О внесении изменений в административно-территориальное устройство Аягозского района Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство Аягозского района Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 172
- Қабылданған күні
- 03.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2017 114073_214834.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005166
- ЭКБ идентификаторы
- 114073
- Редакция идентификаторы
- 114073_214834
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:35
0 Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз ауданының
әкімшілік-аумақтық
құрылысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, «Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/65-VІ шешімінің және Аягөз аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 944 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) мынадай елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын: Тарлаулы ауылдық округінің Ақши ауылы, Сарыарқа ауылдық округінің Шұбартөс ауылы, Қопа ауылдық округінің Қарасу ауылы, Нарын ауылдық округінің Қараауыл және Төленді ауылдары, Бидайық ауылдық округінің Сатай және Шағрай ауылдары;
2 2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Тарлаулы ауылдық округінің Ақши ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Тарлаулы ауылдық округі Тарлаулы ауылының құрамына;
Сарыарқа ауылдық округінің Шұбартөс ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Сарыарқа ауылдық округі Сарыарқа ауылының құрамына;
Қопа ауылдық округінің Қарасу ауылы шекаралары өзгертіле отырып, Қопа ауылдық округі Қопа ауылының құрамына;
Нарын ауылдық округінің Қараауыл және Төленді ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Нарын ауылдық округі Нарын ауылының құрамына;
Бидайық ауылдық округінің Сатай және Шағрай ауылдары шекаралары өзгертіле отырып, Бидайық ауылдық округі Бидайық ауылының құрамына енгізілсін.