Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 378
- Қабылданған күні
- 14.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2017 113873_257678.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17TB003935
- ЭКБ идентификаторы
- 113873
- Редакция идентификаторы
- 113873_257678
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:29
0 Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 ұсынысы негізінде Құлсары қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Құлсары-Атырау тас жолы бойында орналасқан «Нұрлан» шаруа қожалығының аумағында құтыру ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жылыой аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (К.Тагамбаева) және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (Г.Ирбатырова) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының «Жылыой аудандық
орталық ауруханасы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігерінің
міндетін атқарушы К.Тагамбаева
«14» шілде 2017 жыл
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Қоғамдық
денсаулық сақтау комитеті Атырау
облысы Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Жылыой аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы Г. Ирбатырова
«14» шілде 2017 жыл