Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на сельскохозяйственных угодьях Южно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на сельскохозяйственных угодьях Южно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 10.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2020 113805_448476.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17U0004176
- ЭКБ идентификаторы
- 113805
- Редакция идентификаторы
- 113805_448476
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:33
0 Оңтүстік Қазақстан облысының
ауыл шаруашылығы алқаптарында
карантиндік режим енгізе отырып,
карантиндік аймақ белгілеу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2017 жылғы 13 наурыздағы №05-01-04/269 ұсынысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
2 2. Оңтүстік Қазақстан облысының тиісті қала, аудан әкімдері өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетсін.
3 3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4 4. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
Д.А.Сатыбалды
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Қ.Бөкенбаев
Б.С.Жамалов
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
А.С.Сәбитов
К.Н.Мендебаев
9 Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
«10» шілдедегі №182
қаулысына 1-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режім енгізілетін аймақ
№
Қала, аудан атауы
Карантиндік объектілер атауы
Зиянкестер
Аурулар
Арам шөптер
Кали-форния қалқан-шасы, гектар
Же-містің
шығыс жемірі, гектар
Ком-сток сы-мыры, гектар
Қауын шы-быны, гектар
Батыс гүл трипсі,
гектар
Жұпсыз жібек көбе-легі, гектар
Жеміс ағаш күйігі ауруы, гектар
Жатаған у кекіре, гектар
Арам сояу, гектар
1
Шымкент
-
-
-
-
-
0,05
-
-
0,5
2
Арыс
-
-
-
1007
-
-
-
2876
270
3
Түркістан
-
-
-
584
-
-
-
708
66
4
Кентау
-
-
-
-
-
-
-
70
30
5
Бәйдібек
-
-
-
15
-
-
-
2220
50
6
Қазғұрт
-
-
-
-
-
-
-
1144
210
7
Мақтарал
-
-
-
1230
-
-
-
80
5
8
Ордабасы
-
-
-
70
-
-
-
2413
76
9
Отырар
-
-
-
791
-
-
-
970
110
10
Сайрам
20
-
-
-
-
-
5,9
109
55
11
Сарыағаш
34,25
-
-
15
0,05
-
-
550
30,5
12
Төлеби
28
-
-
-
-
-
1
420
8
13
Түлкібас
65
240
60
-
-
-
-
322
24
14
Шардара
-
-
-
525
-
-
-
916
49
Барлығы:
147,25
240
60
4237
0,05
0,05
6,9
12798
1014
10 Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
«10» шілдедегі №182
қаулысына 2-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «Түлкібас және Ордабасы аудандарының аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының 2007 жылғы 19 қарашадағы №340 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1967 болып тіркелген, 2007 жылғы 5 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысы.
2
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының 2012 жылғы 27 сәуірдегі №137 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2075 болып тіркелген, 2012 жылғы 31 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысы.
3
3. «Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі №137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының 2015 жылғы 22 сәуірдегі №119 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3179 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысы.