Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Ордабасинского района

Ереже · № 14/9 · қабылданған 30.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113913/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Ордабасинского района Қолданыста Ереже ·№ 14/9 ·30.06.2017
02.08.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Ордабасинского района

Қолданыста Ереже ·№ 14/9 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Ордабасинского района
Атауы (қаз.)
Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/9
Қабылданған күні
30.06.2017
Көрсетілген редакция
02.08.2024 113913_714161.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UH004169
ЭКБ идентификаторы
113913
Редакция идентификаторы
113913_714161
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:36

0 Ордабасы ауданының Құрмет

грамотасымен наградтау
туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса тіркелген Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ордабасы аудандық

мәслихатының 2017
жылғы 30 маусымдағы
№14/9 шешімімен
бекітілді
Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

1 1. Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жасалды.

2

2. Ордабасы ауданының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Ордабасы ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, аудан көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындауға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

3

3. Ордабасы аудандық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Ордабасы аудандық мәслихатының депутаттары, Ордабасы ауданының әкімі, Ордабасы ауданының аудандық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Ордабасы ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Ордабасы ауданының ауыл округтері әкімдері, Ордабасы ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.

4 4. Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың аудан алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.

5 5. Ордабасы аудандық мәслихатына келіп түскен ұсынымды алдын-ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Ордабасы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.

6 6. Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.

7 7. Грамотамен наградтау туралы шешім Ордабасы аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.

8 8. Мерейтойларға, басқа да салтанатты оқиғаларға байланысты ерекше реттерде Грамотамен наградтау туралы мәселені Ордабасы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиялары төрағаларының келісімімен Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасымен қаралуы және шешілуі мүмкін.

9 9. Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан халқына жеткізіледі.

10 10. Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.

11 11. Грамотаны Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы немесе ол уәкілдік берген тұлғалар Ордабасы аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Ордабасы ауданында өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етеді.

Қолданыстағы