Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Министра нефти и газа Республики Казахстан и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан

Бұйрық · № 265 · қабылданған 30.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-114002/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Министра нефти и газа Республики Казахстан и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 265 ·30.06.2017
24.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Министра нефти и газа Республики Казахстан и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 265 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые совместные приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Министра нефти и газа Республики Казахстан и Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
265
Қабылданған күні
30.06.2017
Көрсетілген редакция
24.02.2020 114002_447682.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015462
ЭКБ идентификаторы
114002
Редакция идентификаторы
114002_447682
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:38

0 Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің кейбір өзгерістер енгізілетін бірлескен бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ, «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің кейбір өзгерістер енгізілетін бірлескен бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы
№ бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің кейбір өзгерістер енгізілетін бірлескен бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 112-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің
2006 жылғы 10 мамырдағы № 148 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4244 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 16 маусымдағы № 109-110 (916) жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:».

2 2. «Электр - және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы

29 қарашадағы № 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 318 бірлескен бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4469 болып тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2007 жылғы
13 қаңтардағы № 2(315) жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:».

3

3. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 244 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 404-НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9054 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 6 тамыздағы № 151 (28375) жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:».

Қолданыстағы