Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил приобретения на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу и (или) ее издания для распространения в государственные библиотеки и иные государственные организации, и установлении критериев ее отбора

Бұйрық · № 210 · қабылданған 18.07.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-113997/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении правил приобретения на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу и (или) ее издания для распространения в государственные библиотеки и иные государственные организации, и установлении критериев ее отбора Қолданыста Бұйрық ·№ 210 ·18.07.2017
19.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил приобретения на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу и (или) ее издания для распространения в государственные библиотеки и иные государственные организации, и установлении критериев ее отбора

Қолданыста Бұйрық ·№ 210 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил приобретения на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу и (или) ее издания для распространения в государственные библиотеки и иные государственные организации, и установлении критериев ее отбора
Атауы (қаз.)
Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
210
Қабылданған күні
18.07.2017
Көрсетілген редакция
19.03.2021 113997_515660.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015467
ЭКБ идентификаторы
113997
Редакция идентификаторы
113997_515660
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:27

0 Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларын бекіту және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілеу туралы

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидалары бекітілсін.

1-1 1-1. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу өлшемшарттары белгіленсін.

2

2. «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 373 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12641 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған).

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2017 жылғы 18 шілдедегі № 210
бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;

2 2) қоғамдық маңызы бар әдебиет – қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар.

2 2-тарау. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу тәртібі

3 3. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін бұрын шығарылмаған әдебиеттерге іріктеу (бұдан әрі – іріктеу) жүргізіледі.

4

4. Іріктеуге қатысу үшін автор (авторлар) не оның сенімхаты бойынша өкіл (бұдан әрі – автор) күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 1 мамырына дейін мәдениет саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімді жібереді. Өтінімге мынадай құжаттар мен материалдар қоса беріледі:

1 1) туынды авторының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, өтінімді автордың өкілі оның сенімхаты бойынша ұсынған жағдайда, туынды авторының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қосымша ұсынылады;

2 2) автордың өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат;

3

3) А4 форматындағы әдебиеттің электрондық нұсқасы, шет сызықтары: сол жақ шеті – 25 миллиметр, оң жақ шеті – 15 миллиметр, жоғарғы шеті – 20 миллиметр, төменгі шеті – 20 миллиметр, Times New Roman қарпімен басылған, № 14 мөлшері, «біржолдық» жоларалық интервалда және (немесе) PDF форматында фотоальбом, сурет-альбом, кітап-альбом және әдебиеттің барлық түрлерінде иллюстрациялар.
Әдебиеттің көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол: прозада – 40 000 белгіге, поэзияда – 700 өлең жолдарына тең. Фотоальбомның, сурет-альбомның және кітап-альбомның көлемі авторлық парақтарда өлшенеді, ол иллюстрациялық және бейнелеу материалдарының кескін ауданының 3000 шаршы сантиметріне тең.

5 5. Іріктеу келесі әдебиет түрлері бойынша жүргізіледі:

1 1) энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет;

2 2) балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет;

3 3) мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды);

4 4) көркем әдебиет;

5 5) танымдық әдебиет;

6 6) қоғамдық-саяси әдебиет;

7 7) ғылыми-көпшілік әдебиет;

8 8) аударма әдебиет;

9 9) мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет;

6 6. Әдебиеттің бір түрі бойынша автор біреуден артық емес шығарма жолдай алады.

7 7. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мен материалдар мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:

1 1) осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органға келіп түскенде;

2 2) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде;

3 3) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдар тізбесі толық болмаған жағдайда.

8 8. Уәкілетті органға келіп түскен әдебиет Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы) қарауына енгізіледі.

9 9. Ұсынылған әдебиетті күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін Сараптама комиссиясы оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ сатып алудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін қарайды.

10 10. Сараптама комиссиясының қарау қорытындысы бойынша әрбір әдебиет бойынша қорытынды дайындалады.

11

11. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында уәкілетті орган күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейін Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) қарауына енгізеді.

12 12. Ведомствоаралық комиссия күнтізбелік жылдың 25 қарашасына дейін уәкілетті орган ұсынған Сараптама комиссиясының қорытындыларын қарайды және қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды сатып алу бойынша шешім қабылдайды.

13 13. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін негіз болып табылады.

14 14. Сатып алынатын қоғамдық маңызы бар әдебиеттер тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсында Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналастырылады.

15 15. Әдебиет «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заң) 31-бабына сәйкес сатып алынады.

3 3-тарау. Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару тәртібі

16 16. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау жүзеге асырылады.

