкое ауылы
2
Капитоновка ауылдық округі
21
Капитоновка ауылы
8
22
Пушкино ауылы
1
23
Балуан Шолак ауылы
1
Карамышевка ауылдық округі
24
Шұбарағаш ауылы
5
25
Отрадное ауылы
4
26
Суворовка ауылы
1
27
Мат ауылы
1
Караөзек ауылдық округі
28
Қараөзек ауылы
7
29
Купчановка ауылы
5
30
Байсуат ауылы
3
31
Еруслановка ауылы
3
Никольск ауылдық округі
32
Никольское ауылы
7
33
Ұлтуған ауылы
1
Новобратск ауылдық округі
34
Новобратск ауылы
7
35
Буденовка ауылы
3
36
Красносельск ауылы
2
37
Добровольное ауылы
2
38
Макинск қаласы
28

Қолданыстағы