О внесении изменений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 22.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2020 113826_462546.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015394
- ЭКБ идентификаторы
- 113826
- Редакция идентификаторы
- 113826_462546
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:03
0 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_______________ Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
1 Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 15 маусымдағы
№ 354
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 22 мамырдағы
№ 207
бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 27 маусымдағы № 186-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы
30 маусымдағы № 405 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7088 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 қырқүйекте
№ 414-417 (26811) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:».
2
2. «Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы
13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5186 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер Жинағында № 7 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:».
3
3. «Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 146 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 20 маусымдағы
№ 161-НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4282 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 шілдедегі
№ 132 (938) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:».