О внесении изменений в некоторые решения маслихата города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения маслихата города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 172/21-VI
- Қабылданған күні
- 20.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2017 113975_236697.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17AAZ01121
- ЭКБ идентификаторы
- 113975
- Редакция идентификаторы
- 113975_236697
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:26
0 Астана қаласы мәслихатының
кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының «Астана қаласының құрметті азаматы атағын беру Ережесі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 254/36-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 826 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) және «Астана қаласының құрметті азаматы атағын беру Ережесі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 271/37-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 832 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы» деген сөздер және сандар «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі» деген сөздер және сандармен ауыстырылсын.