О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 225/4
- Қабылданған күні
- 31.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2017 114045_215131.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005597
- ЭКБ идентификаторы
- 114045
- Редакция идентификаторы
- 114045_215131
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:17
0 Павлодар облысы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы «Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» № 264/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5232 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған);
2
2) Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы «Субсидияланатын тұқымдарды сатып алудың (пайдаланудың) нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» № 264/6 қаулысына толықтыру енгізу туралы» № 358/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5292 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 желтоқсанда «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған).
2 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.