Об образовании села и присвоении наименования в Маржанбулакском сельском округе Алгинского района Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании села и присвоении наименования в Маржанбулакском сельском округе Алгинского района Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінде ауыл құру және атау беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 223/183
- Қабылданған күні
- 30.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2017 113809_209121.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17C0005620
- ЭКБ идентификаторы
- 113809
- Редакция идентификаторы
- 113809_209121
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:37
0 Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінде ауыл құру және атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 3) және 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және Алға ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, облыстық онамастика комиссиясының 2017 жылғы 22 маусымдағы қорытындысының негізінде, Ақтөбе облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінде ауыл құрылсын және жаңадан құрылған ауылға Бастау атауы берілсін.
2
2. Алға ауданының әкімі жаңадан құрылған ауылдың шекарасын белгілесін, сондай-ақ «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» және «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп, жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін.
3 3. «Ақтөбе облысының статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
4 4. «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын Алға ауданының әкімшілік-аумақтың құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестікке келтірсін.
5 5. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6 6. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2017 жылғы 30 маусымдағы № 223/183
Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен
қаулысына және мәслихатының
шешіміне қосымша
Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің схемалық картасы