17

17. Автор немесе өзге құқық иеленуші өтінімді күнтізбелік жылдың 5 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына (бұдан әрі – Кітап палатасы) ұсынады. Өтінімге мынадай құжаттар мен материалдар қоса беріледі:

1

1) А4 форматындағы әдебиеттің және оның 2-3 парақтағы қысқаша мазмұнының электрондық нұсқасы, шет сызықтары: сол жақ шеті – 25 миллиметр, оң жақ шеті – 15 миллиметр, жоғарғы шеті – 20 миллиметр, төменгі шеті – 20 миллиметр, Times New Roman қарпімен басылған, № 14 мөлшері, «біржолдық» жоларалық интервалда және (немесе) PDF форматында фотоальбом, сурет-альбом, кітап-альбом;

2 2) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның 31-бабына сәйкес жасалған айрықша құқықтарды беру туралы нотариалды куәландырылған авторлық шарттың (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі;

3 3) автордың ұсынған туындысын уәкілетті органмен интернет-ресурсында орналастыруға жазбаша келісімі (авторлық шартта ондай келісім болмаған жағдайда);

4 4) өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған заңды тұлғамен айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт жасасуға автордың жазбаша келісімі.

18 18. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мен материалдар мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:

1 1) осы Қағидалардың 17-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органға келіп түскенде;

2 2) осы Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде;

3 3) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдар тізбесі толық болмаған жағдайда.

19

19. Кітап палатасы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде басып шығаруға келіп түскен қоғамдық маңызы бар әдебиеттің қысқаша мазмұнын алдын ала іріктеу жүргізу үшін күнтізбелік жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімге өзінің www.kitap-palatasy.kz интернет-ресурсында орналастырады.

20 20. Алдын ала іріктеу Кітап палатасының интернет-ресурсында пайдаланушылардың дауыс беруі жолымен жүргізіледі.

21 21. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін Кітап палатасы жанындағы Тәуелсіз комиссия пайдаланушылардың дауыстарын ескере отырып, қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдерді алдын ала іріктеу қорытындысын шығарады.

22

22. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдерді алдын ала іріктеу қорытындылары бойынша уәкілетті орган күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде алдын ала іріктелген әдебиеттің көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ басып шығарудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін Сараптама комиссиясының қарауына енгізеді.

23 23. Сараптама комиссиясының қарау қорытындысы бойынша әрбір әдебиет бойынша қорытынды дайындалады.

24 24. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиет ретінде басып шығару жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі.

25 25. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға негіз болып табылады.

26 26. Басып шығарылатын қоғамдық маңызы бар әдебиеттер тізімі Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

27 27. Басып шығарылған әдебиет азаматтық заңнамаға сәйкес шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлғалармен мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға жіберіледі.

1.1 Өтінім

Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге: ___________________________
(өтінімді қабылдайтын уәкілетті органның атауы)
кімнен: _________________________
(автордың немесе сенімхат негізіндегі өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны)
Өтінім
Белгілі бір мерзімге қоғамдық маңызы бар әдебиеттің мүліктік құқықтарын сатып алу үшін іріктеу мақсатында келесі туындыны қарауды сұраймын:
___________________________________________________________________.
(шығарма авторының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығарманың
атауы, әдебиет түрі; тілі; авторлық парақтардағы көлемі; қысқаша мазмұны)
Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларының 4-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттар мен материалдар тізбесі:

1 1.

2 2.

______________________________
(автордың немесе сенімхат негізіндегі өкілінің қолы)
Өтінім беру күні « »________ 20__ жыл

1.2 Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінім

Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларына
2-қосымша
Нысан
кімге: Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
кімнен: ________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы; тұрғылықты мекенжайы немесе заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға
өтінім
Басып шығару үшін келесі шығарманы қарастыруды сұраймын:
___________________________________________________________________.
(шығарма авторының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығарманың
атауы; әдебиет түрі; тілі; шартты баспа табақтағы көлемі; бояуы, қысқаша мазмұны)
Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларының 17-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттар мен материалдар тізбесі:

1 1.

2 2.

___________________________
(жеке тұлғаның қолы немесе Мөр орны (болған жағдайда)
заңды тұлғаның атауы)
Өтінім беру күні « »___________ 20___ жыл

2 Қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2017 жылғы 18 шілдедегі № 210
бұйрығына 2-қосымша
Қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу өлшемшарттары

1 1. Көркемдік құндылық;

2 2. Зияткерлік-білім беру және танымдық мазмұн;

3 3. Рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу;

4 4. Тарихи шынайылық;

5 5. Берілген тақырыпқа сәйкес келетін сапалы иллюстрациялық және бейнелеу материалдар (болған жағдайда);

6 6. Аударманың әдебиеттің түпнұсқасына сәйкестігі.

Қолданыстағы