О снятии ограничительных мероприятий на территории села Первомай Кабыршактинского сельского округа Акжаикского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села Первомай Кабыршактинского сельского округа Акжаикского района
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 14.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2017 113781_207550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZBI04876
- ЭКБ идентификаторы
- 113781
- Редакция идентификаторы
- 113781_207550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:29
0 Ақжайық ауданы Қабыршақты
ауылдық округінің Первомай
ауылы аумағында шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 7 ақпандағы № 46 ұсынысы негізінде Қабыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылының аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 7 «Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3925 тіркелген, 2015 жылғы 17 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.