Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования города Кентау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования города Кентау
- Атауы (қаз.)
- Кентау қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 24.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2019 114051_427401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17UC004184
- ЭКБ идентификаторы
- 114051
- Редакция идентификаторы
- 114051_427401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:25
0 Кентау қаласының пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған адамдарды
және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын
жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квоталар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3 3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4
4. Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы №60 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3999 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 1 сәуірдегі «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары
Б.Кнатовқа жүктелсiн.
6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Кентау қаласы әкімдігінің
24 шілдедегі 2017 жылғы
№207 қаулысына
1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Кентау қаласы ұйымдарының тізімі
№
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Кентау қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
504
1
2
2.
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Кентау қалалық емханасы» мемлекеттік комумуналдық қазыналық кәсіпорны
652
1
3
3.
Кентау қаласы әкімдігі тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Кентау-сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
357
1
1
4.
Кентау қаласы әкімдігі тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Ащысай Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
193
1
1
5.
«Ердес Наны» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
94
1
1
1800
8
8 Кентау қаласы әкімдігінің
24 шілдедегі 2017 жылғы
№207 қаулысына
2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Кентау қаласы ұйымдарының тізімі
№
Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Кентау қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
504
1
2
2.
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Кентау қалалық емханасы» мемлекеттік комумуналдық қазыналық кәсіпорны
652
1
2
3.
Кентау қаласы әкімдігі тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Кентау-сервис»"мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
357
1
1
1513
5
9 Кентау қаласы әкімдігінің
24 шілдедегі 2017 жылғы
№207 қаулысына
3-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Кентау қаласы ұйымдарының тізімі
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
(% жұмыскерлердің тізімдік саны)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1.
Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің «30 жыл Қазақстан атындағы №3 мектеп –лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
128
1
1
2
Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің «№10 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
122
1
1
3
Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің «Ә.Молдағұлова атындағы №19 политехникалық бағыттағы мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
117
1
1
4
Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің «Ә. Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесі
167
1
1
5
Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің «Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
138
1
1
6
Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасының «Кентау көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
142
1
1
7
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жансая» облыстық балалар туберкулезге қарсы шипажайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
132
1
1
946
7