Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток субъектам торговой деятельности на территории Кызылкогинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли с автолавок и (или) палаток субъектам торговой деятельности на территории Кызылкогинского района
- Атауы (қаз.)
- Қызылқоға ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда)көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 09.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2020 113872_489582.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17TE003919
- ЭКБ идентификаторы
- 113872
- Редакция идентификаторы
- 113872_489582
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:51
0 Қызылқоға ауданының аумағында сауда
қызметі субъектілеріне автодүкендерде
және (немесе) шатырларда (павильондарда)
көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген
арнайы орындарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабына және 27 бабына және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11148 болып тіркелген) бұйрығының 50-1 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қызылқоға ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әжіғалиевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің
Атырау облыстық ішкі істер департаменті
мемлекеттік мекемесінің Қызылқоға
аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
А. Арыстанов
«9» маусым 2017 жыл
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің Қызылқоға аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Г. Әжіғалиева
«9» маусым 2017 жыл
4 Аудан әкімдігінің 2017 жылғы
«9» маусым № 125 қаулысына
қосымша
Қызылқоға ауданының аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындар
№
Арнайы бөлінген орындар
Бірліктер саны
Автокөлікпен
Сауда шатырынан
1
Миялы ауылы, М.Әуезов көшесі, Туберкулездік диспансердің қарсы беті
2
2
Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі, «Каспий» дүкенінің маңы
2
3
Миялы ауылы, Н.Шәутікенов көшесі, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің солтүстік жағы
3
4
Сағыз ауылы, С.Бейбарыс көшесі, «Хазырет» мешітінің маңы
5
5
Мұқыр ауылы, Б.Аманшин көшесінің бойы
3
0
6
Жангелдин ауылы, Д.Қоспаев көшесі, №20г
2
2
7
Жасқайрат ауылы, Қ.Қарасартова көшесі, №11а
2
2
8
Қоныстану ауылы, Қ.Жағалбаев көшесі, «Сәбитжан» азық-түлік дүкенінің батыс беті
1
1
9
Тасшағыл ауылы, Ж.Жабаев көшесі, №21
2
10
Қаракөл ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №2а
1
11
Қарабау ауылы, Қ.Есенбаев көшесі, №8а
1
1
12
Тайсойған ауылы, Ғ.Сланов көше бойы, мемлекеттік қызметшілерге салынатын екі үйліктің артқы беті
1