Об утверждении Правил предоставления органами государственных доходов сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, судебным исполнителям
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил предоставления органами государственных доходов сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налоговую тайну, судебным исполнителям
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік кірістер органдарының сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 439
- Қабылданған күні
- 14.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2018 113851_357014.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G17E0000439
- ЭКБ идентификаторы
- 113851
- Редакция идентификаторы
- 113851_357014
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:29
0 Мемлекеттік кірістер органдарының сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі 557-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Әділет, Қаржы министрліктері осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарда орналастыруын қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қадағалайтын Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі және Әділет министірінің орынбасарына жүктелсiн.
5 5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
0 Мемлекеттік кірістер органдарының сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 31 шілдедегі № 957
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 14 шілдедегі № 489
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдарының сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қағидалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 557-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекетік кірістер органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай сот орындаушыларына салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.
2 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2 2. Сот орындаушылары мемлекеттік кірістер органдарына:
сот санкциясымен атқарушылық құжаттарды орындау кезінде;
сот санкциясынсыз заңды күшіне енген сот актілері негізінде жазып берілген атқарушылық құжаттар бойынша салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер беру туралы сұрау салулар жібереді.
3 3. Сот орындаушысы сұрау салуға атқарушылық құжаттың көшірмесін қоса береді:
1 1) сот актiлерi негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
2 2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;
3 3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттар мен төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актiлерi негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
4 4) төрелік шешiмдердi мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
5 5) соттардың қуынымды қамтамасыз ету туралы немесе қуынымды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары;
6 6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;
7 7) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары;
8 8) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;
9 9) атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары;
10 10) сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;
11 11) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы;
12 12) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;
13 13) атқарушылық жазба;
14 14) қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы сот қаулысы.
4 4. Заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде берілгендерді қоспағанда, атқарушылық құжаттар бойынша салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сот санкциясымен ұсынылады.
5 5. Сот орындаушыларының сұрау салуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш күндік мерзімнен аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарының орындауына жатады.
Сұрау салуға мемлекеттік сот орындаушысы немесе аумақтық бөлім басшысы – аға сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы қол қояды.
6 6. Сұрау салуға жауапқа уәкілетті органдардың бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға, аумақтық органдарда – басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
7 7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген ақпарат «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген грифі бар қағаз тасығышта не қорғалған байланыс арналары арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
3 3-тарау. Қорытынды ережелер
8 8. Мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды тұлғалар алынатын ақпараттың тек қана тікелей мақсаты бойынша және оны ұсынған тарап үшін залал тигізбей, үшінші тарапқа беру құқығынсыз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Осы Қағидалар шеңберінде алынған мәліметтер жария етуге жатпайды.