Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Буландынском районе

Өзге акт · № 6С-12/4 · қабылданған 20.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113751/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Буландынском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-12/4 ·20.06.2017
05.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Буландынском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-12/4 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) в Буландынском районе
Атауы (қаз.)
Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-12/4
Қабылданған күні
20.06.2017
Көрсетілген редакция
05.02.2018 113751_295569.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BG006028
ЭКБ идентификаторы
113751
Редакция идентификаторы
113751_295569
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:44

0 Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Бұланды ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

2 2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Макинск қаласы болып айқындалсын.

3

3. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерін ұлғайту туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 4С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-144 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 ақпанда аудандық «Бұланды Таңы» және «Вести Буланды жаршысы» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданы әкімі
Қ. Испергенов
20 маусым 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Бұланды ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы»
РММ – нің басшысы
________________И. Рзаев
20 маусым 2017 жыл

5 Бұланды аудандық маслихатының

2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 6С-12/4 шешіміне
1 қосымша
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№ р/с
Автотұрақтар (паркингтер) түрлері
Санаттар
1.
Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
1 санат
2.
Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)
2 санат

6 Бұланды аудандық маслихатының

2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 6С-12/4 шешіміне
2 қосымша
Бұланды ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту
№ Р/с
Автотұрақтар (паркинтер) санаты
Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту
1.
1 санат
он есе
2.
2 санат
он есе

Қолданыстағы